Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет6/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Демократиялық партиялар –басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Деполитизация –белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық..
Депортация –жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Деспотизм –1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.
Деспотия –шексіз және дара билеудің бір түрі.
Децентрализация –орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.
Диктатор –заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Диктатура –қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиелініскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
Дискриминация –нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу.
Диссидент –үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.
Догматизм –нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
Доктрина –саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім.
-Е-
Еуропарламент –еуропалық бірлестіктің 25 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Ол 5 жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет