26
жүйесіне жеткізеді. ас қорыту жолының қабырғаларында жүйке
клеткалары топтанып тұрады. бұл нерв клеткалары өз бетінше ас
қорыту жолдарының
функциясын реттеп отырады, себебі ас қорыту
органдарының байланыс кез келген уақытта Ожж органдарына жете
бермейді.
ас қорыту жүйесінің
функциясын реттеп отыруда ішек-қарын
жолы қабырғаларында түзілген гормондар – ішек гормондары
маңызды рөл атқарады. ішек гормондар жүйке жүйесімен бірігіп,
сыртқы және ішкі орталардан түскен байланыс ас қорыту процесінің
икемделуін қамтамасыз етеді. ас қорыту жүйесінің бастапқы бөлімі –
ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады, одан тамақ өңешке, содан соң
барып асқазанға түседі. асқазан асішекпен жалғасқан. Оған ұйқы
безінен сөлі және бауыр мен өт іркілетін қалтадан өт келіп түседі.
3-сурет. Ас қорыту жүйесінің көрінісі
аш ішектің басқа бөлімдерінде тағамдық заттардың қорытылатын
қосылыстарға айналу процессі бітеді. Қорытылған заттар қанға немесе
лимфаға сіңіріледі. Қорытылмай қалған заттар немесе қорытылып
үлгермеген заттар, тоқ ішекке өтеді де терең өзгерістерге ұшырайды.
бұл өзгеріс микроорганизмдердің ферменттерінің қатысуымен әр-
түрлі улы заттардың түзілуімен жүреді. егер адамның организмі, дені
сау болса бұл заттар ішкі ортаға мүлдем түспейді, ал сыртқа тік ішек
арқылы шығарылады. ішек-қарын жолынан өтетін қан бауырға түседі,
мұнда ұсақ капиллярлар арқылы бауырдың әр клеткасына түседі. бау-
ырда ішек-қарын жолында сіңірілген барлық заттар «биохимиялық
зерттеуден» өтеді. моносахаридтердің артық мөлшері гликоген
түрінде бауырда қалады, улы заттарды залалсыздандырады. Яғни,
27
бауырдан өтетін қанның құрамы оған ішек-қарын жолынан түсетін
қанның құрамынан өзгеше болады.
ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің функциясы және
құрылысы. ауыз қуысының органдарына: тіл, тістер, сілекей бездері
жатады. бұл бөлімнің функциясын атқаруға бет бұлшық еттері де
қатысады. ауыз қуысында дәм сезу, тамақтың консистенциясын, тем-
пературасын анықтау және тамақтың қорытылуына дайындық жаса-
лады. крахмалдың гидролизі де ауыз қуысында басталады.
тіл – дәм сезу органы, тамақты шайнауға, араластыруға қатысады,
сілекейлі түйін түзеді де, жұтқыншаққа өткізеді. Ол сөйлеу органы
да болып табылады. тілдің ұшы, денесі және тамыры болады. тәтті
мен тұздалған зат тілдің ұшымен, ащы тағам тамырымен, қышқыл
зат ортаңғы, шеткі және төменгі жақтарымен сезіледі. тілдің рецеп-
торларынан түскен хабар орталық жүйке жүйесіне жетеді, содан
соң ас қорыту сөлінің түзілуі артады және органдар мен жүйелердің
жұмысына әсер етеді.
4-сурет. Адамның ішкі құрылысының көрінісі
28
тістер. Қатты ұлпалардан тұрады. Оларға фтор, гидроксиапатит,
кристалдар қаттылық береді. әр тіс тәж, мойыннан және түбірден
тұрады. тіс түбірі жаққа байланыстырғыш ұлпалармен бекітілген.
тістің негізгі ұлпасы дентин болып табылады. тістің ортасында
жіңішке қуыс бар, онда целлюлоза орналасқан. ауыз қуысында 32 тіс,
әр жақта 16 тістен болады.
сілекей бездері. ауыз қуысында үш жұп үлкен без орналасқан:
құлақ маңы, тіл асты, жақ асты бездері және де көптеген ұсақ бездер
орналасқан. бұл бездер ауыз қуысына сілекей бөліп шығарады.
Ас қорыту үдерісін реттеу. Орталық жүйке жүйесінде
тағамдық
орталық орналасқан ол бас және арқа миының анық аймақтарынан
тұрады. гипоталамуста бір топ тор орналасқан, олар аштыққа, тәбетке,
және басқа да кебуге байланысты.
Аштық қанда глюкозаның аз болуына, асқазанның қабырғаларының
қысқаруына байланысты. тәбет шартты тітіркендіргіш әсерінен туады.
тағамды қабылдау үдерісінде ауыз шаю рецепторынан, содан кейін ас
қорыту жолы тою орталығына белгі кеп түседі, ол ашығу орталығын
тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: