...Аруағы оның – сарүйек жылан екен,
Оратылып жатыпты іргесінде.
Соны айтады әлі күн,
өңір-аймақ,
Желден ұшқыр сарүйек,
Пері қайрат,
Алқа топта сөз алса атам менің,
Иығында тұрыпты шегіп айбат...
Ал Ж. Жақыпбаев өзінің мектеп жылдарындағы мына өлеңін тұтас бір
циклға эпиграф етіп алып, екінші бір поэмасына үзінді ретінде кіргізеді:
О.Ләйлә, мұңсызбын демеспін,
Қайғырса, қанатсыз емес кім?!
Бірақ та жынданып кететін
Мен саған Мәжнүн емеспін!
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
139
*** *** ***
Залдарда жыр қалатын,
Сенімен егескім кеп:
«Мен саған жынданатын
Мәжнүн емеспін», - деп.
Олардың әрқайсысының өз мақсаты, қызметі бар. Бірінші жағдайда
албырт сезімі жүрегін қанша кернесе де, пендешілік асқақтық, ерегіс, бүкіл
шығармашылығына қазық болған ерекше жанды мойындамау байқалса, екінші
мысалдан сол өткенін аңсау, ностальгия аңғарылады. Екі жағдайда да претекст
ретінде автор өзінің бұрын жазған өлеңі алынғанын ашық көрсетеді:
эпиграфтан соң «Бала күнгі өлеңнен» деп түпнұсқа мәтінді атаса, екіншісінде
претекст трансформацияға түскен әрі лексика-грамматикалық индикатормен
нақтыланып, контекстік-вариативті тұрғыда пунктуациямен ажыратылған.
Осыған ұқсас автоцитатаны А. Әлім шығармашылығынан да кездестіруге
болады. Ақын өзінің «Анау ит неге ұлиды аспан жаққа» деген өлеңіне
С.Есенинің бір жолымен қатар өзінің бұрынырақта жазған туындысынан
эпиграф алады:
Мы теперь уходим понемногу.
(С. Есенин)
Жинала бастаппыз-ау жолға біз де.
(Аманхан)
О мезгіл, мезгіл, білем, бізді бақтың,
Күлкісін жұтып қойып қыз-бұлақтың.
Қатарым сиреп жатыр, өзім болсам,
Мысалы - желең тартқан күзгі бақтың.
Қорыта айтқанда, мәтінаралық байланыстар көркем мәтінді түсініп,
қабылдау
үшін,
интерпретациялау
үшін
ерекше
маңызды.
Интертекстуалдылықтың маркері болып саналатын претекстер әр түрлі білім
аясынан алынуы мүмкін және оқырмандардың бәріне бірдей таныс болуы шарт
емес. Кейбір претекстер кейбір адамның индивидуалды білім аясын ғана
вербалдайды, яғни қаламгердің өмірі, өскен ортасы сияқты жеке аясы мен
шығармашылығын қамтиды. Оның бір туындысы уақыты жағынан кейін
жазылған басқа бір мәтініне түрлі деңгейде кіргізіліп, екеуінің де семантикасын
өзара ұштастыруы, түсіндіруі ықтимал. Бұл жағдайда автоинтертекстуалдылық
құбылысы байқалады. Автоцитатаны тану және түсіну оқырманның мәтіндерді
мұқият оқуына, жадына байланысты, алайда іс жүзінде көп жағдайда бұл
байланыстарға назар аударыла бермейтіні рас.
1.2.5 Прецедентті жағдайлар
Зерттеу әдебиеттерінде прецедентті жағдай деп аталып жүрген құбылысты
нақтылау үшін сөздіктерге жүгінуге тура келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
140
ҚТТС жағдай сөзін былай анықтайды: 1. Хал-ахуал, тұрмыс-жай; 2.
Нақтылы жай-күй, қалып; 2. Кездейсоқ оқиға, іс; 4. Оқиға желісіндегі бір сәт,
кез; 5. Қолайлы мүмкіндік, ыңғайлы жай-күй [89]. «Қазақша-орысша сөздік»
авторлары бұл сөзді 1. положение; обстоятельство; ситуация [149, 261] деп
аударады. Ал С.И Ожегов пен Н.Ю. Шведованың сөздігінде [150, 109] ситуация
– совокупность обстоятельств, положение, обстановка деп берілген.
Лексикографиялық анықтамалардың, біздің ойымызша, соңғысындағы жағдай
сөзі прецеденттілік құбылысына қатысты тіркеске түсе алады, себебі
прецедентті жағдай адамзат өмірінде үнемі болып жататын, алуан түрлі
белгілер жиынтығынан тұратын, субъективті коннотацияға ие жай-күй.
Әлемдік көркем әдебиетте суреттелетін прецедентті жағдайлардың
көпшілігі барлық халықтардың тіршілік-болмысына тән, ортақ болып келеді.
Тек олардың вербалдануы сол халықтардың тарихи-әлеуметтік, діни-
конфессиялық, саяси-географиялық, тіпті шаруашылық жай-жағдаяттарымен
байланысты болады. Мұндай идеалды деп есептелетін прецедентті жағдайлар
адам болмысының әр қырымен байланысты болып келеді де, қалың көпшіліктің
тілдік жадында сакральді мәтіндер (Құран, Библия, Евангелие), мифология,
ауыз әдебиеті, көркем шығармалар арқылы аса эмоционалды, бейнелі болып
қалыптасады. Мәселен, У. Шекспирдің Офелиясының өлімі ағылшын және
орыс тілді әдебиетте сұлулық – қызғаныш - өлім прецедентті жағдайы ретінде
бірнеше шығармада суреттеледі. Прецедентті жағдайлар вербалданатын
құбылыс болғандықтан, интертекстуалды парадигмаға кіретін интертекстер бұл
жағдайдың тек бір атрибутивті белгісін жаңғыртып, өзектендіру арқылы жаңа
мәтіннің
концептуалды-мазмұндық
ақпарын
байытып,
толықтырады.
Прецедентті жағдайға қатысты негізгі концептіні автор өзінің жеке түйсінуімен
толықтыруы нәтижесінде сол концептінің перифериялық аймағы кеңейіп, оның
динамикалылық сипаты айқындала түседі. Прецедентті жағдайлар көбінесе
түрлі символдар арқылы көрінеді: адамдар арасындағы қарым-қатынасқа,
адалдыққа түскен дақ, селкеулік – қызыл алма (Ә. Кекілбаев); адам жанындағы
беймазалық, ішкі қайшылық – бархан, самолет (О. Бөкеев); ғұмыры ерте
үзілген қыз бала – гүл, қызғалдақ (М. Мақатаев, А. Әлім).
Қазақ халқының жалпыұлттық жамандық концептін вербалдайтын иттік
ментальді кешені, негізінен, прецедентті жағдайлардың символы ретінде
көрінеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бір-біріне сеніскен
адамдардың жамандық жасауын, опасыздық көрсетуін иттік деген бір-ақ
сөзбен берген халқымыздың пейоративті бағасын қазақ қаламгерлері кеңінен
пайдаланады. Бұл орайда О. Сүлейменовтің «Тептің-ау сен төбетті» (Қ. Мырза
Әли аудармасында), Е. Раушановтың «Мен сол кезде-ақ иттерді жек көретім»,
С. Ақсұңқарұлының «Қасқырдың монологі», «Аспирант Омардың итіне»
өлеңдерін бір интертекстуалды парадигмаға жатқызуға болады. Бұлардың
бәрінде бір ғана прецедентті жағдай, яғни адамның күтпеген жерден иттік
жасауы әр қырынан көрінеді. «Иттік» сөзін ҚТТС былай анықтайды: 1. Итке
тән қасиет; 2. Ауыс. Адамшылыққа жатпайтын қылық, оңбағандық [90, 482].
Қаламгерлер нақты жеке бір суреттерден жалпыадамзаттық қорытындылар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
141
жасаған және әрқайсысы өз тілдік құзіреті шегінде эстетикалық әсер-қуаты мол
шығарма тудырған.
Орыс тілінде жазатын қазақ ақыны О. Сүлейменовтің когнитивтік
кеңістігінде ит концепті ерекше орын алады. Өз өлеңінде ол ер азамат пен итті
қарсы қойып, адамның әлсіздігін, қаталдығын, озбырлығын иттің адалдығы,
жанкештілігі арқылы көрсетеді, яғни адамгершілікке сыймайтын жаман
қылықты ит емес, адам жасағанын қынжыла суреттеген ақын қатыгездікті
қатыгездік тудыратынын байқатады. Мұның өзі ит, иттік концептінің көп
қырлы, көп мағыналы екенін көрсетсе керек.
О. Сүлейменовтің аталған өлеңінің бірінші жолы Е. Раушановтың
шығармасына эпиграф ретінде алынғандықтан, олардың арасындағы
байланысты эксплицитті деуге толық негіз бар.
Қазақ халқының көрнекті ақыны Есенғали Раушанов өлеңінің
семантикасын ашатын мағыналық ұйытқы сөздер парадигмасы мен
синтагмасынан ит сөзінің өрісіне кіретін иттік, төбет, бұралқы
лексемаларын байқауға болады. Автордың субъективті көзқарасын «Ит»
лексика-семантикалық
өрісіне
кіретін
сөздердің
лексикографиялық
дефинициясы танытады: төбет – 1. үлкен арлан ит; 2. Ауыс. Көбінесе
«жексұрын», «оңбаған» деген мағынада ұнатпаған ер адамдарға айтылатын сөз
[89, 227]; бұралқы – 1. Қаңғыған, иесіз ит; 2. Ауыс. Сырттан келген адам, кірме
[89, 537]. Өлеңде жағымсыз мәнді сөздер арқылы иттік концептін құрайтын
тірек мағыналарды көрсетеді: айлалы, кенеттен, күтпеген жерден жасалатын
жамандық - әдіс ойлап дәл ұрып, дөп тебетін ит; жамандық атаулы жалғыз
болмайтыны – көп төбет, сан ит, шұбайы келіп аунаған бұралқылар;
ешқандай ерекшелігі жоқ, істеген ісі ұсақ – ұйқысы бар, қызыл көз, күйкі,
Достарыңызбен бөлісу: |