165
жағдай қаламгердің жеке аясына тән, оның айналасындағы адамдарға ғана
белгілі деректерді кіргізгеніне байланысты болады. Сол себептен қалың
оқырманға емес, тек белгілі бір адамдар тобына ғана түсінікті аллюзиялар,
цитаталар олардың өз арасында парольдік қызмет атқарады. Мәселен,
Г.Салықбайдың екі өлеңінен алынған теңеу мен апеллятив түріндегі аллюзия
оның жеке аясына байланысты:
Мен аспаннан,
аспан менен ағырақ,
Ақ сыйлығын Алматы тұр қабыл ап.
Қала бүгін қайталанбас кейіпте,
Түкемсалдың қабағындай
жадырап.
**** *** ***
Кім іздеді?
Кім көзіме шалынды.
Жел атаулы,
Бізден өшің алынды.
Көрінгенге айтып қайтем сөз қылып,
әй,
Түкемсал
, Сіз білмеген халімді...
Ақынның «Жылылық», «Менің тауым» өлеңдерінде Түкемсалға деген
арнау бар, алғашқысына глоссарий түрінде оның Тұрсынжан Шапай екеніне
түсінік береді. Автордың жақын достарына таныс дерекке негізделген аллюзия
мен теңеу қалың көпшілікке белгілі емес, тек контекст арқылы прецедентті есім
семантикасына жинақталған ақпарды шамалауға болады.
Осындай парольдік қызметтегі интертекстуалды элементтер Г.Салықбай
мен
Ж.Жақыпбаев
шығармашылығында
жиі
байқалады.
Мәселен,
Г.Салықбайдың Ж.Жақыпбаевқа арнауы көлемі әр түрлі екі бөлімнен тұрып,
үш шумақты екіншісі тұтасымен реминисценцияға, аллюзияға негізделген:
Достарыңызбен бөлісу: