Адам физиологиясы


Газдардыц кан арқылы тасымалдануы



Pdf көрінісі
бет185/373
Дата23.09.2022
өлшемі28,52 Mb.
#39991
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   373
Газдардыц кан арқылы тасымалдануы
Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тінге, тіннен окпеге 
қанмен жсткізіледі (тасылады). Оттегі мен көмір қышқыл газ, сондай-ақ азот 
қанға атмосфералық ауадан енеді. Алгашқы аталған екі газдын мөлшері 
артерия мен венада бірдей емес (1 1-кесте), артерияда оттегі, ал венада көмір 
кышкыл газ көбірек. Өкпеде оттегі ауадан қанга карай, көмір қышкыл газ 
каннан альвеолаға өтеді. Ал тінде керісінше, оттегі каннан тінге, көмір 
қышқыл газ тіннен канға көшеді (ауысады). Азот - газ алмасуына 
қатыспайтын бейтарап газ. Оның көлемі (1%) артерия мен вена қанында 
бірдей болады.
Газдардың кай-қайсысы да қанда химиялық қоспа жэне бос ерітінді 
күйінде кездеседі.
11 - кесте. Газдардын кандагы молшері (%)
Қан
Газдар мөлшері
0 2
С02
N2
Артериялык
18-20
52
I
Веналық
12-14
58
I
Еріген газ мөлшерін (g) есептеп шығару үшін сол газдың еру 
коэффициент! (L), жалпы (Р) жэне меншікті кысымы (Н), қанның көлемі (V) 
белгілі болуы тиіс.
Оттегінің еру коэффициент! - 0,0212 көмір кышқыл газда (С02) - 0,510 
азотта (N2) - 0,011. Еріген газ мөлшері:


_ H -V
® ~
р
 
формуласы бойынша есептеп шығарылады.
Эдетте: gO2=0,3- 0,5%-ке, gC02 - 2,5%-ке, g N2 - 1 %-ке тең, яғни қанда 
еріген газдар мөлшсрін олардың кандағы жалпы көлемімсн салыстырсақ, 0 2
мен С 02 сріген молшері өте аз, ал азот канда тек еріген күйінде кездесетінін 
байқаймыз.
Оттегініц қан арқылы тасммалдануы
Оттегі 
көбіне 
гемоглобинмен 
қосылып 
оксигемоглобин 
түрінде 
тасымалданады.
Қнидагы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың 
атмосферадагы 
меншікті 
кысымына байланысты. 
Оттегінің меншікті 
қысымын эдейі жогарылатса, ол қанда (эсіресе еріген оттегі) көбейе түседі. 
Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ отетіні белгілі, осыган орай оттегі 
тінге де кобірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен 
кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, ягни оттегін қанга қысыммен 
енгізу). Адам оттегіне толы кысым камерасына (барокамераға) кіргізіледі де 
огтегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі. Мұның нэтижесінде қанда 
гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түгелдей оксигемоглобинге айналады, 
еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп кан әбден оттегіне қаныгады. 
Гемоглобиннің голық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы 
оттегінің 
мейлінше 
(максимум) 
көбеюі 
қанның 
оттегіне 
қаныгу 
сыйымдылыш деп саналады. Әдетте бір литр қанның оттегіне деген 
сыйымдылыгы 180-200 мл. Мұны қандагы гемоглобин мөлшеріне қарап 
есептеп білуге болады. Бір грамм гемоглобин 1,34 мл оттегімен эрекеттесетіні 
белгілі. Демек, бір литр қанда 140 г гемоглобин болса, осы сацды 1,34-ке 
көбейтіп, 
қанда 
қанша 
оттегі 
бар 
екенін 
анықтауға 
болады, 
ол 
140,0x1,34=187,6 мл/л тең.
Оттегі артерия канынан тінге түгелдей өтейді, оның біразы вена қанында 
қалып қояды.
Оттегінің артерия қанынан тінге келіп сіңген бөлігін оттегін сіңіру 
(пайдапану) коэффициент деп атайды. Мұны білу үшін артерия қанындағы 
оггегі мен вена қанындағы оттегі сыйымдылығы арасындағы айырмашылық 
есептеп шыгарылады да, бұл артерия қанының оттегі сыйымдылығына 
болініп, 100-ге көбейтіледі. Осылай шығару арқылы оттегінің сыйымдылыгы 
артерия канында 200 мл/л-ге, венада 120 мл/л-ге тең екені анықталды. Демек, 
оттегін сіңіру коэффициент (200-120):200х100=40%. Әдетге тыныш отырған 
адамда ол 30-40%; кара жұмыс істеп көп күш жүмсаган адамда 50-60%-ке 
жетеді. Зор карқынмен кызмет атқарған ағзаның оттегін сіңіру коэффициент! 
әдеттегіден элдеқайда жогары болады. Демек, оттегінің сіңіру коэффициент! 
агзалар мен тіндердің қызмет қаркынының көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет