Абжанова сокращенная indd


Ұтымды тамақтану теориясы



Pdf көрінісі
бет72/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Ұтымды тамақтану теориясы
Ұтымды  тамақтану  теориясын  жасау  кезінде  академик 
а.м.уголевтің қосқан үлесі зор болды.Ұтымды тамақтану теориясының 
негіздері  іс  жүзінде  іске  асыруда  ұтымды  тамақтану  заңдары  болып 
табылады:
1.  тамақпен бірге келетін қуаттың (энергетикалық құндылық) және 
ағзаның  оның  барлық  тіршілік  қызметтеріне  жұмсалатын  қуат 
шығыны арасындағы тепе-теңдікті сақтау.
2.  аталған  адам  немесе  халықтың  аталған  тобының  қажеттілік-
теріне  сәйкес  тамақтың  жекелеген  қосылыстарының  оңтайлы 
арақатынасы. 
3.  тамақта таптырмайтын тағамдық заттардың болуы.
4.  тамақта қорғаушы компоненттердің болуы.
5.  тамақты  қорыту  мен  сіңіруге  септігін  тигізетін  тамақтың 
органолептикалық қасиеттерін қамтамасыз ету.
6.  зиянды  заттарды  алып  тастауға  көмектесетін  және  тағамдық 
пен  биологиялық  құндылықтың  кемуін,  сондай-ақ  тамақта  улы 
заттардың түзілуін тудырмауға септігін тигізетін технологиялық 
өңдеудің ұтымды әдістерін қолдану.
7.  тамақты  тәулік  ішінде  биоырғақ,  еңбек  пен  өзге  қызмет 
түрлерінің  режимі  мен  сипатына  сәйкес  үлестіру.  тамақтану 
режимінің  негізіне  келесі  қағидалар:  тамақтану  жүйелілігі, 
тәулік  ішінде  бөліп  тамақтану,  әр  тамақтану  кезінде  өнімдерді 
ұтымды  таңдау  қағидасының  сақталуы,  тамақты  күні  бойы 
ақылмен үйлестіру жатады.
8.  ағзаның  жасына  қарай  қажеттіліктері  мен  рационның  қажетті 
профилактикалық  бағыттылығымен  қимылдау  белсенділігін 
ескеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет