Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз. Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару»


Т.Е.Резник және Ю.М.Резник бөліп көрсеткен үш негізгі өмірлік стратегияны талқылаңыз



бет30/39
Дата25.05.2023
өлшемі147,4 Kb.
#96912
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Т.Е.Резник және Ю.М.Резник бөліп көрсеткен үш негізгі өмірлік стратегияны талқылаңыз. Өмірлік стратегия – адамның бағыты мен басымдылығы арқылы адамның идеалды өмір үлгісін құру болып саналады. Өмірлік стратегия тұлғаның бағыттылығының ерекше классына жатады. Оны белсенділік сипаттамасымен анықтайды. Т. Е. Резник және Ю. М. Резник үш негізгі өмірлік стратегияны бөліп көрсетеді. 1. Өмірдің амандық стратегиясы. Оған кіреді: Перцептивті бағыттаушылық: жайлылық пен игілікке, тыныштыққа, өлшемді әрі тұрақты өмір; Өмір мағыналы бағыттаушылық: әртүрлі өмірлік игілікті жинау мен жарату, әдепті – психологиялық жайлылыққа немесе материалды жайлылыққа ұмтылу; Бағалы бағыттаушылық : тұлғаға маңызды, қалаулы және абыройлы өмірлік игіліктер жиынына ұмтылу; Мөлшер бағыттаушылығы: өмір игіліктерінің басымдылығын анықтайтын ұстанымдар мен ережелерді қабылдау; Мақсатты бағыттаушылық: нақты өмірлік игіліктерді қанағаттандыру үшін максималды мүмкінге ұмтылу. 2. Өмірлік жетістік стратегиясы. Оған кіреді: перцептивті бағыттаушылық: белсенді, әрекетті, жаңалыққа толы, қоғамдық маңызды, үлгерімді өмір; өмір мағыналы бағыттаушылық: мықты материалды жағдай мен қоғамдық танымға ие, кершине деңгейлі өмір; бағалы бағыттаушылық: таңдалған қызмет сферасында жоғары кәсібилікке, шеберлікке қол жеткізу, жжетістіктің бағалы критериі, ұйымшылдық, іскерлік, тапқырлық; мөлшер бағыттаушылығы: кәсіби деңгейге жеткізудегі ережелер мен ұстанымдарды қабылдау; мақсатты бағыттаушылық: үлгерімді өмірге жеткізетін кең ауқымды мақсаттар қоя білу. 3. Өз қолжеткізу өмірлік стратегиясы. Оған кіреді: перцептивті бағыттаушылық: әдемі, үйлесімді, көркем өнерге ұқсас шығармашылық өмір; өмір мағыналы бағыттаушылық: еркін шығармашылық және жеке физикалық және жандүниелік күшін дамыту; өмір кеңістігінің өзгеруіне байланысты өздігінен жетілу; бағалы бағыттаушылық:тұлғалық автономияға және шығармашылық күйге ұмтылу, өзін өзі талдаудың терең баламасын іздеу; мөлшер бағыттаушылығы: нақты және қатаң бекітілген ережелер мен жалпы қабылданған нормаларды сақтамау; басқа адамдар өмір сүру үлгісіне және еркіндікке құрмет; мақсатты бағыттаушылық: өмірлік мағынаға ие мақсаттарды нақтыланнған және тәжірибелік құрал ретінде қолдануды шектеу.Темперамент және қарым-қатынас. Темпераментке байланысты адамның табиғи көріністері оның басқалармен қарым-қатынасқа түсуімен орай көлеңкеленіп, жасырынып отрады. Мысалы, көңіл-күйдің әсерленгіштігімен тепе-теңдігі, реакция күші қарым-қатнас жасау ерекшелігіне, көздеген мақсатына орай адамның қызығуы, қажеттілігімен талғамдарына тәуелді болып келеді. Іс-әрекетке құлшына кіріскен кезде адам барлық күш жігерімен қимылдайды, ұзақ уақыт шаршамайды, жұмыстың қарқынымен ырғағы арта түседі. Керісінше, ол іске көңілсіз, енжар қарайтын болса, жұмыс қарқыны баяулайды, шаршағандық сезіле бастайды, істің тонусы төмендейді. Адамның эмоциялық көңіл-күйінің тонусы мен динамикасы оның өмірінің әр түрлі жақтарымен қалайша қарым-қатынасқа түсіп отыратынына ерекше тәуелді болады. Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды. Бұл жайтты И.П.Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын. Жүйке жжүйесі іс-әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді. Жоғары жүйке қызметінде адамның шексіз-шетсіз жаңа байланыстар жасауға қабілеті және пластикалық төзімді қасиеті болады. Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстардың тұрақты жүйесі оның қылығына, іс-әрекетіне күрделі өзгерістер енгізеді. Кісінің қоғамдық - әлеуметтік көзқарастарының ұнамды қасиеттерін жетілдіріп дамуына әсер етеді. Жеке адамның даралық өзгешелігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады. Осы орайда, біз темпераменттің жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатын психологиялық ерекшелік екеніне көз жеткіземіз. Балалар мен шәкірттердің психикалық дамуына олардың мінез қырлары жетіліп, темперамент мінез құрамына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет