Адам физиологиясы


Әрекет потенциалы және оның кезеңдері



Pdf көрінісі
бет47/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

Әрекет потенциалы және оның кезеңдері
Белгілі бір тінде тітіркендіргіштің әсерінен козу үрдісі пайда болған 
сәтте туатын потенциал - әрекет потенциалы (ӘП). Тін қозған мезгілде 
мембраналық потенциалдың мөлшері біртіндеп төмендеп барып жоғалып 
кетеді де потенциалды тіркейтін аспап "О" -ді көрсстеді (8 - сурет). 
Мембрананың сыртындаты заряд қарама-қарсы озгеріп потенциал кайта 
пайда болады. Заряды өзгерген потенциал күшейіп, ең жоғары "шың", "спайк" 
дәрежесіне жетеді. Потенциалдың "шың" дәрежесі эрекет потенциалының 
молшерін көрсетеді. Одан эрі потенциял қайта төмендегі МП бастапкы 
қалпына келеді. Осыған орай ӘП-ын мембраналық потенциапдың тін қозған 
сеттегі өзгеруі деп те айтады. Эрекет потенциалы пайда болғанда жасуша 
мембранасының сыртқы бегі (протоплазма) оң зарядгалады. ӘП-ы МП-дан 
30- 5 0 мВ жотары болады, яғни ӘП-ы 100-300 мВ-ке дейін жетеді.


МВ
8 сурет .
Ә р е к е т п о т ен ц и а л ы н ы ң д а м у ы (А ) м ен и ем б р а н а н ы н и о н д а р ғ а ө т ім д іл іг ін  
(Б ) са л ы сты р у (К . К у л а н д а , 1 9 6 8 ).
1 - N a + , К + тартқы ш ы қ ы зм ет ін ің б ұ зы л у ы - N a + и о н д а р ы н ы ң ж а су ш а іш ін е ө т у ін е  
б а й л ан ы сты м ем б р а н а ө з г е р у і (д еп о л я р и за ц и я );
II - К +• и о н д а р ы н ы ң ж а су ш а д а н ш ы гуы (р еп ол я р я зац и я ):
III - К , N a тартқы ш ы к ы зм ет ін ің к айта басталуы .
Мембраналық потенциалдың жогалып барып қайта көтеріліп "шың" 
дэрежесіне жету кезеңін зрекет потенциалынын деполяризация кезеңі 
(керіүйектеліс) деп атайды. Бұдан соң ӘП-ы төмендеп біртіндеп МП мөлшері 
мен заряды бұрынгы қалпына келеді. Бұл мерзімді ӘП-ның репполяризация 
кезеңі (қайтаүйіктеліс) дейді.
Көбінесе 
жүйке 
талшықтарындағы 
эрекет 
потенциалының 
реполяризация кезеңінде "іздік" потенциалдары байкалады. Ілеспелі потен­
циалы "теріс" және "оң" болып екіге бөлінеді. Реполяризация аяқталуға 
жақындаған сәтте эрекет потенциаяының эрі қарай төмендеуі токтап 
белгілі бір деңгейде 15 мс-тей кідіреді. Бұл мезгілде потенциал шамасы 
МП-дан төменірек, яғни мембрана аздап деполяризация жағдайында 
болады. Сондықтан бұл потенциалды теріс із потенциалы деп атайды. 
Бұдан эрі реполяризация аяқталып мембраналық потенциал алгашқы 
қалпына жетеді де, оныц оң заряды біраз уақыт 15 мВ шамасындай 
күшейеді. Осы реполяризация кезеңінің соңында потенциалдың күшеюін 
гиперполяризация [сіреүйіктеліс} дейді. Гиперполяризациядан соң МП


қайтадан 
алғашқы 
қалпына 
келеді. 
Жүйкенің 
гиперполяризация 
мезгіліндегі потенциалы "оң" із потенциалы болып есептеледі. Сонымен 
жүйке талшыгы қозған мезгілде мембраналық потенциал бірде төмендеп 
қайта жоғарыласа зарядын өзгертеді, содан соң кайтадан орнына келерде, 
алгашкы 
зарядында 
жогарылап 
барып, 
қалпына 
келеді. 
Әрекет 
потенциалының пайда болуы мембрананың натрий жэне калий иондарына 
өткізгіштігі озгеруіне байланысты. Әрекет потенциалынын эр кезеңінде 
иондардың мембрана арқылы өту жылдамдыты, оту-өтиеуі, өтетін 
иондардың түрі мен багыты эртүрлі болады.
Деполяризация кезеңінде натрий ионына мембрананың өткізгішгігі 
"шың" потенциалына дейін үдей түссді. Натрий сырттан жасуша іініне 
леклегімен өтеді. Ал реполяризация басталысымен натрий ионының 
протоплазмага өтуі тоқтап оның протоплазмадан сыртқа шығуы біртіндеп 
жоғарылайды. Калий ионы реполяризация кезеңі аяқтала бере жасушадан 
сыртқа қарайшыга бастайды да, гиперполяризация кезінде калийдің сыртқа 
шығуы күшейеді. Гиперполяризация аяқталысымен калийдің сыртка шығуы 
тоқталады жэне иондардың мембранадан өту дәрежесі мен өту багыты 
біртіндеп алғашқы қалпына келеді.
Хаксли мен Ходжкина калий мен натрий иондары изотоптарын 
иайдалана отырып, мембрананыц ион өткізу дэрежесін жэне олардың кай 
ксзде қалай карай өтетінін анықтады. Бүлар теңіз жануары - кальмараның 
жеке жүйке талшығын денеден бөліп алып (ол диаметрі 1 мм-дей, ең жуан 
талшық), оның эрбір микрошаршыметр беті арқылы 0,001 секунд арасында 
бір серпініске жауап ретінде 20-мындай натрий иондардың аксоплазмага 
жэне шамалы калий ионының одан сыртка өтетінін дэлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет