Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет129/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Қарындасы секілді хан Кененің
(Е. Раушанов). 
Алматыны тәкаппар, қайсар, сесті болса да, жүрегі, жаны жылы, сезімтал, 
бірақ өкпелі қызға теңеу арқылы ақын екеуіне де өзінің субъективті көзқарасын 
көрсетеді. Теңеу семантикасы мейлінше бай, астарлы, көп деңгейлі 
болғандықтан оқырман үшін айрықша бағалы. 
Ауыл, ауыл... 
Тәтті елесім, 
Енді оралмас «ақ кемесің». 
Алыстасам – сағынасың, 
Жақындасам – жат көресің 
(Г. Салықбай). 

Бұл мысал – Ш. Айтматовтың 
 
кезінде көптеген халықтардың тілдеріне 
аударылып, кейінірек фильмге негіз болған «Ақ кеме» повесі кеңес дәуірінде 
оқыған оқырмандардың біраз буынына алыста қалған бал дәуренінің 
символына айналғанының дәлелі.
Теңеулердің өздері әрқилы троптармен байланысына қарай бірнеше түрге 
бөлінетінін ескерсек, көптеген эпитеттік теңеулер құрамында прецедентті 
атаулар кездесетіні байқалады. Мәселен, Ғ. Жайлыбайдың мына бір жолдары 
осының дәлелі: 
Сымбатыма сұқтана ма жыр-ғалам, 
Жолға шығам күнге түзеп бетімді. 
Шәкәрімнің тағдырындай шырғалаң, 
Мағжан ақын тауқыметі секілді... 
Өлең қорытындысындағы эпитеттік теңеу дыбыстық үйлесім, синонимдік 
қайталама арқылы бірден назар аудартып, аталған екі қайраткердің бүкіл өмір 
жолын еске түсіру нәтижесінде жалпы ақынның күрделі тағдыры туралы 
ойлантады. 
Өзі шығармашылықтың эталоны санаған ақын есімін эпитет ретінде 
жұмсаған Ғ. Жайлыбай контексіндегі мына окказионал қолданыстың 
семантикалық әлеуеті мейлінше бай, мейлінше көп қырлы: 
Ботадай жырым боздап жүр,
Боталы зарын қозғап жүр. 
Мазала мені, Мағжан-жыр, 
Айнамкөз армандарымдай 
Арқаға жауған ақ жаңбыр. 
Ж. Жақыпбаевтың мына жолдарындағы эпитет атрибутивті цитацияға 
негізделген: 
Қай баланы беделіммен жасқаппын? 
Қай баланы назардан тыс тастаппын? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет