Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет59/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Сүйектi тiндер. Сүйек тіндері (textus ossei) – бұл дәнекер тінінің маманданған түрі. Ол тіннен организмде метоболикалық процестерде негізгі рөл атқаратын 30-дан артық микроэлементтер табылған. Органикалық заттары негізінен белоктар мен липидтерден тұады. Органикалық және органикалық емес компоненттері бірігіп берік тін түзеді.
Сұйек тiндерi жасуша және жасушааралық заттардан тұрады. Олардың үш түрiн ажыратады:
ретикулофиброзды
пластинкалы
тіс дентині және цементі
Остеогистогенез
Эмбриональды және постэмбриональды остеогистогенездi ажыратады. Эмбрионда сүйек тiнi мезенхимадан екi тәсiлмен дамиды: 1) мезенхимадан тiкелей ( тура остеогистогенез), 2) ертерек түзiлген шемiршектiң орнында ( тура емес остеогистогенез). Постэмбриональды остеогистогенез регенерация кезiнде жүредi.
Бiрiншi тәсiл ретикулофиброзды тiннiң даму үшiн тән. Бұл процесс төрт сатыдан тұрады.
скелетогендi аралшаның түзiлуi
скелетогендi аралшадағы жасушалардың түрленуi
жасушааралық заттың кальцификациясы
пластинкалы сүйектi тiннiң қалыптасуы
Остеогистогенездiң екiншi тәсiлiнде скелетогендi жасушалардың жиынтығынан сүйек тiнi қалыптасады.
Сүйек тiнiнiң жасушалары
Остеокластар. Бұл жасушалар әктелген жасушаларды бұзуға ыңғайлы.
Жасуша аралық заттар
Олар коллогендi талшықтар орналасқан негiзгi заттардан тұрады. Ретикулофиброзды сүйектi тiнде талшықтар ретсiз, ал пластинкалы сүйектi тiнде ретiмен бiр бағытта орналасқан.
Ретикулофиброзды тiн
Ол негiзiнен ұрықта кездеседi. Ересек адамдарда бұл тiн бас сүйегiнiң жiгiнде, сiңiрлердiң сүйеккке қосылған жерлерiнде кездеседi. Ретсiз орналасқан коллогендi талшықтар сүйектi тiнде жуан будалар түзедi. Сүйек тiнiнiң негiзгi затында сүйек қуысы орналасқан Бұл қуыста тармақталған остеоциттер орналасады. Ретикулофиброзды тiн сыртынан сүйек қабығымен қапталған.
Пластинкалы сүйек тiнi(textus osseus lamellaris)
Бұл сүйек тiнiнде ересек организмде неғұрлым дамыған тiн. Оның структуралық компонентi – сұйек жасушалары мен минералданған аморфты заттардан түзiлген сүйектi пластинка.
Түтiктi сүйек көбiнесе пластинкалы сүйектi тiннен түзiлген. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен қапталған (периост). Мұнда екi қабатты ажыратады: талшықты дәнекер тiнiнен түзiлген - сыртқы және остеогендi жасушалары бар – iшкi қабаттарды. Сүйек қабығы арқылы сүйектi қоректендiретiн тамырлар мен нервтер өтедi. Сүйек қабығы сүйектi қоршаған тiндермен байланыстырады және оның дамуына, өсуiне, регенерациясына қатысады.
Түтiктi сүйектiң гистологиялық құрылысы
Диафиздiң құрылысы. Сүйектiң диафизiн түзетiн тығыздалған зат сүйектi пластинкадан тұрады. Диафизде үш қабатты ажыратады:
жалпы пластинкалардың сыртқы қабаты
сүйектi пластинкалар - остеондардан түзiлген остеонды қабат
жалпы пластинкалардың iшкi қабаты.
Сүйек тiнiнде адам өмiрi бойы бұзылу және қалпына келу процестерi
болып тұрады. Сүйек тiнi мен сүйек құрылысына витаминдер (А, С, Д), гормондар әсерлерiн тигiзедi. С витаминiнiң жетiспеушлiгiнен организмде коллогендi талшықтардың түзiлуi тежеледi, остебластардың қызметтерi төмендейдi. Сол себептен сүйектiң өсуi тоқтайды. Егер Д витаминi жетiспесе сүйек матрицасында толық кальцификация жүредi, бұл сүйектiң жұмсаруына әкеп соғады. А гипервитаминозы кезiнде остеокластардың қызметi артады. Қалқанша маңы безiнiң паратгормоны артқанда сүйек резорбциясы мен фиброзды тiннiң түзiлуi байқалады. Қалқанша бездер гормоны жетiспесе түтiктi сүйектердiң өсуi баяулайды.
Сүйек байланыстары
Синдесмоздар – бұл тығыз талшықты дәнекер тiн көмегi арқылы байланыс. Оған төбе сүйегi жiктерi мен шынтақ және кәрi жiлiктердiң аралығындағы дәнекер тiндi мембрана мысал бола алады.
Синхондроздар – бұл шемiршек көмегiмен байланыс, мысалы омыртқааралық диск.
Синостоздар – сүйектiң тығыз байланысы. Мысалы жамбас сүйегi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет