Адам физиологиясы


Жогары жүйке жүйесініц типгері



Pdf көрінісі
бет378/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   472
Жогары жүйке жүйесініц типгері

Біз  күнделікті  өмірде  адамдардың,  бірдей  жагдайда,  өздерін  эртүрлі 

ұстайгындығын  бақылаймыз.  Өйткені  адамның  психикасы  мсн  мінез- 

қүлығының  ерекше  кескінін  олардың  табиги  темперамснті  мен  бойындагы 

мінезі  жасайды. Адам  мінезін  бірнеше негізгі түрге бөлуге болады.

Адам  темпераментінің  осы  күнге  дейіи  маңызы  жойылмағаи  жіктерін  ең 

алғаш грек галымы Гиппократ жасады.

Сангвиник  (ширақ)  -   мінезі  жайдарлы,  қагылез,  іскер,  кызу  қанды, 

пысық,  көпшіл,  елгезек,  көңілшек  адам.  Ол  өз  максатына  жетуде  жігсрлілік, 

қажырлылық  көрсетеді,  нысапты,  өзін-өзі  үстай  біледі.  Өзінің  тіршілік 

дағдысының  өзгерістеріне  төзімді.  Сыртқы  эсерлерге  тез  бейімделеді  жэне 

сэтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.

Флегматик  (солғырт)  -   сабырлы,  байсалды,  енжар,  сылбыр  мінезді, 

самарқау,  салмақты, 

шабан 

кимылды 


келеді. 

Мұндай 


адамдар  зор 

жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін табандылық 

көрсетеді,  істері  жайбаракат  болады.  Флегматик  баска  кісілермен  қиын 

үласады,  күнделікті  дағдыларының  өзгерістсріне  киындау 

бейімделеді. 

Оларға  тэн  белгілі  кертартпалық  қыңырлық  байкалады.  Әдеттері  қатац, 

дәстүрлі түсініктері  бар. олардың сезімдері жэне коңіл күйі түрақты  келеді.

Холерик  (ұстамсыз)  -   албырт,  қызба,  ашушаң,  кейігіш,  еліктегіш  адам. 

Оның  мінезі  қызба,  өте  белсенді,  қимылдары  кайратты,  көңіл-күйі  көтеріңкі 

болады.  Холерик  тіршіліктің  жайлы  жағдйларында  тынымсыз  жүмыс  істей 

алады.  Бірақ  тіпті  шамалы  бөтен  тітіркендіргіштер  оларда  жиі  ашу,  ыза 

тудырады.  Кейде  едәуір  аяқталып  калган  ісі  зая  кетеді,  акырында  ол  оған 

өкінеді.

Меланхолик  (саудайы)  -   жұмсак  мінсзді,  әлсіз,  өкпешіл,  дегбірсіз, 

дэрменсіз, мүңды,  жаеканшақ. жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата 

алмайтын,  шалалык  қасиеті  болады.  Меланхоликгер  өмірінін  өзгерістеріне 

киын  бейімделеді.  Күйік-касіретке  бейім,  күйрек,  сәздік  жэне  сезімділік 

белсенділігі төмен, түйык мінезді келеді..

Темпераментгің  тқрт  түрін  салыстырса,  мінез  ерекшеліктеріне  карай, 

олар өте киын  жагдайларда өздерін қалай үстайтындығын болжауга болады.



4 6 2


Сонымен  темперамент  -   бұл  ресми  мінездің  нейродинамикалык 

сипаттамасы.  Алайда,  кісі мінезінің маңызды  жақтарын (дүние тану,  көзқарас, 

тілек,  сенім)  ол  ажыратпайды.  Темперамент  адамның  әлеуметтік  мэнділігін 

белгілемейді, өйткені оның мінез-қүлыгын санасы баскарыи отырады.

Психологтардың айтуы бойынша, барлық кісілерді  эксграверт,  интроверт 

және  невротиктсрге  жатқызуға  болады  (К.  Юнг,  Г.  Айзинк).  Экстраверт 

эр 

алуан  сыртқы  әсерлерге  ашық.  Интроверт,  керісінше  тұйык  мшезді.  Ал 



невротиктерде  көптеген  тіршілік  жагдайларында  эртүрлі  жабыгу  күйі  иайда 

болады.


Қазақтың  корнекті  ғалымы Ж.  Аймауытов өзінщ  «Психология  және өнер 

таңдау»,  «Психология»  атты  ғылыми  еңбектерінде  Гейманс  ұсынган  жан 

сипаттарына  талдау  жасады.  Ол  мінезді  күйгелек  аяныш  жанды,  ыстық 

қанды,  салқын  қанды,  қызбалы,  құмартпалы,  ұйытқымалы,  сары  уайымшыл 

деп жіктеді.

И.П.  Павловгың  айтуынша,  түрлішс  темиераменттер  қозу  жэне  тежелу 

үрдісінің  даралық  айнымалы  күші,  олардың  ширақтығы  мен  теңдесуі  іспетті 

қасиеттерінен  түрады.  осындай 

ең  басты  типологиялық  белгілердің 

аракатынасына  сэйкес  ол  жануарлардың  жоғары  жүйке  қызметінің  негізгі 

төрт түрін бөлді.

Кейін  осы  үш  типологиялық  (күш,  ширақтык,  теңдесу)  жүйке 

үрдістерінен  баска  төртінші  -   динамикалық  қасисті  табылды.  Ол  жағымды 

және тежегіш уақытша байланыстардың қалыптасу жылдамдығын  көрсетеді.

Жүйке  жүйесінің  типі  туа  пайда  болады,  өмір  бойы  өзгермейді.  Жас 

кезеңдсрінде 

темперамент 

кырларының 

ерекшеленісі 

(акцентуация) 

байқалады.  Алайда,  тәжірибе  жүзінде  темиераменттің  кейбір  касиегтеріне 

машықгандыру арқылы эсер етуге болагындыгы дәлелденді.

Жүйке  жүйесінің  жалпы  гипі  білім  меңгеруге  ықпалын  аз  тигізеді. 

Дегенмен,  темперамент  адам  дагдыларының  калыптасуына  зор  эсер  етеді. 

Адамда  жүйке  жүйесі  түрініц  қайсысы  болса  да,  мәдсниет  шыңына  жетіп, 

қогамның  голық  мүшесі  бола  алады.  Адам  үшін  жоғары  жүйке  ісәрекетінің 

оларга тэн  арнайы типтері  өте маңызды орын тебеді.

И.П.  Павловтың  зерттеулері  жэне  клиникалық  байқаулар  бойынша, 

адамдарда  жүйке  қызметінің  кэдімгі  төрт  түрінен  баска  жеке  адамға  тэн 

көркемпаз, ойшыл жэнс аралық типтері болады.

Көркемпаз  типті  адамда,  екінші  сигналдык  жүйеге  Караганда,  бірінші 

сигналдық  жүйе  біршама  үстемділігімен  сипатталады.  Бүндай  адамдар  ойлау 

үрдісінде ақиқат болмыстың сезімділік бейнелерін кеңінен  пайдаланады, олар 

болмысты бөлшектеместен түтас кабылдайды.

Ойшыл  типті  адам  екінші  сигналдык  жүйесі  біріншіден  басымдылығы, 

көрнекті  талдау-синтездеу  эрекетке  негізделген,  болмысган  тыс  дерексіз 

ойлау қабілеттерімен білінеді.

Аралық тип -  болмыстың екі  сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен 

сииатталады. 

Дарынды 


тип 

-  


екі 

сигналдық 

жүйелердің 

бірдей 


басымдылығымен танылады.


Адамның  типологиялык  касиеттері  генотип  пен  фенотипке  байланысты 

болады. 


Генотип 

(тектітүр) 

жогары 

жүйке 


ісэрекетінің  туа  біткен 

қасиеттерінен  қалыптасады.  ал  фенотип  (белгітүр)  тумыстан  жэне  тіршілік 

жагдайларының  ыкпалынан  иемденген  белгілі  қасиеттердің  өзара  әрекетінен 

құралады.

Егіз  туған  балаларды  тексергенде,  жүйке  жүйесінщ  типологиялық 

касиеттерінің  (күші,  ширактығы,  сигналдык  жүйенің  біреуінің  басым  болуы) 

тектік 

себептестігі, 

уакытша 

байланыстар 

қалыпгасуының 

әртүрлі 


жылдамдығы, зерденің даралама ерекшеліктері байкалды.

Көру, есту жэне сипап  сезу  талдағыштары үшін,  кыскамерзімді  сезімдік- 

бейнелік  зерденің,  даралама  ерекшеліктерінің  көбінесе  тектік  тәуелділігі 

болады.  Керісіншс,  кисынды-магыналык  зерде  едэуір  сыртқы  ортаның 

түрткілері  ықпалына  байланысты  болады.  Әрбір  адамда  мүмкіндігі  шексіз 

акыл-ой  қабілетінің  негізі  салынған.  Алайда  ол  оны  толык  жұмылдыруга 

үйренбеген.  Сондықтан  олардың  орасан  көпшілігі  өзінің  аса  күрделі 

мүскіндігін кеңінен пайдаланбайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет