Адамның онтогенездік дамудың ерте сатысының жасушалық механизмдері



бет3/6
Дата13.03.2023
өлшемі41,76 Kb.
#73614
1   2   3   4   5   6

Эмбриональдық кезең


Бөлшектену. Зиготаның бөлшектенуі митоз жолымен жүреді. Бөлшектену сатысының мәні көпжасушалы ұрық- бластоцистаның пайда болуы. Бластоциста сатысында жасушалар әлі маманданбаған немесе жүйке, бұлшық ет, эпителий және тағы басқа да жеке жасушалар түріне жіктелінбеген. Сондықтанолардыбағаналық жасушалардеп атайды. Бағаналық жасушалар әртүрлі жасушалар мен ағза ұлпаларының барлығына бастама болады, сондықтан олардыплюрипотенттідеп атайды.
Ұрықтың ерте сатысындабластомерлер тотипотентті,олардың мүмкіндіктері тең және олардыңәрқайсысы бүтін бір ағзаға бастама береді. Монозиготалы егіздердің және ақаулықтардың ұқсас болып жарыққа шығуы тотипотенттікпен түсіндіріледі (омниопотенттік). Ұрықтың қалыпты даму барысындағы потенциясына қарағанда жеке бластомердің морфогенезге потенциясы жоғары болады. Потенциялар бұл ұрық
элементтерінің максимальды мүмкіндіктері, яғни олардың даму бағыттарының іске аса алатын мүмкіндіктері. Қалыпты жағдайда олардың тек біреуі ғана іс жүзіне асырылады.
Бірте-бірте жасушалар жіктеледі, олардың дамуы бағдарланған және белгілі жасушалар түріне, мысалы, эпителиальды, жүйке және т.б бастама береді. Бластомерлердің бөлшектенуі сома жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы бар, бөлшектенуде бластомерлердің өсуі байқалмайды. Ұрықтың көлемі бөлшектену кезінде өспейді, сондықтан бөлшектенудің соңында пайда болған бластуланың көлемі зиготаның көлемімен бірдей болады. Бұл ұрықтың жатыр түтігімен еркін қозғалуы және одан әрі оның имплантациясы үшін маңызды.
Гаструляция- 2 немесе 3 ұрық жапырақшаларынан тұратын көпқабатты ұрықтың түзiлуi. Гаструляцияның негiзгi механизмдерi таңдамалы жасушалық орын ауыстыру, агрегация және таңдамалы сорттау болып табылады.
Детерминация - (анықтау, шектеу) морфогенездiң алғашқы кезеңдерінде дамып келе жатқан ағза бөлiмдерi арасындағы сапалық айырмашылықтардың пайда болуы. Детерминацияның негізінде кейбір гендердің активтенуі немесе м-РНҚ және ақуыздардың синтезі жатыр.
Детерминация – дамудың нақты бағытын айқындайтын функционалдық жүйе. Детерминация нәтижесінде эмбрион жасушалары бастапқы жасушаларға ұқсамайтын, қайтымсыз ерекшеліктерге ие болады. Бұл жасушалардың дифференцациялануының өзіндік жасырын түрі деп те қарастырылады: жасуша өзі жайлы біледі, бірақ оны жариаламайды. [Генетика под ред. Иванова В.И.с. 294].
Бірдей гендер жиынтығы бар жасушалар детерминацияланғаннан кейін сыртқы белгілерімен, яғни фенотипі бойынша ерекшеленеді. Детерминацияланған жасушалардың потенциалы шектеулі болады.
Қалыпты даму кезiнде жауапты материалда индуктордың әсерiнен алғашқыда тұрақсыз (лабильды) детерминация, кейiннен-қайтымсыз, стабильды детерминация жүредi. Содан кейiн морфологиялық жіктелу байқала бастайды, яғни мүше немесе ұлпаның бастамасы пайда болады және оның ары қарай бөлінуі басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет