2. Қазақстан аумағы – адамзаттың қалыптасу ошағы. Қазақстан жері өзіндік тарихы терең, археологиялық ескерткіштерге бай аймақ болып табылады. Оның дәлелі ежелгі адамдардың Отаны болуы. Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жоталары ежелгі адамдардың мекен еткен аймағы болып табылады. Қаратау жоталары бүкі Оңтүстік Қазақстан аумағын қамтиды.
Ерте палеолит кезінен бастап, кейінгі кезеңдердің тұрақтары мен шеберханалары, тасқа салынған суреттер, обалар және т.б. табылды.
Тас дәуірінен бастап өлкені мекендеген тұрғындар әр кезеңдерде өздеріне ғана тән төлтума мәдениеттерді қалыптастырып, дамытып отырды.
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен 1 млн жыл бұрын пайда болған. Қазақстанға алғашқы адамдар Оңтүстік Шығыс Азиядан және Еуропадан қоныстанған деген пікірлер бар.
Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жоталарынан, Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойын мекен еткен.
Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары болған.
Жаңақорған ауданы аумағындағы біздің жыл санауымызға дейінгі І мыңжылдықтан басталатын ерте темір дәуірінің жүзге жуық обалар қорымдарымен қатар жартас суреттерінің көп табылуы өңір тарихының тым көнеден бастау алатындығын дәлелдейді.
Әсіресе, Талап ауылынан солтүстікке қарай 17,6 шақырым жерде, Бесарық өзенінің оң жағалауындағы Күйкентай шоқысының шығыс бетіндегі жартастарда адамдардың, таутекелердің, түйелердің бейнелері.
Қосүйеңкі ауылының солтүстік шығысындағы Құланшы өзенінің сол жағалауындағы жартас беттерінде бірнеше таутеке мен түсініксіз бейнелер қашалып салынған.
Ботасоқты өзенінің оң жағалауындағы жартас беттеріндегі суреттердің негізгі сюжеттері де таутекелер мен жылқылар, салтаттылар мен жыртқыштар. Дәл осындай сюжеттегі жартастағы суреттер Қыраш ауылының солтүстік шығысындағы Жүсіпсаз жартас суреттерінде, Қосүйеңкі ауылының солтүстік шығысындағы Арқарбұлақ, Құттықожа ауылының солтүстік шығысындағы Табылдыбұлақ, Шыбынтай, Нұрмаханбұлақ, Қаратас, Шалқия ауылының солтүстік шығысындағы Қарасүйір, Қоспа, Қоспа-Бозбұтақ, Ақтасжартас, Сунақата аулының солтүстік шығысындағы Кіші дарбаза жартас суреттерінде кездеседі.
Жартастағы жазуларда не жазылғаны бүгінге күнге дейін жұмбақ болып келеді.
Жартастардағы бейнелердің әрқайсысын сол заманның жәдігері, сол дәуірдегі ата-бабаларымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпынан хабар беретін материалдық ескерткіштер деп қарастырамыз.