Онан кейін үлгілі жазушылардың сөзін оқып ,
өзі іс жүзінде иә ауызша айтып, иә жазып қолданумен біледі» [1, 349]. Бұның
ақиқаттығын А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесіндегі басты кейіпкердің бірі
Сәруардың үлгісінде көрсетуге болады:
«Сәруар, әсте, өлең жаттамайтын. Солықтаған жол-тармақ, сұрып қапқан күйе боп, жадында өзі қалар еді. Ұзын ырға кей толғаудың басы, бір сыр-мұңдарды бауырына басқан жұмыр шумақ не шумақтың жартысы екшеліп өзі кеп, қыл шылбырдың түйініндей бүйіріне батар еді. Ондай, кісінеп табысқан тармақ-жолдарын, керегінде шарқ ұрып іздегені есінде жоқ». Бұдан мәтін фрагменттерінің кез келгені емес,
оқырманның жан дүниесіне жақын, эмоционалдық мәні жағынан белгілі бір
жағдайларға сәйкес келетін үзіктері ғана еске сақтауда да, еске түсіруде де
арнайы күш салуды қажет етпейтіні байқалады. Тілдік тұлғаның жадында бей-
берекет, ретсіз жинақталып, қатталып жатқан мәтіннің кез келген деңгейдегі
үзінділері қажет уақытта мүлде орынсыз немесе мүлде тосын ассоциация
арқылы өзектенуі мүмкін. Осы орайда Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық
мол жылдар» романындағы «Чеховтың қарындасы» атанған Зәйкүлді еске
түсірген артық емес (түсінікті болу үшін үзіндіні толық келтірдік):
Қыста ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінен емтихан өткізуге әзірленіп жүрдік. Бір күні үзіліс кезінде Зәйкүл бәрімізге сұрақ қойды - Чеховтың бір қарындасы туралы айтқаны бар еді ғой, сол сөз кімнің есінде? - Қай қарындасы туралы?- дедік біз түсінбей. – Мария Павловнаны айтасың ба? - Тілімнің ұшында тұр, өзінің бір қарындасы жайында айтып еді ғой. - Не деп? Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У