Адамның тарихи дамуындағы


Тұлғаның дамуындағы әлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың



бет2/2
Дата09.05.2022
өлшемі25,23 Kb.
#33763
1   2
Тұлғаның дамуындағы әлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың қажеттілігі. Адамның жеке басының дамуында тұқым қуалаудың және қоршаған ортаның атқаратын рөлін түсіну үшін генотип және феготип деген ұғымдардың маңызы зор. Генотип-организмнің тұқым қуалаушылық негізі, оның хромосомдарында

жинақталған гендердің қосындысы. Басқаша айтқанда, бұл- организмснің өз ата-анасынан алатын генетикалық конституциясы (ден құрылысы). Фенотип –организмнің жеке даму барысында қалыптасқан барлық қасиет, белгілерінің жиынтығы.

Фенотип организмнің дамуы іске асатын сыртқы ортамен өзара әрекеттесуіне байланысты айқындалады. Генотиптен фенотиптің айырмашылығы сол, фенотип организмнің бүкіл өмір бойында өзгереді. Сөйтіп, фенотип генотиппен сыртқы ортадан тәуелді болады. Бұл ұрықтас егіздердегідей, бірдей генотиптер түрліше ортаға тап болса, түрліше фенотиптер беруі мүмкін. Фенотипке әсер ететін факторлардың бәрін ескере отырып, адамның фенотипін құратын бірнеше элементтерді атауға болады:

А) гендерде хабарланған биологиялық нышандар; ә) табиғи және әлеуметтік орта;

б) жеке адамның іс-әрекеті ; в) ақыл-ой (сана, ойлау).

Тұқым қуалау мен ортаның адам дамуындағы өзара қарым-қатынасы дам өмірінің бүкіл өнбойында болады. Алайда организмнің қалыптасу кезеңдерінде: ұрықтың өсіп- өнуі, баланың емшектегі кезінде, сәбилік, балалық, жас өспірімдік кездерінде оның маңызы ерекше болады. Міне дәл осы кезеңдерде адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы айрықша күшті болады.

Тұқым қуалау организмі қандай болуы мүмкін екенін анықтайды, бірақ адам екі фактордың-тұқым қуалаудың да, ортаның да бір мезгілде бірдей әсер етуі нәтижесінде дамиды. Адамның бейімбелуі тұқым қуалаудыың екі программасының: биологиялық және әлеуметтік програмалардың әсерінен жүзеге асатыны көпшілік мойындайтын ақиқатқа айналады. Кез-келген жеке адамның барлық қасиеттерімен белгілері, сонымен оның генотипі мен ортаның өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табыладыекен, тек қанының группасы, саусақ таңбалары сияқты биологиялық қасиеттері ғана ортаның әсеріне көнбейді. Сондықтан әрбір адам әрі табиғаттың бөлігі, әрі қоғамдық дамудың жемісі.

Бұл пікірмен бүгін таңда ғалымдардың көпшілігі келіседі. Талас пікір тек адамның ақыл-ой қабілеттерін дамытуда тұқым қуалау мен ортаның рөлі жайлы мәселеде. Мұнда бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бар. Бірі- ақыл-ой қабілеттері генетикалық жағынан тұқым қуалауды деген және екіншісі- ақыл-ой қабілеттерінің дамуы әлеуметтік ортаның әсерімен анықталады деген пікір. Оның үстіне адамның ақыл-ой қабілеттерін дәл анықтауда айтарлықтай қиын іс екені анықталды. Өйткені адамдардың ақыл-ой қабілеті де алуан түрлі және алуан қырлы . Мәселен, бір адам тамаша шахматшы болғанмен нашар әртіс, ақын, математик және керісінше болуы мүмкін. Оған қоса, ақыл-ой қабілетін анықтау үшін қолданылатын тесті әдістерінің кемшіліктері де аз емес екндігін атап көрсетеді көптеген зерттеушілер. Атап айтқанда, ақыл-ой коэфицентін анықтағанда әлеуметтік ортаның ерекшеліктері, дамның білім мен тәрбие алу ерекшеліктері мен дәрежесі, дамның ықыластығы, ұқыптылығы, темпераменті сияқты психологиялық қасиеттері, т.б. мұқият ескерілуі қажет. Зерттеудің нәтижесі зерттеушінің зерттеулішіге қандай сұрақтар қоятынына да байланысты.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктiң (1874- 1949 ж.ж.) пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн (соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой

қабiлетi балаға “көздерi, тiстерi және саусақтары” сияқты дүниеге келгенiнен-ақ берiледi. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын “гендердiң жинағы немесе батареясы” ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсiндiру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше – прагма дегенiмiз – iс-әрекет, тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).

Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632- 1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнiң жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктiң белгiлi бiр пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтiнде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгiлi бiр қасиеттерiнiң пайда болуына себепшi болады.

Осыдан кейiн бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтiк ортаның әсерiн бiрiншi орынға қойып, оның дамуының iшкi заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.

Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бiрiншi орынға қойып, тәрбиенiң күшiн жоққа шығаратын бұл теориялар XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегi ерекше бiр бағыттың пайда болуына себепшi болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”, “балатану” деген атқа ие болды. Қазiргi уақытта ғалымдардың көбiсi педологияны индивидтiң сәби, жас өспiрiм, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретiнде қарастырады. Социалистiк құрылыс жағдайларында бiздiң елiмiзде педология өкiлдерi баланың дамуының биогенетикалық заңын белсендi түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтiк теңсiздiгiн түсiндiруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтiн кең көлемдегi жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П “сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын” “жалған ғылыми антимарксистiк ережелерге” сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы – балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтiк факторлармен, тұқымқуалаушылықтың бiр тұрақты ортаның ықпалының фаталистiк түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.

Қарым – қатынас – баланың психикалық дамуының негізгі факторы, әрі шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бірнеше анықтама береді. Біреулер, қарым- қатынасты ақпарат алмасу деп түсінсе, келесі біреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бір бөлігі деп қарастырады. «Қарым – қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым – қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығына көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. Отбасындағы ата –ана мен бала арасындағы қарым – қатынас мәселесін В.С. Мухина мен Л.А. Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттеді. Олар отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдісі нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала өздігінен дербес түрлі әрекеттер (киім кию, жуыну, тамақтану т.б.)

орындағандарымен, ата –ана тарапынан көрсетілген эмоционалды қарым-қатынасты әлі де болса ас қажет етеді. Деп тұжырымдайды. В.С. Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы - ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады. Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді. Л.А. Венгер өз пайымдауын айтады. Баланың жан-жақты дамуына отбасының әсерін көрсете келіп, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз қиындықтар тудырады деп қорытындыласа, ресейлік ғалым Б.Лихачев отбасы баланың жеке басына екі жақты: біріншіден, отбасының материалды жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы; екіншіден әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет арқылы әсер етеді. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеологиялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады деп көрсетеді. Баланы дұрыс толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-қатынастың керек екені белгілі. Осы қарым-қатынас түрін дамыту жолдарына баса көңіл бөлген жөн. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр. Халық педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін ескере жүргізуді талап ете отырып: «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін

қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досындай бағала» - делінген. Осылайша баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен байланысады.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А. Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды. Ойын барысында жүргізілген қарым- қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В. Запорожец, Я.З. Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, құрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Кейде өмірде болашақ ата-ана бала тумай жатып, оның қандай болатыны, қалай өсетіні, немен шұғылданатыны туралы жоспар құрып қояды. Біраз уақыт өткен соң ата-анасы оның өзгеше екенін түсінеді. Ғалымдардың ойынша отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді. Айналада болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады. Қазіргі заман психологиясы балалық шақты – баланың өзіндік сана сезімі, «өзінің» және «өзге» этностарға деген рефлексивті қатынастарының жедел жүретін кезі екенін көрсетеді. Осы айтылған өзіндік сана – сезім балада ең алдымен отбасы деген әлеуметтік – этникалық ортада қалыптаса бастайды. Отбасындағы әлеуметтік нормаларды меңгеру барысында балада өзін-өзі қабылдауы және «мен» деген түсінігі пайда бола



бастайды. Өздерінің бұрынғы армандарына ой жүгіртіп саралай келе, олар өз баласының ойдан жасаған бейнесі мен өмірдегі болмысының арасындағы сәйкессіздіктен қанағаттанбаушылық сезінетінін түсінеді. Шынайы «көрініс» қиялмен алмастырылады. Шынайы бала мен айналасындағы адамдар туралы түсінік көзқарастың, мақсаттың әсерінен бұрмаланады. Осы кезде бала өзін қалай сезінеді? Нені уайымдайды? Кез келген бала өзінің «жақсы» бейнесіне қолдау көрсеткенің қалайды. Бұл қолдау жақсы көретін ересектер тарапынан, көбінесе ата-анасы жағынан болуы керек. Бірақ жақсы көретін бұл ересек адамның өз баласынан көңілі қалғандықтан, қажет қолдауды көрсетуге қабілетсіз болады, көбінесе тек өзінің наразылығын ғана көрсетеді. Дәл осы жағдай қарым- қатынастың ушығуына әкеп соғады. Өкінішке орай ақыл ойының әлі толық жетілмеуіне байланысты бала өзінің қолдау мен махаббатқа зәру екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды, сондықтан ол ересектермен клиникалық психологияда белгілер деп аталатын түрлі аурушандықтың көрністері бар түсініксіз тілмен сөйлеседі. Бұл белгілер тілінің түсініксіздігі сонда, ол физиологиялық тегі жағынан ауру сияқты болып көрінеді, сондықтан да ата-аналар оны ушыққан қарым-қатынастан туындаған ішкі сезім қиналысының белгісі ретінде қабылдамайды. Кейін бала өскенде өзінің ата-анасымен қарым- қатынасын «Менің ата-анамның үнемі бірденеге көңілі толмайтын, меніңше олар мені жек көретін», немесе «олар мені өте жақсы көретін, бірақ менен ештене шықпады» деген сияқты сөздермен суреттейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет