тұрақты интертекстуалды ядросына (өзегіне) ұлттық білім энциклопедиясына жататын ағарту
стандартынан белгілі әдеби шығармалар, тарих, қоғам, мәдениет
қайраткерлерінің есімдері мен сөздері, аса маңызды саяси-әлеуметтік оқиғалар,
мәдени, тарихи, діни жәдігер-ескерткіштер жатады.
Тұрақты интертекстуалды
ядро (өзек) дегенмен, бұл да шартты нәрсе. Қазіргі Қазақстан жағдайында
оқырмандардың жас ерекшелігіне байланысты тілдік тұлға танымдық
деңгейінің интертекстуалды тұрақты ядросы ең аз дегенде төрт түрлі
болатынын жорамалдауға болатын сияқты: 1. кеңес кезеңінде ұлттық орта
мектепте білім алған тілдік тұлғаларға тән; 2. кеңес кезеңінде орыс тілінде орта
білім алған тілдік тұлғаларға тән; 3. тәуелсіздік жылдарында ұлттық орта
мектепте білім алған тілдік тұлғаларға тән; 4. тәуелсіздік жылдарында орыс
тілінде орта білім алған тілдік тұлғаларға тән. Бұл орта білім беретін мектептер
мен лицейлердің оқу бағдарламасына, мұғалімдердің сыныптан тыс оқу үшін
қандай ақын-жазушылар шығармаларын ұсынатынына, жастар арасындағы
еліктеушілікке, тіпті жаһандану үдерісіне де байланысты. Аталған тілдік
тұлғалардың арасында мәтінаралық байланыстарды орнату, тану, қолдану
дәрежесі бірінші топтағыларда жоғары болады деген ойдамыз, өйткені олардың
басым бөлігі – билингвтер. Қалған топтағылардың бұл ыңғайдағы деңгейі
түрліше қалыптасуы ана тілімен қатар оқып үйренген екінші тілдегі көркем
мәтіндерге байланысты болады.
Тілдік тұлғаның
динамикалық интертекстуалды қабатына уақыт және
әлеуметтік жағдайларға орай өзгеріп, үнемі маңыздылығы, қажеттілігі белгілі
бір иерархиямен қайта ауысып отыратын күшті әдеби мәтіндер кіреді де, ол
ұлттық және жеке білім энциклопедиясына тәуелді болады. Мысалы, ұлттық
әдебиеттің атақты қайраткерлерінің шығармашылығына ресми түрде тыйым
салынған кезеңде, яғни өткен ғасырдың 60-жылдарында оқырмандардың басым
бөлігіне олардың есімдері де, шығармалары да таныс болмады, сол себепті
олардың тілдік ерекшеліктері де кейінгі қаламгерлердің мәтіндерінде аса
байқала қоймайды. Керісінше, шетелдік ақын-жазушылардың (Фолкнер,
Борхес, Хэмингуей) туындылары насихатталғандықтан, олардың жекелеген ой-
пікірлері, сөзқолданыстары, тіпті болмаса олардың шығармаларының атаулары
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
100
ауызекі сөйлеу мен жазу үдерісінде цитация қағидатымен жұмсалғаны белгілі.
Ал қазір күшті әдеби мәтіндер қатарында қайта оралған әдебиет пен Эко,
Коуэльо, Абэ сияқты жазушылардың шығармалары және тиісінше солардан
алынған түрлі цитаталар, реминисцениялар көп жұмсалады.
Тілдік тұлғаның