Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет77/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

интертекстуалды перифериясы
оның когнитивті 
деңгейінің ең қозғалғыш, ең өзгергіш бөлігі болып саналады. Оған күшті әдеби 
емес мәтіндер, бұқаралық мәдениет мәтіндері (ән, жарнама, БАҚ 
материалдары) жатады. Ол уақыт, идеология, белгілі бір жағдайларға орай 
әлеуметтің мәдени талғамдарының өзгеруіне байланысты тез әрі жиі ауысып 
отырады. 
Сөйлеу әрекетінде аталған қабаттардың аражігі толық, нақты ажыратыла 
алмайды, яғни әр адам өзінің жеке білім энциклопедиясына байланысты 
болады.
Қазіргі ақпараттар ағыны толастамай, үнемі үдей түскен уақытта өмір 
сүріп отырған тілдік тұлғаның аялық (фондық) білімінің бұдан біраз жылдар 
бұрынғы оқырманнан өзгеше екені сөзсіз. Бұрын КСРО деп аталатын бірегей 
кеңістікте тұрып, бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындарында стандартты 
бағдарлама бойынша тәрбиеленіп, білім алған оқырмандардың білім деңгейі 
шамалас болса, егемендік алған әр республиканың рухани, тарихи, саяси, 
мәдени құндылықтарының қайта қаралуы, өзгеруі мұндай бағдарламалардың 
ауысуына, яғни оқырмандардың аялық білімінің басқаша қалыптасуына ықпал 
еткені де күмәнсіз. Ал мұның өзі көркем шығармалардағы автор 
интенциясымен кіргізілген интертекстуалды элементтерді танып білуге кейде 
көмегін тигізсе, кейде кедергі келтіреді.
Ана тілінде жазатын ұлт қаламгерлері айтар ойын өзінен де гөрі нақтырақ, 
әсерлірек жеткізе алады деп есептейтін фрагменттерді ұлттық білім аясына 
жататын шығармалардан алуы заңды. Оқырманға жақсы таныс шығарманы 
еске түсіретін түрлі нышан, сөзқолданысты автор тіл байлығы жетпей 
жатқаннан жұмсамайды, керісінше, өзі түзіп отырған мәтінге бұрынғы мәтіннің 
әр алуан ассоциацияларын қосу, кіргізу арқылы оған жаңа мән-мағына үстейді, 
түрлі троптар ретінде пайдаланады, бір сөзбен айтқанда, көркем мәтіннің 
мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарын түзуге қолданады. 
Мәселен, атақты ақын М. Мақатаевтың С. Сейфуллинге арнаған «Аңсап жүріп 
кездестік» өлеңін алайық. Өлеңнің атауының өзін реминисценция деп 
қарастыруға болады, себебі ол Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» 
повесін еміс-еміс еске түсіреді. Бұл еске түсіру өлеңдегі «Ақыры біз кездестік» 
синтаксистік қайталамасы арқылы жанданып отырады. Ақынның эмоционалды 
сезім күйін, өз кейіпкеріне көзқарасын графикалық тәсілдер, дыбыстық
лексикалық, синтаксистік қайталамалар, риторикалық сұраулар, көңіл-күй 
одағайлары, етістік шақтарының динамизмі арқылы берілген модальділік 
айқын танытады, яғни ақынның таңғалуы, сүйсінуі, өкінуі, аңсауы, сенімі, 
үндеуі сияқты сезім палитрасы көз алдыңыздан өтеді. Бұл орайда қаламгер 
Сәкеннің тұтас шығармашылығын претекст ретінде алып, интертекстуалды 
байланыс негізінде халқының бостандығы, болашағы үшін күрескен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


101 
қайраткердің ерекше бейнесін жасаған. М. Мақатаев өлеңінде ырғақтық
композициялық, лексикалық, синтаксистік деңгейдегі цитация байқалады. 
Реминисценция мына жолдарда берілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет