46
тиіс: ақын, біріншіден, өзі претекст ретінде алып отырған өлең авторына қарата
айтса, екіншіден, сол өлеңмен таныс қалың көпшіліктің тілдік, мәтіндік
құзіретіне жүгінеді.
Қорыта айтқанда, көркем шығармалардағы интертекстуалды элементтер
мәтін түзуші, мәтін модальділігін құраушы қызмет атқарады. Реминисценция
әдеби шығармаларда аз байқалса, аллюзия жиі ұшырасады. Реминисценциялар
ұлттық және әлемдік әдебиетті еске алғызады. Аллюзиялар тақырыптық-
семантикалық тұрғыдан бірнеше топқа жіктеле алады: а) тарихи деректерге
аллюзия; ә) саяси оқиғаларға ишара; б) әлеуметтік жағдайларға аллюзия; в)
мәдени шараларға аллюзия; г) тұрмыс-тіршілікке қатысты аллюзиялар.
1.2.3 Мәтін ішіндегі хаттар
Мәтінге енгізіліп отырған мәтіндердің түпкі иесі кім немесе сөйлеу
субъектісінің кім екендігіне байланысты интертекстуалдылықтың қандай екені
анықталады.
Бұл
орайда
И.В.
Арнольд
былай
дейді:
«Сыртқы
интертексуалдылықта сөйлеу субъектісінің өзгеруі – реалды: цитата шынында
басқа автордың қаламынан туған. Ал ішкі интертекстуалдылық (романға
хаттардың, күнделіктердің, кейіпкерлердің әдеби шығармаларының т.б.
келтірілуі) – шын мәнінде, жалған болады, себебі келтірінді элементтерді
автордың өзі жазады» [8, 422].
Интертекстуалдылықтың бұл түрлері қазақ әдебиетіндегі көптеген
шығармаларда кездеседі.
ХХ ғасырдың 70-80- жылдарындағы қазақ әдеби үдерісінде өзіндік үнімен
көрінген М. Мағауиннің әңгіме, повестерінде интертекстуалдылықтың әр түрі
қолданылған.
Қабылдау стилистикасы тұрғысынан қаламгердің «Алтыбақаннан соң»,
«Әйел махаббаты» әңгімелері мен «Қара қыз» повесіндегі ішкі және сыртқы
интертекстердің қызметі ерекше, өйткені оқырман үшін бұл шығармалар
құрылымындағы хаттар, цитаталардың әсер-қуаты мейлінше жоғары.
«Алтыбақаннан соң» әңгімесінің сюжеттік желісі ауылға келген қонақ
студент пен оқушы қыз Балқия арасындағы қарым-қатынасқа құрылған.
Оқырманның көпке белгілі шығарманы өзінше интерпретациялауының бір
көрінісі кейіпкер қыз Балқияның сөзінен байқалады. Ол «Қозы Көрпеш - Баян
сұлу» жырының оқиғасын Семей өңіріндегі оронимдермен байланысты өзінше
түсіндіреді:
- Білем, - деді жігіт. – Апам айтқан. Айбас батыр Баянның аулын іздеп
бара жатқанда, осы арада болдырған бір атын қалдырып кетіпті.
-
Достарыңызбен бөлісу: