128
тегін таңғы ас алатын адамдарға дәрумендер таңғы аспен бірге
беріледі, ал тек дәрумен алатындарға оларды асханаларда беруді
ұйымдастыру қажет. бұл ретте келесі ережелер сақталуға тиіс:
1. с, B1 және РР дәрумендерін кристалл түрде қолданылады, себебі
драже мен таблеткаларды пайдалану олардың құнын арттырып,
оларды жұмысшылардың тұтынуын бақылауды қиындатады.
2. Дәрумендерді ыстық тамаққа қосатын сулы ерітіндіде берген
жөн. Дәрумендер ерітіндісі шай қасығымен (4 мл) күнделікті
дәрумендердің бірінің немесе барлығын қоса алғандағы қажетті
мөлшері алынатындай дайындалады.
3. Дәрумендер порциясын дайындау асханада дәрігер немесе
медбикенің бақылауымен жүргізілуге тиіс. белгілі бір мөлшерде
дәрумендері бар ұнтақтар ыстық суда тек қажет болғанда ғана
ерітіледі, себебі мұндай ерітіндіні бірнеше сағат сақтау кезінде с
дәрумені бұзылады
4. егер емдік-профилактикалық тамақтану ыстық таңғы астар
түрінде ұсынылса, онда дәрумен ерітіндісі шай немесе ко-
феге қосылып беріледі. ал тек дәрумендер ғана берілетін
жағдайларда, олардың ерітіндісі (1 шай қасығы) сорпалар неме-
се тәтті тағамдарға қосылады. а дәрумені майда ерітіледі, ал ол
адам басына 2 мг (немесе 6600 ме) есебінен ыстық тағамдардың
гарнирлерінің бетіне құйылды. Цехтарда асханалары жоқ, бірақ
жалпы зауыттық асханасы бар зауыттарда а дәрумені ыстық
цехтарда жұмыс істеушілердің саны бойынша жеке өлшенген
май мөлшері немесе гарнирде ерітіледі. жекелеген жағдайларда
дәрумендерді таблеткалар мен дражелер түрінде беруге рұқсат
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: