Жұмыртқа жасушасы цитоплазмасының әр аймағы әртүрлі химиялық құрамды ерекше жасуша. Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына эмбрионалдық дамудың ерте сатысына қажетті ақуыздардың синтезделу үшін энергия қоры және м-РНҚ мол жинақталады. Бұл заттар жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында біркелкі таралмаған.
Жұмыртқа жасушасында сарыуыздың орналасуының маңызы зор, өйткені болашақта ұрықтың кеңістіктік құрылымын анықтайды. Жұмыртқажасушасыныңполярлығы сарыуыздың орналасу сипатына байланысты:, бұл ядроның эксцентрлік орналасып, анималді полюске қарай ығысуы және цитоплазмалық қосындылардың орналасу ерекшеліктерін көрсетеді. Цитоплазманың әртүрлі аймақтарының химиялық құрамы және потенциясы да әртүрлі. Цитоплазманың анимальді полюсінің аймағы эктодермалық, ал вегетативті полюс аймағы – энтодермалық, экваторлық аймақ – мезодермалық потенцияларға ие. Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында пайда болған жергілікті айырмашылық, оныңішкі сапасының әртүрлі болуына алып келеді, оны ооплазматикалықсегрегациядеп атайды. Ооплазматикалық сегрегация биологиялық белсенді морфогендердің таралу негізінде жатқан жұмыртқа жасушасының цитоплазмасының гетрогенділігі. Дрозофила зиготасының түзілуіне дейін аналық геннің өнімі м-РНҚ болашақ эмбрионның осінің ұзына бойы біркелкі емес морфогендердің градиенттеріне қарай таралып жатады. Ооплазматикалық сегрегация ұрықтанудан кейін күшейеді де, ұрықтың бастапқы жіктелуіне негіз болады. Жұмыртқа жасушасына сперматозоид енген соң цитоплазмадағы компоненттердің қайта бөлінуі жүреді, сондықтан зиготаның бөлшектенуі кезінде бластомерлерге түскен цитоплазманың құрамы әртүрлі болады. Ары қарай осыған сәйкес цитоплазманың әртүрлі құрамы әртүрлі ұлпалардың бастама жасушаларына әр түрлі болып бөлінеді. Бластомерлердің нақты бағытта дамуы цитоплазмада әртүрлі аймақтарында жиналған заттардың тұқым қуалауына тәуелді болады.
Әр бластомерде өзінің морфогендердің концентрациясы жиналады немесе әрі қарай даму жайлы ақпарат алады, оны позициялық ақпарат деп атайды. Ооплазматикалық сегрегацияға байланысты болашақ ағзаның құрылысының дамуы жоспарланады, жоспардың негізі биологиялық белсенді заттардың градиентке қарай таралуы, мысалы РНҚ және ақуыздардың концентрациясы яғни анималды полюстен вегатативті полюске қарай азаяды.
Жасушаның позициялық ақпаратына сәйкес мүшенің бастамасы өзінің орналасуын координаттық жүйе бойынша бағалап, содан кейін сол жағдайға байланысты жіктеледі. Жасушаның орналасуы ұрықтың ұзына бойы осіндегі белгілі градиентпен орналасқан кейбір заттардың концентрациясымен анықталады.
Адамның жұмыртқа жасушасы ланцетниктікі сияқты олиголецитальды.