Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет275/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   472
Белок алмасуы

Белок  -  денеге  кажет  аса  маңызды  қоректік  зат  әрі  жасуша  негізін 

құратын 

құрылыс 


материалы. 

Қоректік 

заттар 

түзілуі, 

ыдырауы 

ферменттердің  катысуымен  өтеді.  Ал  ферменттер  түгелдей  белоктардан 

тұрады.  Қанда  газдар  (02,  С 02)  тасымалдайтын  гемоглобин  де  белокка 

жатады.  Адамның  жүріп-тұруы,  бір  жерден  екінші  жерге  жылжуы  ет 

құрамындағы  белоктар  миозин  мен  актин  талшықтарына  байланысты.  Адам 

денесін  індеттен  қоргайтын,  гуморальдық  иммунитет  қүрылымдар  негізін 

құратын  антидснелер  де  белоктан  түрады.  Қан  үюына  қатысып  денені  , 

кансыраудан сактайтын плазмалық фибриноген де -  белок. Дене қызметін  кан 

аркылы  реттейтін  гормондардың  көбі  белок.  Белок  -  қуаг  коры.  1  г  белок

321



тотықса, денеде  4,1  қкал,  яғни  17,17  килоджоуль  жылу  пайда  болады.  Дсмек, 

белоксыз  тіршілік  жоқ,  ягни  белок  -  тіршілік  козі  деген  ұгымныц  дұрыс 

екенін  көрсетеді.  Белок құрамында 20 амин  қышқылы  бар, олардың  12-сі адам 

(жануар) денесінде түзіледі,  ал  8-і  сырттан  келіп  түседі.  Алғашқылары  -  орны 

толар,  соңгылары  -  орны  толмас  амин  кышқылдары.  Лейцин,  изолейцин, 

валин, 


метионин, 

гистидин, 

аргинин, 

трифтофан, 

лизин, 

треонин, 

фенилаланин  адам  (жануар)  дснесінде  түзілмейді.  Бүл  орны  толмас  амин 

кышқылдары  аста  жеткіліксіз  болса,  жас  организм  өсией  қалады,  жүдейді, 

оның  өмірі  кыскарады.  Осы  қышқылдардан  тұратын  белоктар  аса  багалы, 

күнарлы,  ал  қүрамында  мүндай  қышқылдары  жоқ  белоктар  құнарсыздау  дсп 

аталады.  Адамның күндслікті  тамағында  белоқтың жалпы  мөлшері  жеткілікті 

болуға  тиіс,  мүнымен  бірге  сондагы  құнарлы  белок  мөлшері  30%-тен  кем 

болмағаны  жөн.  Ет,  сүт,  жұмыртқа,  балық  уылдырыгы  қүрамындагы  белок 

құнарлы  болады.  Аспен  бірге  асқазанга  келіп  түскен  белоктар  ас  корыту  жо- 

лында  протеаза  ферменттсрінің  әсерімен  амин  қышқылдары  мен  псптидтер 

сатысына  дейін  ыдырайды.  Амин  қышқылдары,  ащы  ішектен  қанға  сіңіп 

какпа  венасы  арқылы  бауЬірға  жетеді.  Бауыр  жасупіаларыңда  амин 

кышқылдарынан  қан  белоктары  (глобулин,  альбумин,  фибриноген)  жонс  өз 

жасушаларына  кажет  белоктар  түзіледі.  Мүнымсн  катар  аздап  белок  қоры 

сакталуы  мүмкін.  Амин  қышкылдарының  артығы  бауырдан  қанга  өтеді.  Әр 

жасуша  каннан  өзіне  керекті  амин  қышқылдарын  таңдап  алады  да,  олардың 

өзіне  ғана  тән  арнайы  белоктар  түзеді.  Әрбір  агзаның  қаннан  өзіне  кажет 

амин  қышқылын  іріктеп  алатынын  тәжірибе  жүзінде  долелдеуге  болады. 

Белгілі  бір  агзага  келіп  түскен  артериялық  қанды  сол  ағзадан  шыққан  вена 

канымен  салыстырса,  кай  амин  қышқылдың  венада  азайганын  байқауға 

болады.  Бұл жерде еске салатын  бір  мәселе, сол  агзада түзілген белоктар жан- 

жануардыц  эр  түрінде  әргүрлі,  олардың  арнайы  қасиеттері  де  эр  жануарда 

зркелкі,  мұнымен  бірге  тек  осы  ағзаға  тана  тэн  арнайы  қасиеттер  де  болады. 

Бслгілі  бір  жануар  ағзасына  тана  тэн  белок  баска  жануарда  ішектен  тыс 

(нарэнтеральдык) жолмен  тікелей  қанға  не тері  астына,  ет ішінс  снгізілсс,  сол 

белокка  дененің  сезімталдығы  артады,  ал  келесі  жолы  сол  белок  кайталап 

енгізілсе,  оган  қарсы  бағытталған  антидене  пайда болтаны  байқалады.  Демек, 

белоктардың  ағзалық жэне  жануардың түріне тон  (түрлік)  қасиеттері  болады. 

Жасушаларда белоктар түзілуімен  катар тотығу үрдісі жүріп жатады.

Диссимиляция  барысында  жасушада  пайда  болған  амин  кышқылдары 

жасуша  мембранасы  арқылы  қайтадан  канға  өтеді  де,  баска  жасушалардагы 

белок  түзілу  үрдісіне  қатысады.  Амин  қышқылдары  амин  тобынан 

айырылады,  оның  орнына  баска  амин  топтары  косылын,  жаңа  амин 

кышқылдары  пайда  болады.  Амин  кышқылдарының  бірсыпырасы  тереңірек 

ыдырайды,  бауырда,  бүйректе,  ішек  кабырғасында  олар  аммиакқа  айналады. 

Бауырда  аммиакка  көміркышкыл  газ  косылып,  мочевина  түзіледі,  амин 

тобына^  айырылган  (дезаминделген)  азоты  жок  кышқылдардан  карбоксил 

тобы  бөлініп  шыгып  (декарбоксилденген)  көмірқышқыл  газ  бен  суга 

айналады.  Диссимиляция  барысында  аралык  заттар  -  пирожүзім  жэне  сірке



3 2 2


қышкылдары  иайда  болады.  Бұл  заттар  арқылы  белоктан  май  жэне  көмірсу 

түзілуі  мүмкін.  Тотыгу  нәтижесінде белок  алмасуыныц  калдыктары,  мэселен, 

мочевина,  несен  қышқылы  бауырда,  ал  аммоний  түздары  бауырда,  аздап 

бүйректе,  аш  ішек  қабырғасында,  креатин,  креатинин  еттерде  пайда  болады. 

Белок  алмасуынын  осы  акыргы  өнімдсрі  канта  өтеді  де  мүндагы  азотты  зат 

алмасу  калдыктары  сыртқа  шығару  ағзалары  аркылы  сыртқа  шығарылады. 

Сойтіп, адам (жануар) уытты заттардан үздіксіз арылып отырады.

Денедегі  белок  алмасу  дэрсжесін  зерттеу  үшін  алдымен  азот  тепетеңдігі 

(балансы) тексеріледі.

Азот  тспс-теңдігі.  Ас  пен  біргс  асқорыту  жолына  түскен,  содан  сон 

денсгс  сіңген  азоттың  мөлшсрі  несеп,  тер  жэне  нәжіс  аркылы  денеден 

шығатын  азоттьщ  мөлшеріне  тец  болса,  бұл  азот  тепе-теңдігі  деп  аталады. 

Белок  қүрамында  орта ссеппен  16%  азот  болады,  ягни  6,25  г белокта  1  г азот 

болады.  Тамак  пен  бірге  ас  корыту  жолына  түскен  азот  мөлшерін  білу  үшін 

ондагы  белок  молшерін  аныктап,  оны  6,25-ке  болу  керек,  мэселен,  жеген 

тамактың  күрамында  112,5  г  белок  болса,  оны  6,25-ке  бөледі  (112,5:6,25=18 

г).  Сонда  112,5  белокта  18  г  азот  болтаны.  Бұдан  нәжістегі  азотты  алып 

тастаса,  қанга сіцген  азоттын мөлшері  шығады.  Нэжіе,  несеп,  тердегі  азоттың 

мөлшсрі  химиялык  анализбсн  аныкталады.  Демск,  денеге  сіңген  азот 

мөлшерін  білу  үшін  алдымен  тамактагы  азот  мөлшерін  аныктайды  да.  одан 

нэжістегі  азот  мөлшсрін  алып  тастайды.  Ал  денедсн  аластатылған  азот 

мөлшерін  табу  үшін  несепке  ілесіп  шыккан  азот  мөлшеріне  термен  бірге 

іныккан  азот  мөлшсрін  косу  кажет.  Сонда  денеге  келіп  түскен  азотпен  одан 

шықкан азоттын аракатынасы,  яғни тепетеңдігі белгілі болады.

Сыркаттанған  кезде,  кейде  тіпті  физиологияпык  жағдайдын  өзінде  азот 

тепе-теңдігі  озгереді.  Денеге  келіп  түскен  азот  одан  шыгарылып  тасталган 

азоттан  басым  болса,  азот  тепе-тендігі  оң  деп  есептследі.  Бұл  денеде 

белоктың түзілуі,  оның  ыдырауынан  басым  екенін  көрсетеді.  Мұндай  жағдай 

көбінесе  осімтал  жас  организмдс,  спортшыларда,  созылмалы  аурудан  айыга 

бастаған  науқаста,  екіқабат  әйелдерде  кездеседі.  Ал  сыргка  шығарылған 

белок  калдыктарындағы  азот  мелшері  денеге  сінген  белоктагы  азоттан  басым 

болса,  азот  теие-тендігі  теріс  деи  аталады.  Ол  көбінесе  қүрамында  белогі  аз 

тағамдармен  тамактанган,  үзақ  уақыт  созылмалы  аурудан  айыкпаган, 

ашаршылықка  үшыраган  адамдарда  кездеседі.  Адам  денесінде  белок  мол, 

оның көбін тагам аркылы алса да, денеге сіңген  азот пен денеден шыгарылған 

азот  өзара  тең  болады.  Ал  тагамдагы  белок  молшерін  тэулік  бойы  біртіндеп 

азайтса,  кепке дейін  азоттык тепе-теңдік өзгермейді.  Азот тепе-теңдігі белгілі 

бір дәрежедс  сакталмауы  мүмкін,  яғни  теріс тепетендік теріс  күйінде  калады. 

Мұндай  жагдайда  организмнің  тіршілік  эрекеті  толык  қамтамасыз  етілмейді. 

Мәселен,  бір  топ  сиырды  екі  жылдай  белогі  аз  шөптермен  азыктандырганда, 

олардың  салмағы  төмендеп,  сүті  азайып,  өніп-өсуі  токтаған,  олар  эртүрлі 

ауруларга  шалдыга  бдстаган.  Сондыктан  физиологияга  белоктың  тэуліктік 

минимумы  деген  үгым  енгізілген.  Белок  минимумы дегеніміз  бір тэулік  бойы 

азот  тепе-теңдігін  сактауға  мүмкіндік  беретін  ең  аз  белок  мөлшері.  Белоктың



3 2 3


тэуліктік  мөлшері,  ұзак  уакыт  оның  минимумынан  кем  болса,  азот  тепе- 

теңдігі теріс дэрежеде болады.

Үлы  Отан  соғысы  кезінде  Ленинград  қоршауында  ашыққан  адам  тамақ 

ішпегеннің өзінде денесінен  тэулік  сайын  12-13  г азот шыгарып  отырған.  Бұл 

адамга  зиянын  тигізіп,  оның  өмірін  қысқартады,  денесінде  патологиялық 

өзгерістер  тудырады.  Сондыктан  да  жеке  адам  үшін  тэуліктік  белок 

оптимумы  болуы  қажет.  Тэулігіне  2700  ккал  энергия  жұмсайтын  болса,  ол 

күніне  тағаммен  бірге  100-120  г  белок  қабылдауга,  ал  кара  жүмыс  істесе  160 

г-ға  дейін  көбейтіледі.  Белок  алмасуын  жүйке  жүйесі  реттеп  отырады. 

Гипоталамустың  сүр  затында  белок  алмасуын  реттейтін  орталық  бар. 

Мүндагы  нейрондардың  калыпты  кызметі  бұзылса,  жануарда  азот  тепе- 

тсңдігі  теріс  болады,  осыған  орай  ол  қатты  жүдейді.  Гипоталамус  әсері 

вегегативтік  жүйке  жүйесі  мен  ішкі  сөлініс  бездері  арқылы  реттеледі. 

Симпатикалық  жүйке  жүйесі  диссимиляция,  ал  парасимпатикалык  жүйке 

жүйесі ассимиляция үрдістерін  күшейтеді.

Қалканша  без  гормоны  тироксин  белок  тотыгуын,  гипоталамус  пен 

гипофиз  гормоны  соматотропин  белок  ассимиляциясын  күпіейтеді,  ал 

глюкокортикоидтар белоктың ыдырап комірсуга айналуын үдетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет