Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


Жұмысқа қабілеттілікті арттыру талаптарына баға беріңіз



бет19/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Жұмысқа қабілеттілікті арттыру талаптарына баға беріңіз. Адамның күшін толықтыру үшін адамға ұзақ демалыстың 3 түрі қажет: 1. Жұмыстан кейінгі демалыс. Бәрінен бұрын ұйқы қажет (7-8 сағат). Ұйқының дұрыс болмауы басқа демалыс түрлерімен өтелмейді. Ұйқыдан бөлек жұмыстан тыс уақытта, спортпен белсенді айналысу қажет. 2. Демалыс күні. Бұл күні адам рахаттанатын істермен айналысуы қажет. Рахаттану физиқалық және психологиялық ағзаның шаршауын басады. Бұндай істер жоспарланбаса рахаттану санасыз түрде жүзеге асады: ішімдік, шектен тыс тамақтану, көршілермен ұрыс, т.б. 3. Ұзақ уақытты демалыс. Оның мерзімі басшылықпен бекітіледі, бірақ жұмысшы жоспарлайды. Басшы демалысты ұйымдастыруға кеңес беру немесе санаторий – курортты емделуге жолдама алуға көмектеседі. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру үшін қосымша релаксация (демалыс), аутогенді дайындық, медитация, психологиялық тренинг сияқты әдістер қолданылады. Релаксация .Шаршауға байланысты барлық мәселені демалыстың әртүрлігімен шешу мүмкін емес. Ол үшін жұмысты және жұмысшының жұмыс орнын ұйымдастыру маңызды болып саналады. В. П. Зинченко және В. М. Мунипов жұмыс орнын ұйымдастыруда келесі талаптар маңызды деп есептейді: - жұмысшыға барлық қозғалысына және орын ауыстыруына кең ауқымды орын бөлу; - оперативті тапсырма орындауда табиғи және қолдан жасалған жарықтандыруды ұйымдастыру; - акустикалық шудың, вибрацияның және өндіріс ортасының басқа факторларын ұйымдастыру; - қауіптілікті көрсетіп тұратын белгілер мен инструкцияларды орнату; - авариялы жағдайда жөндеуді ұйымдастырудың тездігін, экономикалық, техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру. Б. Ф. Ломов еңбектің дұрыс жүруіне тиімді мынадай шарттарды қарастырады: 1. Жұмыс жүйесінің жоғары деңгейде жүруі (қозғалыс,сезіну), мысалы ажыратудың нақтылығы немесе әрекеттің жоғары жылдамдығы,т.б. 2. Жұмысқа қабілеттілік жүйесінің ұзақ уақыт сақталуы, яғни шыдамдылық. Соған орай жұмыс істеудің жоғары қарқындылығы. Мысалы, жұмысшыға ақпарат берілген жағдайда оның жұмыс қарқыны төмен болса, ол ақпаратты сақтауда ұзақ уақытқа жетпейді 3. Жұмыстың тиімді шарттарына жұмыстың қысқа уақытта істелінуі жатады, яғни адамның тыныштық жүйесінің жоғары жұмысқа қабілеттілік жүйесінің қосылуы. 4. Жұмыс істеудің тұрақтылығы, яғни жұмыс жүйесінің нәтиже нұсқаларының аздығы. 5. Ішкі әсерлерге адамның жұмыс жүйесінің әрекетінің сәйкес келуі. Егер жүйеге тиісті шарт тиімсіз болса, онда әрекеттің әсерлерге байланысы болмауы мүмкін. 6. Тиімді шарттарда жүйе жұмысы компоненттерінде келісушіліктің жоғарылауы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет