99
емес, сол тілдік-мәдени ортада бар мәтіндерді әр ұрпақтың түрліше
қабылдауына байланысты да өзгеріп отырады. Көркем мәтінді оқушы оны
өзінің өмірлік жеке тәжірибесіне сүйене отырып қабылдайтындықтан, сол
мәтінді қабылдаудың инвариантына өз нұсқасын ұштастырады. Мәселен, Ә.
Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы туралы өткен
ғасырдың 80-жылдардағы, соңындағы және қазіргі замандағы оқырмандардың
пікірі бір жерден шықпайды. Оқырмандардың алғашқы тобына ол іздеп жүріп
оқитын күшті әдеби мәтін болса, екінші топтағылар оны қатардағы көп
романның бірі деп қабылдады, ал қазіргі жас буын ол туралы аса біле
қоймайды. Осы жас буынның арасында романды оқып, ол туралы жақсы пікір
айтып, оны қайта туындату (мазмұндау, сөзқолданысын пайдалану)
нәтижесінде ғана ол қайтадан күшті мәтінге айналуы мүмкін.
Тілдік тұлғаның танымдық деңгейінің
Достарыңызбен бөлісу: