Адам өміріндегі эмоциялар: күш немесе мақсатқа Жету құралдары. ЭССЕ Эмоциялар адамның белгілі бір затқа бағытталған қажеттіліктерін сипаттайды. Эволюция үдерісінде эмоционалды түйсінулер мен күйлер өмірлік үдерістерді оңтайлы шекарасында қолдаудың құралы ретінде биологиялық тұрғыда бекіді. Олардың ағза үшін мәні белгілі бір факторлардың бұзушы сипаты туралы ескертуде байқалады. Осылайша, эмоциялар адамның ағзасы мен іс-әрекетінің функционалды күйін реттеудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
Эмоциялар – бұл аса кең ұғым, сезімдер эмоционалды күйлердің белгілі бір көрінісін білдіреді. Күнделікті өмірде эмоция деп, біз әдетте адамның алуан түрлі реакцияларын – ынтызарлықтың буырқанған күйінен көңіл-күйдің нәзік тербелістеріне дейінгі реакцияларды атаймыз. Психологияда эмоция деп, адамның өмір сүруіне арналған ішкі және сыртқы жағдаяттарды бағалауды және тұлғалық маңыздылықты көрсететін, толғаныстар түрінде жүзеге асатын психикалық процестер аталады. Нәтижесінде, эмоцияның аса маңызды сипаттамасы ретінде олардың субъективтілігі алынады. Эмоциялар арқылы адам өзінің заттарға деген қажеттіліктерін саналы ұғынады. Кез келген эмоция жағымды немесе жағымсыз болуы себепті, адам қойылған мақсатқа жету туралы тұжырым жасай алады. Мысалы, жағымды эмоция әрдайым қаланған нәтижеге жетумен байланысты болса, ал жағымсыз эмоция керісінше, қойылған мақсатқа жетудегі сәтсіздіктермен байланысты болады. Осылайша, эмоциялар адамның іс-әрекетін реттеумен тікелей байланысты болады деген тұжырым жасауымызға болады. Қазақ дүниетанымының психологиялық қырларына бойлай білген Шәкәрім «ШынАдреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді. Адам эмоциялық жағдайда болған да, қандағы қанттардың мөлшері азайып кететінін медиктер анықтаған болатын.
Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды. 1) Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қатал-дылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз өліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық-биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады. 2) Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физио-логиялық-биохимиялық, биологиялық жауабы. Адреналогиялық-биохимиялық әсер етеді. 3) Алдағы уақыттарда күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық). Жұмсалатын биологиялық күш өлшемі оқиғаның салдары әр қашанда есепкс алынуы тиіс. Осының нәтижесіне ағзада тізбекті күйзеліс пайда болады. Бақыттың айнасы» еңбегінде баланың жасөспірім кезіндегі мазасыздануы мен қорқуы, үрейленуі туралы «Ол кезде өзімізден жасы үлкендерден қорқыңқырап, именетұғынымыздың аулақ жүргіміз келетұғынымыздың себебі не еді?» – деп сұрай отырып, мұның да өзекті мәселе екендігін ұғындырады.