152
қоғам мен лингвомәдени кеңістікте претекст идеологиялық ыңғайда
пайдаланылғанмен, Е. Раушанов оны жалпы адамзаттық құндылықтар
деңгейіне көтеріп, интертексте әділеттілік семасын өзектендіреді. Алайда мәтін
модальділігі күмәнға негізделген.
Бұдан шығатын қорытынды – интертекске негіз болған претекст
кездейсоқ
алынады, өйткені интертекст авторы претекст ретінде өзі эталон деп санаған
кез келген мәтінді кейде саналы түрде, кейде еріктен тыс қолдануы мүмкін.
Мәтінаралық байланыс лексикалық деңгейде болғандықтан, ол мәтін
түзуге, интертекст семантикасын түсінуге, прецедентті мәтін пен интертекстің
бір
когнитивтік, лингвомәдени кеңістікке қатысын көрсетуге, автордың өз
алдындағы қаламгерге қатысын, яғни бағалауын
танытуға және екі мәтін
семантикасының байланыс түрін нақтылауға қызмет етеді.
Жалпы, кез келген көркем мәтіндегі эпиграф претекске сілтеме жасайды,
алайда эпиграфсыз да прецедентті құбылыстарға сілтейтін түрлі вербалды
маркерлер болады. Ондай сілтемелік қызметті аңғартатын кейде дейктикалық
бірліктер болса, енді бірде мезгіл қатынасты білдіретін лексика-грамматикалық
құралдар екені байқалады.
Ғ. Жайлыбаевтың «Абаймен тілдесу» деп аталатын өлеңінің семантикасын
түсіну үшін Абайдың бүкіл контексіне жүгінуге тура келеді.
Бірнеше цитата,
Абай өміріне қатысты аллюзиялар, реминисценциямен өз мәтінінің вербалды
құрылымына ақын контексін кіргізген қаламгердің ойы онымен диалогке түсіп,
қазіргі қазақ қауымына баға береді. Бұл баға 12 шумақтан тұратын өлеңнің
соңында
сол сілтеу есімдігімен көрінеді:
Алаштың асқан тәңірі Абай,
Көрерміз біз де жолда азап.
Жаратқан хақтың әмірі қалай –
Сен көрген қазақ –
сол - қазақ!..
Ж. Жақыпбаевтың мына шумағында
автопретекске сілтеме бала кезде
мезгіл пысықтауышынан, яғни континуум маркерінен көрінеді:
Достарыңызбен бөлісу: