Бұлшықет тонусын қалыптастыру «Айналма» ойыны. Ойын барысы: нұсқаушы балалар арасынан барлық баламен амандасып, əр баламен қол алысып амандасатын баланы таңдайды. Сол бала айналма ортасында болатын баланы таңдайды. Барлық балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Ортадағы баламен амандасады. Ортаға балалар кезекпен тұрады. Сəлемдескен кезде мына сөздер айтылады:
Балақайлар, тұрайық;
Шеңбер құра қалайық;
Сен де менің досым;
Мен де сенің досың;
Барлығымыз доспыз.
«Артығын тап» жаттығуы. Ойын барысы: нұсқаушы берілген суреттердің ішінен артығын табуды тапсырады. Мысалы, қияр, асқабақ, сəбіз, алма. Артығы: алма. Қорытынды Аутизм синдромы бар балаларды оқыту және тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдану маңызды, өйткені оларда оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті қалыптасып, дамиды. Оларға ақпаратты жайдан, күрделіге қарай ұстанымына сай беру де маңызды және де ақпаратты көрнекі түрде демонстрациялау қандай іс-әрекет болсын оны әсерлі етіп көрсетеді. Өз кезегінде бұл арнайы оқытуға да ықпал етеді. Қазіргі кездегі заманауи құралдар, диагностикалық әдістер және технологияларды қолдану баланың, соның ішінде аутист баланың қызығушылығын оятады. Бұл технологиялар аутис балаға сол кездегі өзінің функциясын анықтап, сол кезде пайда болатын объективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тәсілмен жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар мұндай балалардың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапияларын да қолданған тиімді. Баланың оқшау қалуы, оның мақсатсыз жоғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапия әдісінің де (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) ықпалы зор.
Аутизм синдромына шалдыққан балаларды оқыту, сөйлету, яғни сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында және психикалық процестерді дамытуда заманауи әдістерді, технологияларды дұрыс қолдану процесінде сандық және сапалық өзгерістердің болатынын зерттеушілер атап өткен, мысалы: аутист балалардың психикалық функциялары дамытылған, қызығушылықтары артқан, қарым-қатынас жасаулары жетілдірілген. Демек, қоғамның және білім беру жүйесінің қазіргі кездегі жаңа инновациялық технологияларды қолдануы қомақты үлес қосуда.