Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет144/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   198
Қатты  қыздыру  –  құрғақ  ыспен  өңдеу  –  1-2  сағаттай  180°с  тем-
пературада құрғақ ысыту шкафтарында жүргізіледі. мұндай әсер ету 
споргендік емес мезофильдер үшін ғана емес, бірқатар споргендік тер-
мофильдер үшін де жойқын болып табылады. ыстыққа төзімді металл 
заттарды  қатты  қыздыруға  болады.  ыстық  бумен  өңдеуді  артық 
қысымда автоклавтарда жүргізеді, бұл 100°с, әдетте, 115-120°с темпе-
ратурада  ылғалды  бу  алуға  мүмкіндік  береді.  автоклавтарда  маталы 
заттарды  өңдеуге  болады.  Дезинфекциялаудың  жылу  әдістерінің 
артықшылықтары  –  тағам  өнімдеріне  дезинфекциялаушы  химиялық 
заттардың түсу мүмкіндігін болдырмайды. негізгі кемшілігі – дезин-
фекцияланатын заттардыңжылулық бұзылуы.


250
 
 
                                                                                          
ультракүлгін  мен  рентгендік  сәулеленудің  бактерицидтік  әсері 
ақуыздар  мен  нуклеин  қышқылдарында  қайталамайтын  өзгерістерді 
тудыруында.  Қысқа  толқынды  сәулелену  –  спектрдің  көгілдір  және 
күлгін  бөлігі,  сондай-ақ  жойқын  болып  табылады.  толқынының 
ұзындығы  200-450  нм  қысқа  толқынды  сәулелену  алу  үшін  жоғары 
және  төмен  қысымды  сынапты-кварцты  шамдар  пайдаланылады. 
мұндай  шамдардың  қолданылуы  сәулеленуі  ауадағы  және  әртүрлі 
беткейлердегі  микроағзаларға  әсерін  тигізеді.  бактерицидтік 
шамдардың  екі:  ашық  және  жабық  типі  болады.  ашық  шам-
дар  дезинфекцияланатын  үй-жайда  адамдар  болмаған  кезде  ғана 
қосылады.  сәулеленудің  жиынтық  уақыты  6-8  сағат  болуға  тиіс. 
жабық  сәулелендіргіштерді  адамдар  бар  кезде  де  қолдануға  болады. 
Физикалық әдістерге ультрадыбыспен стерильдеу де жатады.
Дезинфекциялаудың  химиялық  әдістері  –  әртүрлі  беткейлердегі 
микроағзалардың жойылуын тудыратын әртүрлі заттарды пайдалану. 
Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарында  қолданылатын  дезинфек-
циялаушы құралдар  үш топқа бөлінеді: хлоры бар, төрттік аммонийлі 
қосылыстар мен ббз, оттегісі бар құралдар. Дезинфекциялаушы заттың 
негізгі  қасиеттерінің  бірі  оның  микроағзаларды  жылдам  (бірнеше 
минут) жою қабілеттілігі болып табылады,  дезинфекциялаушы заттар 
вегетативтік  жасушаларды  ғана  емес,  споралардыда  жойып,  тұрақты 
формалардың пайда болуын тудырмайды. Хлоры бар дезинфекцияла-
ушы құралдар: хлорлы әк,  натрий мен калий гипохлориттері, а және б 
хлораминдері мен басқалары. Олардың әрекет етуі осы қосылыстардың 
диссоциациясы  кезінде  түзілетін  гипохлорит  ионы  арқылы  белсенді 
хлор  мен  оттегінің  бөлінуіне  негізделген.  Органикалық  емес  хлоры 
бар  заттардың  кемшіліктері:  хлордың  қатты  иісі,  тұрақтылығының 
нашарлығы,  жарықта  тез  бұзылуы,  металдарға  тот  басу  әрекет  етуі, 
жабындар мен материалдардың түсінің кетуі. Органикалық хлоры бар 
заттар  қолдану  ыңғайлырақ,    жабындар  мен  материалдардың  түсін 
кетірмейді,  құрғақ  күйінде  өзінің  қасиеттерін  жоғалтпай,  үш  жылға 
дейін сақталады. 
Органикалық  хлоры  бар  дезинфекциялаушы  құралдарға    хлордың 
иісі  бар  ақ  ұнтақ,  суда  жақсы  еритін,  24-28%  белсенді  хлор  –  хлора-
мин жатады. әдетте, ол тура қолданар алдында дайындалатын 0,5-2% 
қоспалы ерітінді түрінде пайдаланылады.
заласыздандырушы  іс-шаралардан  кейін  залалсыздандырушы 
заттар  залалсыздандырылған    барлық  өндірістік  нысандардан  жуу 
арқылы тиянақты тазартылуға тиіс. тағам өндірістерінде мемлекеттік 


251
эпидемиологиялық  қызмет  органдары  мен  мекемелері  рұқсат  еткен 
дезнифекциялаушы  құралдар  және  олар  қоса  берілетін  ережелерге 
сәйкес  қатаң  қолданылып,  дайындаушының  ыдысында  арнайы  орын-
дарда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет