27
алынған үзінді немесе басқа біреудің сөзі; 2) оның сөзбе-сөз дәлдігі; 3)
түпнұсқаға сілтеме.
Жалпы алғанда, цитатаны диалогтің философиялық теориясының негізгі
көрінісі деп қарастыруға болады. Цитата арқылы қаламгер өз шығармасындағы
сөйлеу субъектісін өзгертіп, өз ойы мен кейіпкердің, қосалқы персонаждың
көзқарасындағы айырмашылық, қайшылық, ортақтықтарды даралап, оның
жаңа контекске бөтен екенін танытады. Цитатаның өзі мәтін болғандықтан,
оның лексикалық құрамындағы сөздердің өздері лексикографиялық
дефинициясынан басқаша күрделі мағынаға ие болып, өзі түскен контексімен
қосылып, ұштасып, мүлде басқа контекст, ассоциация тудырады. Цитатаның
мәтін ретінде өз бойында сақталған ақпарлардың бәрі жаңғырып, жанданып,
өзектеніп, жаңа мәтінді түзуге, өзгертуге ықпал етеді, бірақ осы жаңа
контекссіз цитатаның келтірінді құрылым екені білінбейді. Бұл, керісінше,
цитата мен ол түскен жаңа контекстің бір-бірінен ажырағысыз байланыспен
кірігіп кететінінің дәлелі.
Цитаталарды, әдетте, адам өз сөзін айшықтау үшін, ойын дәлелдеу үшін,
ойын жалғастыру үшін, пікірін қорыту үшін, ойдың түрлі бөліктерін бір-
бірімен біріктіру үшін немесе белгілі бір пікірге өзінің қолдауын, қарсылығын,
жоққа шығаруын, бағалауын білдіру үшін қолданады. Мысалы, «Қазақ
халқының ауыз әдебиеті» сияқты іргелі зерттеудің бірінші кітабында мынадай
цитата беріліп, оның кімдікі екені қыстырма сөзбен маркерленеді де, келесі
абзац толығымен зерттеушінің осы пікірге өз көзқарасына арналады, яғни екі
мәтін семантикасы арасында қайшылық бар:
Достарыңызбен бөлісу: