Билеуші партиялар –қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билік –1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы –демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.
Бипатридтер –бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Бихевиоризм –жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар –ХIХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынадай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істеуі керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.с.с.
Бүлік –бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет.
Бюрократ –1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
-В- Вето –тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Волюнтаризм –саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Вотум -өкіметке я оның кейбір мүшелеріне(министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.