«адам экологиясы»



бет2/5
Дата23.04.2023
өлшемі101,13 Kb.
#85863
1   2   3   4   5
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
адам экологиясының әр түрлі мәселелері мен «қоғам-табиғат» жүйесінің даму заңдылықтарын жан-жақты зерттеу негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

3

Бағдарламаның міндеттері:


 Оқушылардың адам өмірінің жағдайларын анықтайтын негізгі факторлары,, адам мен табиғат арасындағы қатынастардың даму тарихы мен заңдылықтары, табиғи және жасанды ортаның деградациясының адамдар үшін жағымсыз салдары туралы білімдерін кеңейту және тереңдету
 Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдаландыру жолдарын қарастыру.
 Алған теориялық білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа, зерттеушілікке тәрбиелеу.
 Замагауи технологияларын қолдана білуге ықпал ету;
Бағдарламаның өзектілігі: Курсты іске асыру үрдісінде теориялық және практикалық сабақтар, іздестіру жұмыстары нәтижесінде алынған ақпаратты талдау, бақылау, зерттеу, жобалар әзірлеу сияқты оқушылардың қызметін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен түрлерін пайдалану көзделеді.
Элективті курстың практикалық бағыттылығы бар. Бірінші сабақтарда оқушылар өздерінің "экология" деп нені түсінетіні жайлы ғылыми шығармашылық жұмыстарын орындайды. Оқушылар, көбінесе, осы терминді адамзаттың қоршаған ортаға жағымсыз әсері және оны қорғау қажеттілігі деп түсінеді. Курсты оқу барысында олардың экологияға деген түсінігі кеңейе түседі. Әрі қарай оқу барысында табиғи ортадағы өзара байланыс пен өзара әрекетті қабылдау түсінігі арта түседі.
Элективті курста 7-сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері ескеріледі: олардың қызығушылығы, белсенділігі мен қоршаған ортаны танып, білуге мүдделілігі, сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыстары мен шығармашылыққа ұмтылысы ескеріледі.
Бағдарламаның жаңалығы:
Бағдарлама жаңартылған білім беру аясында күнделікті өмірде экологиялық білімді пайдалануы, экологиялық теориялық білімді практикамен ұштастыру, туған өлкенің табиғатын тани білуге оқушылардың ғылыми жаратылыстану көзқарастарын, экологиялық ойлауларын азаматтық жауапкершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеукөзделген, сондай-ақ оқушылар ғылыми зерттеу, шығармашылық жұмыстарды орындайды, экология бойынша зерттеушілік қызметтердің негіздерімен танысады, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс дағдылары дамиды, ғаламтор желісінен алынған деректермен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет