Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет9/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

ауыс-
түйіс, еліктеу
түрінде қолданылып жүргені байқалады. С. Талжанов «Әдеби 
әсер жайлы» мақаласында Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы
Крылов мысалын меңзеп тұрған фрагментті (реминисценцияны) келтіріп, оны 
ауыс-түйіс деп атайды [52, 57]. Ауыс-түйіс, еліктеу туралы өз ойын айта келіп, 
Т. Шапай былай дейді: «Ұқсап тұрып, ұқсамау – талантты деген сөздің 
синонимі деуге болады. Талантты дүниедегі «өзінікі» мен «өзгенікінің» ара 
қатысы, тірі байланысын ашу – жеке бір ғылым» [53, 233]. Ал Р.Ғ. Сыздықова: 
«Стилизацияның түрі сан алуан. Қазіргі қазақ көркем әдебиетінде и н т е л л е к 
т у а л и з а ц и я, и н т и м и з а ц и я, ф о л ь к л о р и з а ц и я сипаттары бар 
шығармаларды іздестіріп, талдау керек. Осылардың қай-қай түрі де сөз таңдау 
өрісін кеңейтеді; шығарма тексінің композициялық-синтаксистік құрылымын
монологтер мен диалогтерді берудің жаңа тәсілдерін іздестіреді, лексиканың 
тақырыптық топтарын байытады т.т.» деп, бұл құбылыстың маңызды екеніне 
назар аударады [54, 186]. Осы пікірлер мәтінаралық байланыстардың кейбір 
түрлері отандық зерттеушілер назарынан тыс қалмағанын көрсетеді. 
Көркем мәтіндердегі интертекстерді үш тұрғыда қарастыруға болады. 
Көркем шығарманы жазған адам, мәтін және оны оқитын оқырман қарым-
қатынасына сәйкес интертекстердің кіргізілуі әр тұрғыдан түсіндіріле алады. 
Қаламгер интертексті өз шығармасына кіргізгенде түрлі мақсатты көздейді. 
Оларды шартты түрде 6-ға бөлуге болады: 1) өзі эталон мәтін деп санаған 
көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің жекелеген 
фрагменті арқылы өз туындысының семантикасын толықтыру, дамыту, 
байыту); 2) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекспен бағалау, ол 
бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы ықтимал); 3) 
этикеттік (қаламгердің претекст авторына немесе претекске қарым-қатынасы – 
эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); 4) айшықтау (өзінің 
немесе кейіпкерінің, персонажының ойын сабақтау, дәлелдеу, қорытындылау, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


24 
толықтыру, жалғастыру); 5) тілдік-мәдени құзіретін таныту; 6) оқырманның 
мәтінді автор интенциясына сай интерпретациялауына бағыт беру. 
Интертекстердің өздерін де бірнеше тұрғыда қарастыруға болады: 
интертекске негіз болған претекстер - прецедентті құбылыстар – прецедентті 
атаулар, прецедентті айтылымдар, прецедентті жағдайлар, прецедентті 
мәтіндер: күшті және әлсіз әдеби мәтіндер; күшті әдеби емес мәтіндер
автопретекстер; интертекстердің көріну деңгейі – морфонологиялық, 
лексикалық, 
синтаксистік, 
құрылымдық 
деңгейлердегі 
цитация; 
интертекстердің 
мәтінде 
маркерленуі 
(лексикалық, 
пунктуациялық, 
графикалық маркерлер). 
Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы интертекстердің және 
олардың претекстерінің толық немесе үстірт таныс екеніне байланысты 
оқырманның қабылдап, түсінуіне орай интертекстерді автор интенциясына 
сәйкес түсінілетін, жартылай түсінікті және мүлде түсініксіз деп топтастыруға 
болады. Интертекстер мәтін авторы мен оқырманның аялық білімінің 
ортақтығы, шамаластығы себепті толық түсінілсе, түрлі объективті, субъективті 
жағдайларға, әлеуметтену үдерісіне сәйкес оқырманның когнитивтік 
базасының басқаша қалыптасуына байланысты толық түсінілмей не мүлде 
ешқандай резонанс туғызбайтындай да жағдай кездеседі. Мәселен, К. 
Құныпияұлының мына өлең шумағындағы аллюзия кейінгі өсіп келе жатқан 
оқырмандар үшін мүлде танылмай кетуі мүмкін, өйткені қазіргі білім 
стандартында бұл оқиға жөнінде мардымды ақпар жоқ:
Ей, Алматы… 
Асқаныңды қайтейін, тасқаныңды, 
Қара түтін құрсап тұр аспаныңды. 
Ей, Алматы, қайтейін…. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет