Абжанова сокращенная indd


ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ, ТАҒАМДЫҚ УЛАНУЛАР МЕН



Pdf көрінісі
бет147/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   198
ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ, ТАҒАМДЫҚ УЛАНУЛАР МЕН 
ГЕЛЬМИНТОЗДАР
Ішек инфекция аурулары және олардың профилактикасы
адам ағзасына ауру тудырушы (патогенді) микроағзалардың түсуі 
«инфекция»  деп  аталады.  инфекциялық  аурулар  ауру  ағзалардан  сау 
ағзаларға беріле алады.
инфекциялық аурулардың берілу мүмкіндігі бір-біріне байланысты 
үш  факторға  тәуелді:  1)  инфекцияның  шығу  көзі  (яғни  қоздырушы-
микроағза);  2)  инфекциялық  аурулар  қоздырушылардың  берілуі 
механизмі; 3) адамның шалдыққыштығы.
аталған  тізбек  инфекциялық  ауруларды  жұқтырудың  жаңа 
жағдайларының тууына әкеліп соғады.
көптеген  аурулардағы  инфекциялар  көзі  ағзасынан  қоздырушы 
қандай да бір физиологиялық (дем шығару, зәр шығару, нәжіс шығару) 
немесе патологиялық (жөтел, құсу) жолмен шығарылатын науқас адам 
немесе ауырған жануар болып табылады. ауру ағзадан қоздырғыштың 
шығу  жолы  оның  ондағы  орналасу  орнымен  тығыз  байланысты. 
мысалы,  ішек  аурулары  кезінде,  қоздырғыш  ағзадан  нәжіс  арқылы 
шығады;  тыныс  жолдары  қабынған  кезде  қоздырғыш  ағзадан  жөтел 
немесе  түшкіру  кезінде  шығады;  қоздырғыш  қанда  болса,  ол  басқа 
ағзаға қан соратын  жәндіктер тістегенде түседі.
аурудың 
әртүрлі 
кезеңдерінде 
қоздырғыштардың 
шығу 
қарқындылығы  әртүрлі  болады.  кейбір  ауруларда  қоздырғыштар  


254
 
 
                                                                                          
инкубациялық кезеңнің соңына қарай шыға бастайды (адам ауыратын 
қызылша, жануарлардың құтыруы мен басқалары). мұндай ауруларда, 
мысалы, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, дифтерия, қоздырғыштар 
ағзадан  жазылу кезінде де қарқынды түрде шыға алады. 
жазылудан  кейінгі  инфекция  көзі  болып  қала  беретін  адамдарды 
бактерия  тасығыштар  деп  атайды.  сонымен  қатар  сау  «бактерия 
тасығыштар» болады – олар ауырмаған немесе аурудың жеңіл түрімен 
ауырған, бірақ қоздырғыштар тасығыштары болған адамдар. 
бактерия  тасығыштықтың  ауыр  түрі,  ішек  сүзегі  сияқты,  2-3 
ай  созылады  және  созылмалы  түрі  болады,  ол  кезде  ауырған  адам 
ондаған  жылдар  бойына  қоздырғышты  сыртқы  ортаға  шығарады. 
инфекциялық  аурулар  қоздырғыштарының  сыртқа  шығаруы  үнемі 
болып тұруы мүмкін, бірақ әдетте, мерзімді болады. әдетте, бактерия 
тасығыштар,  сондай-ақ  дәрігерге  жүгінбейтін  мөлшерден  ауытқушы, 
жеңіл  түрлерімен  ауыратын  науқастар  эпидемиологиялық  қауіп 
төндіреді.  әсіресе  тұмау  мен  дизентериямен  ауыратын  науқастар 
қауіпті.  Қоздырушы  ауру  ағзадан  сыртқы  ортаға  шыққаннан  кейін 
өлуі немесе басқа адамға түспегенше онда ұзақ уақыт бойы сақталуы 
мүмкін.  Қоздырғыштың  ауру  адамнан  сау  адамға  жаралу  тізбегінде 
болу  мерзімі  мен  қоздырғыштың  сыртқы  ортада  тіршілік  етуі 
қабілеттілігінің  маңызы  көп.  Дәл  осы  кезеңде  ауру  қоздырғыштары– 
микроағзалар  –  оларға  әсер  етуге  қол  жетімді,  олар  оңай  жойыла 
алады.  Оларға  көбінесе  күн  сәулесі,  жарық,  кептіру  жойқын  әсер 
етеді.  сыртқы  ортада  бірнеше  минуттың  ішінде  тұмау,  эпидемиялық 
менингит,  соз  ауруының  (гонорея)  қоздырғыштары  өте  тез  өледі. 
басқа  микроағзалар,  керісінше,  сыртқы  ортада  ұзақ  тіршілік  етуге 
бейімделген.  Осылайша,  мысалы,  спора  түріндегі  сібір  күйдіргісінің, 
сіреспе,  ботулизм  қоздырғыштары  топырақта  жылдар,  тіпті  ондаған 
жылдар  бойы  сақтала  алады.  туберкулез  микробактериялары 
құрғақ  ортада  (шаңда,  қақырықта  және  т.б.)  апталап  сақталады. 
тағам  өнімдерінде,  мысалы,  етте,  сүтте,  әртүрлі  кремдерде  көптеген 
инфекциялық  аурулар  қоздырғыштары    ұзақ  уақыт  бойы  сақталып, 
тіпті  көбейе  алады.  Қоздырғыштардың  сыртқы  ортада  тұрақтылық 
деңгейі эпидемиологияда, соның ішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар  
кешенін таңдау мен әзірлеуде үлкен маңызы бар. 
Қоздырғыштарды  беруге  қатысатын  су,  ауа,  тағам  өнімдері  мен 
сыртқы  ортаның  басқа  заттары  жұқпалы  ауру  факторлары  деп  ата-
лады.  инфекциялық  аурулар  келесі  механизмдері  бар:  қоздырғыш  
инфекция  көзі  сау  ағзамен    тікелей    жанасқанда  беріледі  (тістеп  алу 


255
немесе  адамға  құтырған  жануардың  сілекейінің    жабысуы,  жыныс 
жолдары  арқылы  венерологиялық    ауруларды  және  т.б.)  және  тікелей 
емес жанасуда инфекция үй және өндірістік шаруашылықтағы заттар 
(мысалы,  сібір  күйдіргісімен  үлбір  жаға  арқылы  жұқтыруға  болады) 
арқылы беріледі. 
әртүрлі  жуынды-шайындылар  мен  қоқыстарға  отырып,  шыбын-
дар  табандарын  ластайды  және    ішек  түтігіне  ауру  тудырушы  бак-
терияларды  сорып  алады,  ал  содан  кейін  оларды  тасып,  тағам 
өнімдері мен ыдыс-аяққа шығарады. Шыбын денесінің бетіндегі және 
ішегіндегі  микробтар  2-3  күн  бойы  тіршілік  ете  алады.  сондықтан  
жалпыға  бірдей  гигиеналық  іс-шара  ғана  емес,  сонымен  қатар  ішек 
инфекциялық ауруларының алдын алу мақсатын көздейді.
жұқтырудың  ауа-тамшылы  немесе  аэрогенді  механизмі  тыныс 
алу  жолдарының  ауруларында  (қызылша,  көкжөтел,    эпидемиялық 
менингит, тұмау, табиғи шешек, өкпе, обасы, дифтерия, қызамық пен 
т.б.)  көбірек  кездеседі.  аталған  аурулардың  қоздырғыштары  көбіне 
шырыш  тамшылары  (тамшылы  инфекция)  арқылы  беріледі.  мұндай 
жолмен  берілетін  қоздырғыштар,  әдетте,    сыртқы  ортаға  шыдамсыз 
және  тез  өледі.  кейбір  микробтар  сонымен  бірге  шаңмен  шаң  инфек-
циясы  арқылы  беріле  алады.  берілудің  бұл  жолы  қоздырғыштары 
кептіруге тұрақты (бұларға сібір күйдіргісі, туляремия, туберкулез бен 
т.б. жатады) инфекциялық аурулар кезінде ғана мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет