Агзалық талдағыш
Адамның мінез-құлығы мен психикасы үшін, И.М. Сеченовтың
айтуынша, ішкі ағзалардың сезімталдығы өте маңызды орын алады. Қазір
ішкі агзаларда жэне кантамырларында орналасқан көптеген кабылдағыштар
кеңінен зерттелген. Ішкі қабылдагыштар сезім жүйелерінің бірлестірілген
эрекеттеріндс зор орын алады. Бүлар сезімтал жүйке ұштарынан тұрады,
ағзалық немесе висцералдық қабылдағыштар деп агалады. Олар организмнің
ішкі ортасының озгерістерін қабылдайды. Сөйтіп, ОЖЖ-сі жоне вегетативтік
жүйке арқылы барлық ішкі ағзалардың жұмысын реттейді, олардың гомеостаз
сақтайтын жэне қорғаныш-икемделу әсерленістерін қалыптастыратын іс
эрекеттерін үйлестіреді.
Ағзалық қабылдағыштарды тітіркендіргенде экелетін жолдарда жэне
орталық жүйке жүйесінде биотоктар пайда болады. Олар вегетативтік
жүйелердің өздігінен реттелуін (тынысалу, қан қысымы), қорганыш
эсерленісін (жөтелу, түшкіру, қүсу, лоқсу жэне т.б.), ағзалардың рефлекстік
(қарын сөлін бөлу, сыртқа шығар.у) қызметін қамтамасыз етеді.
Ішкі қабылдағыштарды, өткізгіш жолдарды жэне сезімдік сигналдарды
өндейтін орталықтарды зерттеу нэтижесінде агзалык сезім жүйесінің
болатындығы анықталды (В.Н. Черниговский). Бұл жұмыстар қыртыс-ағза
карым-қатынасын
тексеруден
басталды.
Мэселен,
ішкі
ағза
қабылдагыштарын тітіркендіріп, эралуан шартты рефлекстер жасауға
болатындығы көрсетілді. Бүл інікі қабылдағыштық сигналдардың ми
кыртысында талданатынын дэлелдейді (66-сурет). Осы деректер негізінде,
медицина мен физиологияда кеңінен тараган, кыртыс-агзалык теориясы
жасалды (К.М. Быков).
Ішкі ағзаларда әртүрлі химиялық заттарға (хеморецептор), механикалық
тітіркендіргістерге
(механорецептор),
температура
өзгерістеріне
(терморецептор), кысымга (барорецептор), осмоска (осморецептор), көлемге
(волюмрецсптор) эсерленетін қабылдағыштар болады. Олар жалаң жүйке
ұштарына (жүлын талшықтарының дендриттері немесе вегетативтік жүйкенің
Догель II типті жасушалары), капсулага оралған (қатпарлы Фатер-ІІачини
денешіктері, Краузе сауытшалары), ерекше шумақтарда орналасқан (каротид
жэне қолка шумақтары) қүрылымдардан тұрады.
Механорецепторлар қуыс мүшелердің жэне кантамырларының ішіндегі
қысым өзгерістеріне, олардың созылуы мен сыгымдалуына жауап береді.
Хеморецепторлар
ОЖЖ-сіне
мүшелер
мен
тіндер
химизмінің
өзгерістерін жеткізеді. Олардың организм ішкі ортасының түрақтылыгын
сақтауда және реттеуде маңызы өте зор. Мида орналаскан хеморецепторларда
жүйке үштары бөлінетін гистамин, индол қоспалары, көміртегінін қостотыгы
жэне басқа түрткілер эсерінен қозу иайда болады. Каротид шумағының
қабылдагыштары огтогінің кемуін, pH шамасының төмендеуін жэне көмір
қышқылы кернеуінің көтерілуін хабарлап отырады.
|