«Адамант баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз


маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күні. Бұл күні бүкіл әлем қазіргі қоғамға ауыр психикалық ауру қаупі төнгенін, оны емдеу қажет екендігі туралы жар салады



бет8/48
Дата09.06.2023
өлшемі238,58 Kb.
#100071
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Қазақ тілі эссе жауаптары

26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күні. Бұл күні бүкіл әлем қазіргі қоғамға ауыр психикалық ауру қаупі төнгенін, оны емдеу қажет екендігі туралы жар салады.
Нашақорлық бүгінде әлеуметтік ауру статусына ие болған. Ол бүкіл халықтың тобын зақымдайды және жылдам ұлғая береді. Бұл аурумен ауырғандардың нақты санын дөп басып ешкім айта алмайды. Ресми көрсеткіштерді айсбергтің шың басы деп айтуға болады. Біреулер бұл сандарды онға көбейтуге әбден болады десе, екінші біреулер тіптен елуге дейін көбейтуге болады деседі. АВИТ-жұқпасын жұқтырғандардың 97%- нашақорлар.
Нашақорлықпен күрес үшін барлық позитивті қоғамдық күштер – дінбасылар, мемлекет, білім беру барлығы бірігулері қажет.

8. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет өнерінің керемет туындысы» тақырыбында ұлттық сәулет өнеріне тән белгілерді сипаттай отырып, эссе жазыңыз.
Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние жоқ. Қара жерге қазық болып қағылып, тау боп төселген ғимараттар салынған дәуірінің тыныш-тіршілігі мен арман-мұратынан, қилы тағдырынан сыр мен шежіре шертер нағыз дерек. Сол дәуірдің ғимаратына қарап-ақ, уақыт лебі мен тарих желісін, өркениет мәнін түсінуге болады.
Тарихқа зер салсақ, қазақ даласында құрылыс ерте дәуірлерде басталған. Жетісу мен Шу бойы, Сыр жағалауы, Арыс пен Талас өзендерінің бойы, Ұлы Жібек жолының өн бойында өркениет пен ежелгі қала мәдениеті дамып, бірегей сәулет өнерінің туындылары бой көтерді. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесене-күмбездері, Сыр бойында жатқан қалалар соның дәлелі.
Архитектуралық нысандар Қазақстанда негізі Кеңес одағы кезінде көптеп салынды. Алматы қаласы ұзақ жылдар Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның ең ірі әрі ең әсем қаласы болды. Ел тарихындағы күрделі кезең саналатын тоқсаншы жылдардың өзінде де Алматы күрт өсіп, кемелдене түсті.
Алайда архитекторлардың бір ауыздан келісетін нәрсесі – бұл елорданы ауыстыру идеясы қазақстандық сәулет өнері мен құрылысының дамуына үлкен үлес қосып, заманауи өзгеріс әкелді. "Архитектура мен құрылыс елдің тұрақтылығы мен ілгерілеуге байланысты қуат көздерінің молдығын танытатын ең басты көрсеткіштердің бірі ретінде басымдыққа ие болды", - дейді өнер зерттеушісі Халима Труспекова. «Екінші Мекке» атанған Түркістан қаласы тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал. Айтулы ескерткіштердің ең көрнектісі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Десек те, Әзірет Сұлтан жайлы сөз болғанда, оның ұлы ұстазы Арыстан баб жайлы айтпай кете алмаймыз.
Бұл кесенелердің салыну тарихы да аса тағылымды. Алтын Орданы бағындырған Әмір Темір, ендігіде дін ғұламасын ұлықтап, зәулім кесене тұрғызуға ниеттенеді. Ясы шаһарының қақ ортасында бұрын соңды болмаған құрылыс басталады. Құрылыстың ауыр жүгін бар қала халқы жұмыла көтергенімен, адам баласының ақылына сыймайтын себептермен тұрғызылған қабырғалар қирай береді. Сонда Әзірет Сұлтан Әмір Темірдің түсіне кіріп, бірінші кезекте өз ұстазына кесене салдыруын аян етеді.
Ендігіде Арыстан баб дүниеден өткенінде, ХІІ ғасырда оның жолын жалғастырушы шәкірттерімен салынған екі бөлмелі кішігірім мазардың орнында салтанатты кесене бой көтереді. Біздің күнге дейін Әмір Темір салдырған кесене талай қирап, қайта қалпына келтірілген. 1971 жылы қала тұрғындары қаражат жинап, Арыстан баб кесенесін күйдірілген кірпіштен қайта тұрғызған. Ақсақ Темір дәуірінен оюлы бағаналар ғана қалып, көздің қарашығындай сақталып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет