Жасушалардың дифференциациялануы - арнайы жасуша, мүшелер мен ұлпалардың қалыптасуына әкелетiн, дараның даму барысында бiртектi жасушалар мен ұлпалардың арасында айырмашылықтардың пайда болуы және олардың өзгерулері. Дифференциялау құрылыс пен қасиеттердiң өзгеруiне негiзделген (жүйке жасушалары жүйке импульстарын тасымалдайтын қасиетке ие, бездi жасушалар-бездi заттарды секрециялауға қабiлеттiкке ие болады және т.б). Дифференцияланудың негiзгi факторлары-алғашқы эмбриональды жасушалардың цитоплазмасының ерекшелігі және көршiлес жасушалардың арнайы әсерi-индукция.
Дифференциялану этаптары жүйелi түрде былай жүредi:
1. жасушалардың дифференциялануының 1-шi себебi жұмыртқа жасуша цитоплазмасының химиялық әртүрлiлiгi болып табылады;
ол ұрықтанудан кейiн күшейедi: сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына енген кезде цитоплазма компоненттерiнiң қайта орналастыруы (ооплазматикалық сегрегация);
3. жұмыртқа жасушасы цитоплазманың химиялық әртүрлiлiгі бластомерлердiң цитоплазманың химиялық әртүрлiлiгiне ауысады –Әрбір бластомерлер нақты морфогенездің концентрациясының градиентімен орналасқан.
Эмбриональды индукция-дамып келе жатқан ағза бөліктерінің өзара әсері, мұнда бір бөлігі -индуктор, басқа бөлiгi- жауап қайтаратын жүйесiмен әрекеттесіп, оның даму бағытын анықтайды. Эмбриональды индукцияны қосмекендiлер ұрығының эктодермалық эпителийiндегi көз бұршағын зерттеген кезде Шпеман ашты (2 сурет): көз көпiршiгi → көз бокалы → көз бұршағы (хрусталик) → қасаң қабық. Кейінірек ол, осы жануарларда гаструланың эктодермасынан жүйке пластинкасы түзілу үшін, хордомезодермамен эктодерманың жанасуы керек екенін көрсетті. Бұл қарым-қатынас
бiрiншiреттiэмбриональдыиндукциядеп, ал индуктор - бластопордың арқа ернi
ұйымдастырушы деп аталады.
2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.
1-алдыңғыми; 2-эктодерма,3- көз көпіршігі; 4- көз бокалы; 5-көзбұршағыныңбастамасы; 6-көз бұршағы; 7-қасаңқабық; 8- торлықабат. Тәжiрибе көрсетiлгендей, жауап беру жүйесi индуктордың әсерiнен дифференцияланып, одан ары жиі өзі пайда болатын мүшелер бастамасы мен ұлпалардың индукторы болады, ұрықтың бүкiл дамуына индукциялық қарым-қатынастардың тiзбегi болып табылады. Бірқатар жағдайларда индуктордың әсері ғана емес әсерді қабылдайтын жүйенің де ары қарай индуктордың жіктелуіне септігін тигізетіні анықталды. Индукция жүзеге асу үшін индуктордың әсерiне ұшырайтын жасушалар керектi компетенцияларға ие болу керек. Компетенциядеп - эмбриональды материалдың әртүрлi өзгерiстер әсерiне жауап қайтару қабiлетiн айтамыз.