Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет8/21
Дата12.09.2022
өлшемі54,35 Kb.
#38866
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Жеке басқа табынушылық –саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды.
Жекешелендіру –мемлекеттік меншікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
-З-
Заң шығарушы билік –заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент.
-И-
Идеал –саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты.
Идентификация –жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиетке З.Фрейд енгізді.
Идеология –белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Иерархия –төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.
Импичмент –жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Институализация –саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интеграция –мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті.
-К-
Келісім –мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.
Коалиция –1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.
Консерватизм –1) тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі; 2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет