Адам физиологиясы


-сурет . Т ор лы к ұр ы л ы м н ы ң м и кы рты сы на ж ал п ы ж з н е ор талы қ ж ү й к е ж ү й е с ін ің



Pdf көрінісі
бет81/373
Дата06.02.2023
өлшемі28,52 Mb.
#65665
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   373
Байланысты:
Адам физиологиясы

20-сурет .
Т ор лы к ұр ы л ы м н ы ң м и кы рты сы на ж ал п ы ж з н е ор талы қ ж ү й к е ж ү й е с ін ің  
т ө м ен гі б ө л ім д е р ін е ар н ам ал ы к ө р с е т е т ін э с е р і.
1 - тор лы кұры лы м ; 2 - ар н ам ал ы эсер ; 3 - ж ал п ы эсер .
Торлы құрылым мен ми қыртысы сынардарын қосатын жолын кесіп 
жіберсе, жануар қатты ұйкыға кетеді. Бұл айтылғандар торлы бөлімнің ми 
қыртысын ширатып, оның кызметін күшейтетінін көрсетеді. Осыған орай 
торлы күрылымды ми қыртысы қызметін түгелдей күшейтетін бейарнамалы 
жүйке жүйесі деп те атанды. Ол ми кыртысына эсер еткенмен де өзі ми 
қыртысына тэуелді. Ми кыртысы торлы құрылым арқылы өЗінің қызметін өзі 
реттейді, ягни кері байланыс арқылы ми кыртысы торпы кұрылымдағы 
күшейтс немесе бэссндете алады. Мүнымсн катар торлы кұрылым орталық 
жүйке жүйесінде қозу мсн тежелу үрдістерінің жайылуын және бір орталыққа 
жиналуын реттейді.
Бастапқы кезде торлы қүрылымда белгілі бір дербес, қызметті реттейтін 
орталық жоқ деп есеителетін. Қазір воролий копірінде орналасқан торлы 
қүрылымда ми кыртысындаты тежеуді тездететін, жануарды уйықтататын 
орталық бар екені анықталып отыр. Ал сопақша мидағы торлы күрылымда 
жүлын кызметін күшейтетін жэне тежейтін эсері төменге қарай бағытталған 
екі орталыктын бар екені белгілі болды.
Торлы қүрылым ауырсыну сезімін тудыруға да катысады. Мәсслен 
торлы қүрылымта тана эсер ететін барбитураттар тобынан дәрі 
іш
ііі
ауырсыну 
сезімін жоюға болады (аналгезия).
Торлы кұрылым, гипоталамус, таламус жэне коне ми кыртысы косылып 
лимбиялык жүйе құрады. бұл жүйе змоция мен мотивацияны тудырып 
адамнын іс-эрскетіне, мінез-кұлқына ыкпал жасайды.


Ми баганынын тонустық рефлекетері
Ми бағаны, эсіресе арткы жэне ортаңғы ми түрлі жағдайларда бастың, 
дененің кеңістікте алған орнына (қалпына) байланысты еттердің тонусын 
өзгертіп, дене тепе-тендігін сақтайды. Бұл тонустык рефлектестер. Бұлар 
кабылдагышының орналасқан орнына карай мойын, кіреберіс, лабиринт 
рефлекстсрі деп бөлінеді. Мойын рефлекстерінің қабылдағыштарына мойын 
ет сінірлерінде орналаскан - проприорецепторлар, ал кіреберіс рефлекстерінің 
қабылдагыштар - отолит аппараты, лабиринт - жарты иірімді арналардың 
кеңейген ұшында орналасқан түкті жасушалардан кұралган шашак тэрізді 
қабылдағыштар. Аталган кабылдагыштардың бэрі де басты қисайтканда, 
бұрғанда тітіркенеді де жануардың сирақтарың жазатын, бүгетін еттерінің 
және көзді қимылдататын еттердің тонусын өзгертеді.
Р. Магнус (Голандия физиологы) мысыктың ми бағанын мишық тұсынан 
кесіп тастаған соң басын артка қарай шалқайтса, еттер қатайып, алдыңгы 
сирақтар жазылатынын жэне артқы аяғын бүгетін еттердің тонусы күшейіп 
сирак бүгілетінін, ал басын томен карай исе алдыңғы сирактары бүгіліп, 
артқылары жазылатының байқады. Жануардын басын оңға, не солга бүрса, 
бас бұрылған жактагы сирактары жазылады, ягни жазатын еттердің тонусы 
күшейеді, ал көздің алмасы бастың бүрылган жагынан кері карай бұрылады. 
Мойын рефлекстеріне көбінесе артқы ми катысады, көз қимылдарын ортаңгы 
ми басқарады. қалыпты жағдайда бұл рефлекстерге тек артқы немесе ортаңғы 
ми ғана қатысып қоймайды, екеуі де Катысады жоне бұларга алдыңғы ми да 
косылады. Кіреберіс жэне лабиринт рефлекстері мойын рефлекстерімен 
тығыз байланысты. Өйткені бүлардың ақырғы максаты кеңістікте дене тепе- 
тендігін сақтау. Сондықган калыпты жағдайда бүл қүрылымдар бірінің 
жұмысын бірі қостап толықтыра түседі.
Тонустық рефлекстер статикалық (козғалыссыз) жэне статокинетикалық 
(қозгалыс-кимылдык) деп екіге бөлінеді.
Статшалык, рефлекстерге ксңістікте денс кейпін сақтайтын жэне түрлі 
жагдайға байланысты дене кейпін өзгертсе, оны қайта орнына келтірегін 
рефлекстер жатады.
Қалыпты жағдайда кай жануардың болса да төбесі жогары, түмсығы 
томен қарайды, ал мойны мсн жотасы басына жалғасып ол да жогары 
багытталады. Бүл жағдай көптеген канка еттері тонусының өзгеруімен 
сақталады. Егер жануарды зорлап бір жарғына жатқызса, ол алдымен басын 
түзеуге тырысады, сонан соң жотасын жогары қаратады. Мысыкты 
сирақтарынан ұстап, басымен жотасын томен қаратып жогарыдан томен 
карай тастап жіберсе, ол жерге жеткенше алдымен басын, содан кейін 
жотасын түзеп жоғары қаратады да, сирактарын жазып жерге түскенде торт 
сирағымен тіреледі. Сөйтіп дене қалпын түзейді. Вестибулярлық аппарат 
бұзылса, бүл рефлекстер жойылады. Бірақ қызметі жойылған қабылдагыш- 
тардың орнын кору кабылдағыштары басып тонустық рефлекстерді сактауы 
мүмкін. Сондыктан вестибулярлык қабылдагыштары бүзылган адамдар көзін
108


жұмса, кеңістікте тепе-теңдігін сактай алмайды. Бул тәжірибе тонустық 
рефлекстердің тууына, көру кабылдағышта, рының да қатысы барын 
көрсетеді.
Статокинетикалық рефлекстерге дененің ілгері-алға карай немесе тіке 
жоғарыдан төмен не төменнен жоғары карай не шыр айналу қимылдары 
барысында жэне кимыл шапшаңдығының өзгеруінен пайда болатын, сөйтіп 
кеңістікте дене қалпын жэне тепе-теңдікті сакгайтын тонустық рефлекстер 
жатады.
Статокинетикалық рефлекстер шыр айналу жэне лифт рефлексі ден екіге 
бөлінеді.
Шыр аішалу рефлексі адамды әдейі жасалган кресло-орындықта, не 
центрифугада айналдырғанда пайда болады. Адамның басы біртіндеп кимыл 
бағытына карама-қарсы жаққа қарай бүрылып тез қайта орнына келеді, ал көз 
алмасы бастың бұрылған жағынан кейін карай қозғалып, ол да тез қалыпты 
орнына келеді. Бұл кимылды нистагм - ыргақты қимыл дейді.
Лифт рефлексі - дененің тез жоғары көтерілуінен не төмен гүсуінен 
пайда болады. Жануарды тез жоғары көтерсе оның сирактары тізе 
буындарынан бүгіледі, басын ішіне тартады, ал тез төмен түсірсе, сирақтары 
буындарынан жазылады, мойны созылып ұзарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет