262
көбеюін тоқтатып, сол мезетте салқындатылған еттің бұзылуын
болдыратын негізгі қоздырғыштар болып табылатын, негізінен,
Pseudomonas түрінің спорасыз бактериялары болып табылатын психо-
трофты микроағзалар мен Flavobacterium, Micrococcus, Acinetobacter
түрінің суыққа төзімді түрлері дами бастайды.
салқындатылған еттің бұзылуының көп тараған түрі шырыш-
тану болып табылады. бұл ақау себепшісі – Pseudomonas түрінің бак-
териялары мен микрококктар. Шырыштану дегеніміз еттің бетінде
қою сұр түсті шырыштың жабысқақ қабатының түзілуі болып табы-
лады. сонымен бірге еттің тағы бір бұзылу түрі еттің ашуы немесе
қышқылды ашуы, бұл кезде ет борпылданып, кесілген жерлерінде
жасыл-сұр түс пен жағымсыз қышқыл иіс пайда болады. бұл үдерісті
Clostridium putrifacies анаэробты бактериялар, сүт қышқылды бакте-
риялар, кейбір жағдайларда ашытқылар тудырады. еттің бұзылуының
бұл түрі малды сойған кезде нашар қансыздандыру салдарынан немесе
сойылған малдың етін ұзақ уақыт салқындатпаған жағдайда пайда
болады. сондай-ақ еттің бұзылуының осындай түрлері де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: