Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет53/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Рибосомалар
Рибосомалар – ұсақ (диаметрі - 15-30 нм) тығыз мамбранасыз органеллалар. Олар белокты синтездің, полипептидты молекулананың элементарлы аппараты. Синтездік активті жасушаларда бірнеше миллион рибосомалар болады. Ол барлық жасушаларда кездеседі. Рибосомалар - күрделі рибонуклеопротеидтер, олардың құрамына белоктар және РНҚ молекулалары кіреді.
Әрбір рибосома үлкен және кіші құрылымдық суббірліктерден тұрады. Кішісі РНҚ байланыстырушы, ал үлкені - пептидті тізбектің түзілуін катализдеуші суббірлік. Рибосомалар цитоплазмада жалғыздан орналасуы немесе олардың жиынтығын қалыптастыруы мүмкін. Мұндай жиынтықты полирибосомалар (полисомалар) деп атайды.
Эукариоттар жасушаларында рибосомалардың екі түрлі популяциясы байқалады: түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарының бетінде бекінген және гиалоплазмада бос орналасқан. Бекітілген рибосомалар белоктарды экспортқа шығарады. Аз маманданған және жылдам өсетін жасушаларда көбінесе бос рибосомалар болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне қажет белоктарды қамтамасыз етеді. Маманданған жасушаларда рибосомалар түйіршікті эндоплазмалық тордың құрамында орналасқан. Рибосомалар ядро қабықшаларының сыртқы бетіне бекініп тұруы да мүмкін. Ядролық рибосомалар өздерінің физика – химиялық және метаболизмдік ерекшеліктері жағынан цитоплазмалық рибосомалардан өзгеше.
Жасушаның тірек – қимыл құрылымы. Цитоскелет.
Электрондық микроскоп арқылы, цитоплазмада бұрын жарық микроскобымен көрінбейтін, нәзік және күрделі үш өлшемді талшықты және түтікті тор – цитоскелет анықталады. Бұл тірек-қимыл жүйесін үш түрлі мембрананасыз оргоноидтар: микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер (микрофибрилдер) құрайды. Алдыңғы аталған құрылымдар өзара жеңіл бірігіп және айырылып отыратын глобулді, ал соңғылары – олардан гөрі тұрақты болатын фибриллді белокты суббірліктерінен тұрады. Цитоскелет жасушаға белгілі бір пішін береді және көптеген қызметтер атқарады. Мысалы, жасушалардың қозғалуын қамтамасыз етеді және жасушаішілік транспорттық қызмет атқарады.
Микротүтіктер
Жасуша цитоплазмасында мембраналы құрылымдар мен органеллалардан басқа, алуан түрлі қызметтер атқаратын көп мөлшерде фибриллярлы түзіліс кездеседі.
Мұндай фибриллярлы компоненттерге микротүтіктер жатады. Олар цитоплазмада күрделі уақытша түзінділер түзе алады. Мысалы, жасушалық бөлінудің ұршығы. Микротүтіктер күрделі түзілген центроли және базальды денешік тәрізді арнайы органеллалардың құрамына кіреді, сондай – ақ кірпікшелер мен ширақшалардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады. Олар түзу, тармақталмаған, ортасы қуыс ұзын цилиндр тәрізді болып келеді. Микротүтіктердің сыртқы диаметрі 24 нм, ішкі саңылау ені 15 нм. Олардың құрамында белоктар – тубулиндер болады.
Жасушаларда микротүтіктер уақытша (цитоскелет) немесе тұрақты құрылымдар (центриоли, кірпікшелер, ширақшалар) түзуге қатысады.
Жасуша орталығы
Жасуша орталығы екі құрамдас бөліктен: центриольден және центросферадан тұрады. Центриольдер - ұсақ тығыз денешіктер, әдетте олар жұп болып келеді – диплосома. Центриольдер цитоплазманың ақшыл аймағы - центросферамен қоршалған. Бұл органеллалардың қызметтерінің бірі -кірпікшелер мен жіпшелердің негізінде орналасқан базалдық денешіктерді құру және бөлінетін жасушаларда бөліну ұршығын қалыптастыру.
Центриольдердің нәзік құрылымы электронды микроскоптың көмегі арқылы зерттелген. Оның ені 0,2 мкм, ал ұзындығы – 0,3-0,5 мкм цилиндр тәрізді денешік, қабырғасы бір – біріне параллель орналасқан микротүтікшелердің 9 триплетінен тұрады. Әр түрлі жасушалардағы түтікшелердің саны тұрақты. Әдетте интерфазалы жасушада екі центриольдер болады. Әр центриольдің айналасында жіңішке талшықты матрикс орналасқан. Жасушаның митоздық бөлінуге дайындығы кезінде центриоль екі еселенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет