Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


«Коммунизмге беттеген, ғарышқа қол созған осындай ғажайып заманда



Pdf көрінісі
бет45/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

«Коммунизмге беттеген, ғарышқа қол созған осындай ғажайып заманда 
өмір сүріп отырмыз... Тың көтеріп, отанға миллиардтаған пұт астық беріп 
жатқан, өзгерген, өскен, жаңарған, азиялық тағылық пен жартылай 
тағылықтан европалық үлкен мәдениетке аяқ басқан өлке ұлымыз... Бұрын 
жазу-сызуды білмеген, тоқсан сегіз де бірдеңе бөлшек проценті сауатсыз 
болған, өнер білімнен кенже емес, кенде қалған, енді жай сауаттылық қана 
емес, жалпыға бірдей он жылдық білім беруге көшкен ғылымы мен өнері 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


72 
аршындай өскен елдің ұлымыз. Жыл сайын біздің республикамызда ғана 
қаншама көмір, қаншама темір, қаншама мыс, қаншама қорғасын 
өндіріледі....» Пай-пай... Бәрін білеміз». 
Келтірінді тарихи роман оқиғасының континуумы шектеулі болғанмен
оның концептуалды-мазмұнды, концептуалды-астарлы ақпарының құндылығы 
кеңістік пен уақытқа тәуелді емес, олар қашан да өзекті, қашан да бағалы. 
Мұны екі мәтінді құрайтын мағыналық ұйытқы сөздердің парадигматикалық, 
синтагматикалық коннекторлары көрсетеді. Мысалы, Едігенің романындағы 
көшпенділердің болмыс-бітімі мен романдағы Едігенің өз бейнесінің 
вербалдануын қарастырайық:
«Бұған дейін көшпенділер талай құқайды көрген. ... 
Бұлардың бетіне ешкім келе алмады, екпініне ешкім төтеп бере алмады. 
Бәрін де жеңді, бәрін де бодан қылды, бодан болмағанын састырып, бұқтырып 
қойды. 
Олар мәңгі бақи осылай бола береді деп ойлады. 
Олар тарих сабағынан бейхабар еді. Вавилон мен Египеттің де, 
Карфаген мен Римнің де құлағанын білмейтін. ... 
Рас, олар дүние кезек екенін білетін, бірақ ол кезек бізден басқалар үшін 
ғана деп есептейтін. ... Әйткенмен, зәулім мұнараның ірге тастары пышырай 
қопарылғанын, көк күмбездің төбесінен шым-шымдап тамшы аға бастағанын 
көзі ашық азаматтардың көруі керек еді. Бірақ ешкім көрмеді».
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет