Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет61/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Цитология (грек. kytos — жасуша, logos — ілім) — жасушаның құрылысы, дамуы және тіршілік әрекеті туралы ғылым.
Жасуша туралы түсінік, жасушалық теория
Барлық тірі организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің негізі – жасуша. Тірі организмдерге тән: өсу мен көбею, зат алмасу, тыныс алу, тітіркену т.б. тіршілік әрекеттерінің жүзеге асырылуы және ұрпақтан ұрпаққа берілуі тек жасушамен байланысты жүреді.
Жасушаны алғаш рет зерттеп ашқан ағылшын физигі Роберт Гук (1665) өсімдіктердің тозы мен сабақ кесінділерін қарапайым микроскоп астында қарап, көрінген араның ұяшықтарына ұқсас торларды «жасуша» деп атаған. Сәл кейінірек Р.Гуктің ашқан жаңалығын М. Мальпиги және Н. Грю (1671) растаған. Іле – шала (1680) голландиялық ғалым А. Левенгук ұлғайтып көрсететін шыны астында жануарлар жасушасы (эритроцит) мен біржасушалы организмдерді көрген. Микроскоп құрылысының күрделенуіне байланысты ХІХ ғасырда жасушаның протоплазмасы (Пуркинье Я., 1830) мен ядросы (Броун Р., 1833) ашылды. Өсімдіктер мен жануарлар тіндерін зерттеу нәтижесінде 1838 – 1839 жылдары неміс ғалымдары - ботаник М. Шлейден мен Т. Шванн бір – біріне байланыссыз барлық тірі организмдердің жасушадан құралғандығы жайлы қорытынды жасап, жасушалық теорияның негізін қалады. Неміс дәрігері Р. Вирхов 1855 жылы жасуша теориясына «әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі пайда болады» деген тұжырымдама енгізді. Орыс ғалымы Карл Бэр барлық көп жасушалы организмдердің дамып жетілуі бір жасушадан басталады деп көрсетті. Олай болса, тірі организмдер дамуының бірлігі – жасуша. Бұдан кейінгі зерттеулер өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының химиялық құрылымы және негізгі зат алмасу процестері ұқсас екенін анықтайды. Бұл мәліметтер органикалық дүниенің біртұтастығын дәлелдей түсті.
Жасушалық теорияны жарыққа шығару биологияда ең маңызды оқиға болды. Бұл теория биология мен медицинаның дамуына зор үлес қосты. Эмбриология, гистология және физиология пәндерінің қалыптасуының негізгі фундаменті.
Жасушалық теорияның негізгі ережелері:
1. Жасуша – тірінің элементарлық құрылымдық - функциялық бірлігі. Тіршіліктің жасушадан да ұсақ түрлері бар, мысалы вирусты атауға болады. Алайда олар тіршіліктің бірлігі болып саналмайды. Өйткені тірі организмдерге мына қасиеттер тән: көбеюге қабілеттілік, зат және энергия алмасу, сезімталдық, адаптация, өзгергіштік т.б. Осы қасиеттер жинағына ие болған ең ұсақ тіршілік түрі - тек қана жасуша. Ал вирусты алсақ, ол бұл қасиеттердің барлығына бірдей ие емес.
2. Әр түрлі организмдердің жасушалары құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы бойынша ұқсас. Жасушалардың пішіндері алуан түрлі болуы мүмкін: шар тәрізді (лейкоциттер), көпқырлы (безді эпителидің жасушалары), жұлдызша тәрізді, өсінділі (жүйке және сүйек жасушалары), ұршық тәрізді (тегіс мускулатура, фибробластар), цилиндрлі (ішектік эпителиоциттер), жазық (мезотелиоцит, эндотелиоцит), кірпікшелері бар жасушалар, ұзыншақ (миофтбриллдер). Бірақ жасушаларды микроскоп астында зертттегенде, барлық организмдердің жасуша құрылымдары ұқсас екені көрінеді.
3. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді. Кез – келген жасуша өзінің алдында тіршілік еткен жасушаның бөлінуі арқылы түзіледі. Жеке-дара құрылымдық – функциялық ерекшеліктеріне қарамастан барлық жасушалар бірдей бағытта өздеріне тән биологиялық информацияны сақтайды, ұрпақтан – ұрпаққа беру мақсатында тұқым қуалау материалын редупликациялайды, өз белоктарын синтездей отырып арнайы қызметін атқарады, энергияны сақтап оны тасымалдайды және зат алмасуға қатысады.
Жоғарғы көп жасушалы организмде эволюциялық даму барысында тін түзілді. Тін – бұл тарихи дамудан пайда болған жасушалар мен жасушасыз құрылымдардан тұратын құрылым.
Тіндік жүйенің негізгі элементі жасушалар. Жасушалардан басқа жасушалар туындылары мен жасушааралық затты ажыратады.
Жасушалар туындыларына симпластар (мысалы, бұлшық ет талшығы, трофобластың сыртқы бөлігі), синцитий (дамитын аталық жыныс жасушалары, эмальді мүшенің ұлпасы), сондаяқ постжасушалы құрылымдар (эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистің мүйізделген қабыршақтары және т.б) жатады.
Жасушааралық заттарды негізгі зат пен талшықтарға бөледі. Ол гель тәрізді немесе минералданған болуы мүмкін. Талшықтардың үш түрін ажыратады: коллогенді, ретикулярлы, эластикалық.
XIX ғасырдың басында өсімдік клеткаларының ядроларының алғашқы бейнесі жасалынды. Я. Пуркинье (1825-1827 жж.) тауықтың жұмыртқа клеткасының ядросын, содан кейін жануарлардың әртүрлі тіндерінің клеткаларының ядроларын сипаттады. Кейінірек ол клетка “протоплазмасы” (цитоплазма) ұғымын енгізді, жүйке клеткаларының пішіні, бездердің құрылысы және т.б. сипатталды. Р. Броун ядро, өсімдік клеткасының міндетті бөлігі екені туралы қорытынды жасады. Сонымен, өсімдіктер мен жануарлардың микроскопиялық құрылымы және “клеткалардың” (cellula) құрылысы туралы материалдар көптеп жинақтала бастады.
Бұл кезеңді А. Дютроше, П. Ф. Горянинов, Г. Валентин (Я. Пуркинье шәкірті), Я. Генле (И. Мюллер шәкірті), М. Шлейден және, әсіресе барлық зерттеулерді қорытындылап, клетка теориясын құрастырған Т. Шванн зерттеулері аяқтайды (1838-1839). Т. Шванн клетканы жануарлар және өсімдіктер әлемінің әмбебап құрылымдық компоненті ретінде қарастырды. Бұл биология мен патологияны материалистік жолға қойды.
Клетка теориясының жасалуы тек биология мен медицинаның дамуына ғана ықпал етіп қоймай, сол сияқты философияда диалектикалық материализмнің дамуына да ықпал етті. Ф. Энгельс клетка теориясын энергияның тұрақтылық заңы мен Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімімен қосып үш ұлы жаңалықтардың бірі деп айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет