Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі математика еді



бет4/15
Дата31.07.2022
өлшемі49,73 Kb.
#37991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Табиғат сандары
Сандардың тізбектілігінен осыдан 800 жыл бұрын Пизада (Италияда) тұратын Леонардо 
Фибоначчи ашқан. Осы жүйелікті ең күтпеген жерлерден табуға болады.
Егер үй қояндары жыл бойы көжектеу арқылы көбейетін болса, олардың жалпы саны қанша жұп 
болады?
Үй қояндарынша көбею керек
Фибоначчи үй қояндары туралы жұмбақ-есеп ойлап тапты. Айталық, сенде қоянның кішкентай екі 
көжегі бар, олардың өсуі және өздері де көжектеп көбейе бастауы үшін не бары бір-ақ ай уақыт 
керек.Ұрғашы қояндар көжек туады, әр ұрғашы қоянда екі ұрықтан бар және соның екеуі де өлмейді. 
Бір жылдан кейін қанша жұп қоян болады? Оның жауабы Фибоначчи тізбегінің 13-ші саны болады, 
яғни 223.
Неге?
Фибоначчи тізбектілігі қатарындағы сандар неге табиғат құбылыстарынан көрінеді? Үй қояндарына 
қатысты жағдайда осы жүйелік байқалмайды. Үй қояндары әдетте екеуден көп көжек туады және 
олар анағұрлым жиірек балалап отырады. Бірақ Фибоначчи жүйесіне жататын сандар көптеген 
өсімдіктерден көрінеді, өйткені бұл- үлкен аралықтары немесе тығыздықтары жоқ шектеулі бос 
орынға өсімдік тұқымдарының, қауыздарының немесе жапырақтарының орналасуының ең жақсы 
тәсілі.
Спиральды санағанда
Фибоначчи сандары гүл шоғырларында жиі кездеседі. Егер сен осы рудбекии гүліне үңіліп қарайтын 
болсаң, онда сен не сағат тілінің бағыты бойынша бұралған спиральға орналасқан кішкентай күлтерін
көресің. Әр бағыттағы спиральдар саны Фибоначчи санына сәйкес келеді. Осы жағдайда сағат тілінің 
бағыты бойынша бұралған 21 спираль және сағат тіліне қарсы бағыт бойынша бұралған 34 спираль 
бар.
Гүл күлтерінің саны да сондай-ақ көбіне Фибоначчи тізбегі қатарына жататын сан болады. Астра 
гүлінде, мәселен, 34,55 немесе 89 күлте болады.
Фибоначчиспиральдарынан құралатын тек гүлдер ғана емес, оларды сондай-ақ қарағай бүрлерінен, 
брокколи гүл шоқтарынан және гүлді орамжапырақтардың, ананас қабығынан табуға болады. 
Фибоначчи сандары сондай-ақ өсімдіктердің жапырақтарында, бұтақтары мен сабақтарында да бар. 
Өсімдік бұтақтары көбіне иіліп өседі. Егер сен бұтақтарды төменнен жоғары қарай санасаң, онда
бұтақ сандарының Фибоначчи сандарына сәйкес келетінін байқайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет