71
біртұтас мәтіннің әр жер-әр жерінде шашырап орналасып, көркем туындының
мәдени кеңістікте не өзі, не моделі бар мәтіндермен байланысын
метонимиялық қатынаста көрсетсе, роман ішіндегі роман - құрылымы, жанры,
көтерген мәселесі тұрғысынан бір-біріне ұқсас, яғни ақпарды беру коды бірдей
екі мәтіннің бір шығарма ішінде қатар келуі. Мұнда автор мен кейіпкер романы
қатар өріліп, олардағы мазмұнды-астарлы және мазмұнды-концептуалды ақпар
параллель беріліп, бірін-бірі толықтырып отырады. Ал
романда
«дәуірлік
шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген адам тағдыры жеткіліксіз, әр
алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш күрделі қарым-қатынастары, олардың
мақсат-мүдделеріндегі
бірліктер
мен-қарама-қарсылықтар,
өмір
тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді құбылыстар кең қамтылып, терең
тұтастырылуға, сол арқылы жалпы қоғамдық дамудың заңдылықтары
танытылуға тиіс» [3, 311] екенін ескерсек, роман ішіндегі роман типтес
интертекстуалдылық құрылымдық тұрғыдан да, семантикалық жағынан да аса
күрделі, түсінілуі қиын болып келеді. Бұл жағдайда келтірінді роман оқырман
үшін автордың өз романы семантикасын метасипаттау болып табылады.
Бұл келтірінді роман кейіпкердің әдеби шығармасы болғанмен, сөйлеу
субъектісінің өзгеруі – шартты, яғни роман ішіндегі роман ішкі
интертекстуалдылық деп саналады. Роман ішіндегі роман арқылы автор өз
персонажының басқа адамдардан ерекшелігігн көрсетуді, оның ой-өрісі, ойлау
деңгейі өз қатарластарынан мүлде бөлек екенін аңғартуды көздейді.
Көлемі әр түрлі 47 бөлімнен тұратын романның бес бөлімі баяндалып
отырған оқиғалардан мүлде бөлек, бұдан бірнеше ғасыр бұрын, алайда аз ғана
уақытта болып өткен жағдайларды суреттейді. Сырт қарағанда негізгі роман
мен оның вербалды құрылымына кіргізіліп отырған келтірінді романның
арасында ешқандай байланыс жоқ сияқты, алайда бұл мәтіндердің өзара
байланысы семантикалық, лексикалық деңгейде танылады. Бас кейіпкер
Едігенің жеке басына тән барлық қасиеттер – білімділік, балаң ақжүректік,
жастық тәжірибесіздік, асқақтық, өзіне де, өзгеге де қойылатын жоғары талап,
осылардың нәтижесінде шындыққа, әділетке сенім – баяндаушының
эксплицитті ақпары мен оның өз романының астарлы ойы арқылы қабаттасып,
әр қырынан көрінеді. Едігенің қайшылықты болмысын оның ішкі монологінің
өзінде өз сөзі мен бөгде сөздің кезектесуі көрсетеді. Айналада болып жатқан,
өзіне жиренішті көрінетін түрлі ұсақтықтар мен Едігенің ұлы арман-мұратының
кереғарлығы стильдік контраст немесе тілдік интертекстуалдылық арқылы
байланыстырылады. Көркем прозаның тілдік құрылымына публицистиканың
ресми клишелерін кіргізген автордың субъективті көзқарасы танылады: «Иә...
Достарыңызбен бөлісу: