Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет67/373
Дата23.09.2022
өлшемі28,52 Mb.
#39991
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   373
Электрлік түйісие (грек, ephapsis - жапсар, түйісу). Орталык жүйке 
жүйесінде 
қозуды 
кобіне 
химиялык 
өткізгіштер 
аркылы 
өткізетін 
түйіспелермен катар тек физикалык жолмен өткізетін бірен-саран туйіспелер - 
эфапстар бар. Сондай-ақ онда аралас жолды түйіспелер де кездеседі. Эфапста 
эрскет потенциалы түйіспелік саңылаудан тез өтеді. Саңылаудың диаметрі 
өте тар (2-4 нм). ӘП белоқтан түратын көпірше арқылы жылжып 
прссинаіістық мембранадан постсинапстық мсмбранага өтеді. Өтетін тоқтың 
(ӘП) күші төмендейді. Түйіспелік саңылаудың электр тоғына кедергісі өте 
томен. Электр гоғы қозған жерден қозбаған жерге карай кедергісіз өте береді. 
Сонымен постсинапстык мембрананы коздыратын потенциал - жүйке 
талшығы үшына дейін пресинапстық мсмбранаға жетксн әрекет потенциалы.
Түйіспелік сацылаудан өтуі постсинапстык мембранада постсинапстык 
қоздырушы потенциалды (ПСҚП). ырықсыз тудырады. Қозудыц осылайша 
өту механизмін электротондық деп, ал түйіспенің өзін электрлік деп атайды. 
Электрлік түйіспелер сондай-ақ жүрек етінде, салалы етте, бауырда да 
ксздеседі. Электрлік түйіспелердің химиялық түйіспелерден айырмашылығы - 
қозуды түйіспе арқылы өткізу механизмі жэне олардың физиологиялық 
қасисттері эр түрлі. Эфапстың физиологиялык қасиеттерінің ерекшеліктері - 
серпіністср электрлік түйіспеде кідірмейді, екі жакты өтеді (ортодромды, 
антидромды). Эфапста серпіністер із калдырмайды, жинақталмайды. Бүл 
түйіспсден тек қозу ғана өтеді және оның отуіне температура эсер етпейді.


II - БӨЛІМ. ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ РЕТТЕЛУІ
5-тарау. ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ 
ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Орталык жүйке жүйесі денедегі барлык агзалар мен физиологиялык 
жүйелер қызметін, зат алмасуын ретТеп отырады, эрекеттер мен үрдістерді 
сыргқы орта құбылыстарына бейімдеп, гіршіліктің белгілі бағыгга өтуін 
камтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі - ми. Ми 
сыңары кыртысының ерекше кызмсті - ойлау, дүнистану, пікір гудыру. 
Мүның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарга бсйімдеп қана 
коймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді 
талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бүл 
үрдістерді нейрондар мен жүйке орталыктары қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет