Адам үшін психология дегеніміз не? Оның қазіргі қоғамдағы құндылығы қандай? Бұл сұрақтар бүгінде өте өзекті. Психология негіздерін білу үлкен рөл атқарады, дегенмен біз бұл туралы ойламаймыз. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреумен жанжалдасады немесе ақпаратты
қатты қабылдайды. Жалпы, адам өмірі зебра секілді, ақ пен қараға толы… Психология- бұл жан дүниесі. Көптеген мамандар психологияға адам туралы маңызды ғылымдардың бірі ретінде жүгінеді. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады және кез-келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге Мен үшін психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуға қабілетті. Мектепте, оқу орнында, жұмыста, отбасымен бірге, адамдармен қарым-қатынаста, жеке тәжірибелерде - біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиындық тудырған жағдайларды жеңуге ұмтыламыз және
мұндай сәтте психология бізге көмектесетіні анық. Дегенмен, бұл бір бөлшегі ғана. Анықтап көз жүгіртетін болсақ, психология- сан түрлі құбылыстарға, әдістерге, тарауларға бөлінетін өте қызық сала екенін байқаймыз. Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Мен үшін психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуға қабілетті. Мектепте, оқу орнында, жұмыста, отбасымен бірге, адамдармен қарым-қатынаста, жеке тәжірибелерде - біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиындық тудырған жағдайларды жеңуге ұмтыламыз және мұндай сәтте психология бізге көмектесетіні анық. Дегенмен, бұл бір бөлшегі ғана. Анықтап көз жүгіртетін болсақ, психология- сан түрлі құбылыстарға, әдістерге, тарауларға бөлінетін өте қызық сала екенін байқаймыз. Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор
болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға
көмектеседі.
Қорытындылайтын болсам, әркімнің өмірі тек өз қолында. Қазақ психологы Камшат Бекжігітова айтпақшы «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгертуге болады». Тек оймен, эмоционалдық жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Қазіргі таңда атақты қазақ психолог қыздары Құралай ханым, Камшат Бекжігітова, Құралай Қалиевалардың блогтарын, видеосеминарларын тыңдаймын. Әйел кісілермен қоса мотиватор ер адамдарды оқу керек деп білемін. Оның ішінде қазақ мотиваторларының бірегейі –Қуаныш Шонбай дер едім. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты
екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды, ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру, жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын. Өз өмірімізге тек өзіміз ғана жауаптымыз!
Достарыңызбен бөлісу: |