Адам қоғамы, әсіресе,қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді


Бұқаралық және элитарлық білім беру



бет3/6
Дата06.10.2022
өлшемі44,16 Kb.
#41704
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Бұқаралық және элитарлық білім беру

Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.


Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан – жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнаулы теориясы жасалды. Құқық ғылымымен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен біріге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтануы, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.
Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын, қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.
Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой – пікірлерін, теорияларын, тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қортындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.
Адам қоғамы, әсіресе,қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді.Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.
Бұрынғы КСРО-да,оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштен қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуын зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және мәдени белсенділігі әлдеқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 28 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100 % (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан төмен.Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.
Кітапханалардағы оқырмандардың сандары да өте аз.Осының нәтижесінде көптеген кітаптар бірнеше жылдар бойы орнынан қозғалмай, шаң басып тұрады.
Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды.»(Бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация)технологияны жаңарту,т.б); Ал,жапондықтар капиталды «адамға жұмсау » жолын таңдады.(Бұл адам тұлғасының шығармашылық және кәсібиқабілетін дамытып жетілдіру) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығн көрсетті.Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.
Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы – ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобының өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым – әрбір қоғамның мақтанышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.
Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.
Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа , апатқа жиі ұшырып отырғанын тарихтан білеміз.1917-ші жылы Қазан революсиясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар,инженерлер, әдебиетшілер, т.б өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды.Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік репрессияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа саплы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін,әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.
Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болу керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған.Үздіксіз білім алуды білім мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен деп жансақ түсінуге болмайды»рбір мектептің алдындағы міндет – ол әрбір адамады әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігінен білім алуға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет