Адам ақпаратпен не істейді?
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.Біз кітап , газет-журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз.
Екіншіден, біз ақпаратты жеткізе аламыз. Адам ақпаратты сөйлескенде, теледидардан хабар көргенде, кітап оқығанда жеткізеді. Хабар жеткізуге арналған құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды.
Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады. Ақпарат өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алған ақпаратты бір ретке келтіруді, және жаңа ақпарат іздестіріп, оны толықтыруды айтады. Сонымен, адам ақпаратты сақтай алады , өңдейді және жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс деп атайды.
Адам ақпаратты қалай қабылдай алады?
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп екіге бөлуге болады.
Бейнелік ақпарат деп–табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс сезу мүшелері арқылы алынатын ақпаратты айтады.
Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдер жатады.
Жасанды немесе формальді тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.
Әр тілдің өзінің алфавиті, яғни символдар жиыны бар, бұл осы тілідің таңбалары.
Сигнал-дегеніміз, оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс.
Сигнал-ақпарат тасушы. Ақпарат жіберу дегеніміз-сигналдар тізбегін жеткізу.
Сигналдар аналогты және дискретті болып бөлінеді.
1 Кбайт=1024 байт=1000 байт
1 Мбайт=1024 Кбайт=1 миллион байт
Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау.
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.
Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.
Мысалы, мектепте оқитын балалар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 967, 1707, 3С7, 1111000111 сияқты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавитті де ондық, сегіздік, он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодтау) түріне байланысты болады.
Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу-декодирование) процесімен тікелей байланысты.
Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін — екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.
Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған ескілік телеграфтың көмегімен ақпарат жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отырып. Жалғасу жерін қосқанда (ұштастырғанда(, қабылдаушының қағазында ұзындығы түйісү уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын, сонда сәйкес нүктелер мен сызықшалар шығатын. Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе әліппесі пайдаланылған.000000000000
Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит ден атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0 немесе 1) бит деп атаймыз. Барлық біз қабылдап жатқан ақпаратымыз осы кодтармен енгізіледі.
0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкіндік береді., олар: 00, 01, 10, 11, бұл өте аз. Тек орыс тілдінің сөздерін кодау үшін кемінде 33 символ қажет. Кез-келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін, кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символдарды кодтау үшін, 8 биттен тұратын тіркестерді қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтғын кодталу кестесі деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |