Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


Еңбек ұжымын басқарудағы басшылардың негізгі ұстанымдарының өзара байланысын табыңыз



бет16/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Еңбек ұжымын басқарудағы басшылардың негізгі ұстанымдарының өзара байланысын табыңыз. Басшыны бірнеше сипатта қарастыруға болады. Мәселен, кейбір басшылар қол астыңдағыларға барлық жұмысты тапсырып қойып, тек нәтижесін күтеді. Ал өзге басшы жұмыстың барлық сатысына бақылау жүргізіп, қызметкерлерін тексерумен болады. Кейбір басшылардың бойында нағыз жетекшіге тән қасиеттер мүлдем болмайды. Осының салдарынан қызметкерлерінің де қиындықтар мен түсінбеушіліктерге тап болуы жиілейді. Сонымен, білікті басшы дегеніміз кім? Шынайы басшы болу оңай жұмыс емес. Басшының міндеттерінің қатарына қарамағындағылардың әл-ауқатының тұрақты дамып отыруына жағдай жасау жатады. Бұл өз кезегінде ұжым алдына қойылған мақсаттардың уақытылы және сапалы жүзеге асуына жәрдемдеседі. Ұйымның алдында қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін басшы нақты жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы тиіс. Сіз өзіңіздің басшыңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? Не болмаса, сіз қандай басшысыз? Бұл сауалдардың шешімін анықтау қажет. Себебі, еңбек ұжымындағы психологиялық әл-ахуал басшыға тікелей байланысты болып табылады. Бірінші кезекте ол өзіне ғана тән ерекше дарынға ие тұлға ретінде нақты құрметке ие болу білуі тиіс. Ұйым басшысының өз күшіне деген сенімділігі ұжымды басқаруда жақсы рөл ойнайды. Ұжым басшының әр бағдарын бағады, оның қойған міндеттерін шешуге болатындығына сенімді болады және нақты нәтижеге қолжеткізуді қалайды. Басшының тағы бір басты қасиеті - өз көңіл-күйін бақылау, күрделі жағдайларда сабырлы және нық бола білу. Өзің-өзі ұстай алмайтын басшы ұжымда беделге ие болуы екіталай. Кез-келген мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тың ойлар мен идеяларды ойлау қабілеті басшының мәртебесін арттыра түсетіндігі хақ. Қызметкерлер басшысының ақылды да білікті маман екендігіне көз жеткізу арқылы сенетін болады. Барлық міндетті қызметкерлерге артып қойып, сонымен қатар бастапқы бағдарды ұсынбастан нақты нәтиже күтуге болмайды. Бұл өз кезегінде көптеген түсінбеушіліктерге алып келеді. Жұмыстың өнімділігіне және ақырғы нәтижесіне кері әсер етеді.Сонымен қатар, басшының басты қасиеттеріне қуаттылығы, қауіптерге бойұсына білуі және жасампаздығы жатады. Өз уәделерін орындау, сенімділік пен жауапкершілік - басшыны тек жақсы жақтан сипаттайтын қасиеттер. Қызметкерлер басшыларының өздігінен және тәуелсіз шешім қабылдайтынын көрулері тиіс. Білікті басшы нағыз көшбасшылық қасиеттерін талап етеді. Сіз басшы ретінде ұйымның қызметіне жеке өзіңіз жауапты екендігіңізді түсінуіңіз тиіс. Барлық жағдайда қызметкерлерді кінәлауға болмайды. Әрине, жеке бір жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл орайда басшы ретінде ұйымға және қызметкерлерге тиімді шешім қабылдайсыз. Бірбеткейлік пен талпыныс, қойылған мақсаттарға қолжеткізуге негізделген сенім басшының бойынан табылуы тиіс қасиеттердің бірегейі болып табылады. Дегенмен, бірбеткейлікті қырсықтықпен шатастырып алмаңыз. Бұл сіздің беделіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Сіз ресми және ұжым арасында қарым-қатынасты тез арада ұйымдастыра алатын, тез тіл табысуға икемді жан болсаңыз, бұл ұйымның жұмысына өзіндік үлес қосады. Қызметкерлеріңіздің еңбегін лайықты түрде бағалай алу арқылы оларды ынталандырып отыру қажет. Сонымен қатар, сіз ұжым арасындағы қарама-қайшылықтарға жол беріп, кері қылықты қызметкерлерді өзіңізге жақындатпауыңыз тиіс. Олардың сөзіне сеніп, басқа қызметкер жайында ой түюге болмайды. Тек өзіңіздің көздеріңізге сеніңіз және әр маманның нақты жұмысына баға беріңіз. Осылайша ұжым арасындағы беделіңіз бен мәртебеңіз аса түседі, ұйымның тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет