Адамзаттың абайы 7 балаларға қамқорлық керек



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата12.03.2017
өлшемі5,55 Mb.
#9083
1   2   3   4   5   6   7   8   9

нұржан сЕрІКХанұлы

заңғар жазушы мұхтар Әуезов абай 

шығармашылығы  жөнінде  былай  де-

ген:  «абайдың  істеп  кеткен  қызметі 

–  әдебиетімізге  асыл  іргетас.  бұл 

асыл  іргенің  үстіне  салынатын  қазақ 

әдебиетінің  дүкені  көрікті,  көрнекті, 

нақышты  болуына  лайық.  Қуанамыз! 

Нанамыз! марқұм атамыз қазақ халқына 

халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі 

орнатты».  рас,  абай  –  қазақтың  бас 

ақыны.  Оның  ақындық  өнерінің  ба-

сты  ерекшелігі  –  өміршең,  халықпен 

байланысты  болуында.  Әр  туындысы 

айшықты  сөз  өрнектерімен  өріліп,  сол 

заманның өмір келбетін көз алдымызға 

әкеліп бергендей күй кешеміз. Өйткені, 

абайдың өмірді, халықты сипаттаудағы 

тілі  –  өткір,  сөзі  –  салмақты,  ойы  – 

терең. абай ақындық өнер – еріккеннің 

ермегі емес, ол – қоғамды түзетуші ұлы 

күш  деп  санады.  ақын  өз  заманының 

өзекті  мәселелерінің  бірі  парақорлық, 

берекесіздікті барынша сын садағымен 

түйрейді.  мысалы,  «болыс  болдым, 

мінеки»,  «Қараша,  желтоқсанмен  сол 

бір  екі  ай»  өлеңдерінде  өз  заманының 

келеңсіз  келбетінен  жирендіреді.  «Са-

бырсыз,  арсыз,  еріншек»  өлеңінде  бас 

пайдасы  үшін  қандай  да  болмасын 

жексұрын  істерге  баратындарға  уытты 

тілмен тиіскен. Осылайша, абай ел-жұрт 

тауқыметін жырлауда ақындық шеберлігін 

танытады. ақынның қай туындысы бол-

масын – баға жетпес қазына. Сондықтан 

барша жұрттың абайды оқып-танып, әр 

өлеңінен, әр сөзінен өмірлік нәр алғаны 

абзал!  Ұлы  ақын  рухына  тағзым  ету  – 

ұрпақ  парызы.  Тараздың  қақ  төрінде 

«біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің 

бәрі бос» деп тасқа қашалып жазылған 

абайдың сөзі мен бейнесі бедерленген 

ескерткіш  қасқайып  тұр.  Тек  оның  ал-

дында  ағыла  жиналып,  гүл  себеттерін 

қойып, ең құрығанда кездесулер өткізіп, 

ақынның өлеңдерін оқып жүрген жастар-

ды көрмейсіз. Тіпті, Тараз ішіндегі атын 

айтсаң тілің сынатын небір кафелер мен 

мейрамханалардың қайсысы қай жерде 

орналасқанын  ұйықтап  жатып  айтып 

бере алатын қала жастарының көбі абай 

ескерткішінің қайда орналасқандығынан 

бейхабар.  Олар  үшін  абай  ескерткіші 

мен  ақын  атындағы  кітапхананың  қай 

жерде  орналасқанын  білмеу  ұят  емес, 

қайта ойын сауық орталықтарының мекен 

жайын білмеу ұятты саналады-мыс. бұған 

қоса соңғы уақытта мектеп оқушылары 

мен  студенттердің  көпшілігінен  «соңғы 

рет қандай кітап оқыдың?» деп жай ғана 

сұрай қалсаң, «абайды» оқыдым  неме-

се оқып жүрмін дейді. Жөн-ақ.  абайды 

өле-өлгенше  оқуға  болады.  бірақ,  өзі 

айтып  тұрған  соң,  біледі  ғой  деген  ой-

мен  қазбалап  сұрай  қалсаң,  абайдың 

шығармасы  тұрмақ,  шын  атының  кім 

екендігін  де  білмейтін  жастар  арамыз-

да  жоқ  емес...  бұндай  олқылықтардың 

орын  алуына  өңірдегі  абайды  наси-

хаттау  жұмыстарының  әлсіздігі  себеп 

болып  отыр  ма?  мәселен,  Елорда-

мыз астана мен Шығыс Қазақстандағы 

қалалардағы қоғамдық көліктерде биыл 

абайдың  өлеңдері  мен  әндерін,  нақыл 

сөздерін  қосып  қоятын  игі  бастаманы 

қолға алыпты. Құлаққа майда естілсе де, 

бұл әрекеттің өзі халық танымын кеңейту 

һәм  елді,  өскелең  ұрпақты  абаймен 

бірге өмір сүруге үйрететін үлкен тәрбие 

құралының бірі. Кезінде м.Әуезов: «Қазақ 

деген халық абайға белшеден қарыздар» 

деп талай ескерткен-тұғын. 1995 жылы 

ұлы ақынның 150 жылдық тойын тойлау 

кезінде  еліміздің  тұңғыш  Президенті 

Н.Назарбаев:  «абай  –  әрқашан  біздің 

ұлттық ұранымыз болуы тиіс», «абайды 

тану арқылы біз Қазақстанды әлемге таны-

тамыз, қазақ халқын танытамыз», «абай - 

қазақ халқының рухани көсемі. абай әлемі 

бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық 

іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-

бұрысын сараптай аламыз», - деп баса 

айтқан болатын. мұны біздің жерлестер 

қайтіп ұмытсын?! алаш арысы міржақып 

Дулатов осыдан тура табаны күректей бір 

ғасыр бұрын: «зәредей шүбә етпейміз, 

абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, 

рухына сонша жақындармыз. ... «бірінші 

ақынымыз» деп қабірін халқы жиі зиярат 

етер,  халық  пен  абай  арасы  күшті  ма-

хаббатпен  жалғасар»,  -  деп  келешекке 

зор  үміт  артқан  еді.  биылғы  жылдың 

басты ерекшелігінің бірі бірнеше тарихи 

һәм мемлекеттік мерекелердің тұспа тұс 

келуі.  Соның  бірі  -  ұлы  ақын,  қазақтың 

ұлттық философиясының негізін салушы 

-абай  Құнанбайұлының  170  жылдығы. 

Кезінде  150  жылдық  тойы    ЮНЕСКО 

көлемінде  аталып,  ақын  атына  жаһан 

жұртшылығы  қанық  болғаны  белгілі. 

Ұлттың ұраны болған ұлы тұлғаның атын 

асқақтатуда «қалың елі қазағы» ұлағатты 

істер атқарып жатыр. Елбасының баста-

масымен бас ақынымыздың  Пекин, буда-

пешт, Стамбул, мәскеу, Ташкент, Тегеран 

секілді    әлемнің  әйгілі  шаһарларында 

ескерткіші ашылды. лондондағы музей 

үйіне  қоса,  Дели,  берлин,  Киев,  Каир 

басқа  да    мемлекет  астаналарында 

көрікті  көше  берілді.  ақынның  өмірге 

келген күні - 10 тамыз. бұл күн жыл сай-

ын  ел көлемінде аталып өтуде. ал, Ұлы 

ақынның  өмірден  өткен  күні  көптеген 

жазба  деректерде  бесінші  шілде  деп 

көрсетіліп жүр. біздің есіміздегісі мұхтар 

Әуезовтың ұлы шығармасындағы «...Шөл 

даланы жарып аққан дариядай игілік өмір 

үзілді. зәулім өскен алып шынар құлады. 

Өмірден  абай  кетті»  -  деген  жолдар. 

Тегінде  есті қазақтың есінен абай шығуы 

мүмкін бе?... абай дүниетанымы - ұлттың 

руһани  игілігі.    «біздің  татар  балымыз 

да, ішер уымыз да - абай болмақ» деп 

асқар  Сүлейменовтың  айтқаны  бар.  

Демек,  абайды  айналып  өту  мүмкін 

емес. Жеті қазынаның иесі, алты алаш 

баласының киесі болған ақын, ағартушы, 

философ, композитор, саяси қайраткер 

абайдың  биылғы  170  жылдығы  осы-

дан  жиырма  жыл  бұрынғыдай  аталып 

өтпей  отыр.  аталған  күннің  өзінде  оны 

сезініп  жүрген  елдің  қарасы  санаулы. 

абайды  тану  –  қазақты  тану.  абайды 

құрметтеу  –  қазақты  құрметтеу.  Әлем 

таныған  абайдың  қадіріне  өзіміз  әлі 

жете алмай жүргендейміз. Ұлтты ұлтпен, 

ұрпақты  ұрпақпен,  мемлекетті  мемле-

кетпен теңестіретін әр елдің озық ойлы, 

данышпан, танымы әлемдік дәрежедегі 

ұлы тұлғалары болса, біздің еліміз үшін 

әулиеге  айналған  ондай  ойшыл  тұлға 

– ұлы абай. Ұлттың болашағына өмірін 

арнаған ақын мағжан Жұмабаев «абай 

деген сөз – қазақ деген сөз» -десе, мұхтар 

Әуезов:  «абайды  аласартқанымыз  – 

қазақты аласартқанымыз» - деп шегелеп 

айтқан еді. «Қазақтың абайы» деген сөз 

бен «абайдың қазағы» деген ұғымның қай-

қайсысы да нақты айтылған. Жыл басы-

нан бері қалада абайдың 170 жылдығына 

орай атқарылған ауқымды шаралардың 

да үні естілген жоқ. Әйтпегенде абайдың 

өлеңдері  мен  қара  сөздерінен  бөлек, 

әндері  мен  күйлері  де  жетерлік.  «бүгін 

менің  туған  күнім,  ой  пәлі-ай!  мына 

жұрттар неғып жатыр тойламай?!» деп 

ақиық  ақын  мұқағали  айтпақшы  биыл 

жыр алыбы Жамбылдың ұрпақтары атыл-

май  қалған  оқтаулы  мылтық  сықылды 

айтулы сәтте үнсіз жатқан асқар тауды 

көзге елестетіп отыр. Олай болмағанда, 

абайдың  туған  күні  ешқандай  мере-

кеден  кем  емес  екендігі  айдан  анық.                                                                       

Та р п а ң   т ұ л ғ а л ы ,   к і с і     бе й н ел і                                                                                                     

б а ба л а р   б ү г і н   т ү с і м е   е н бе й д і .                                                                                                

Солардан  қалған  жүрек  қой  мынау  –                                                                                    

Жүрегім неге кісінемейді? – деп жырлаған 

ақын маралтай райымбекұлының жырын-

да да алаш баласының ащы шындығы 

жатыр.  абайдан  жеткен  тіл,  абайдан 

жеткен рух, абайдан жеткен жүрек неге 

асыр салып, кісінемей қалды? Әлде біз, 

расымен, абайдан алыстадық па?..

Абайдың он екінші қара сөзі

Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны 

ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір 

жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. 

Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы 

жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, 

соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамле-

мек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой 

демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей 

жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты 

ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше 

нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жер-

ден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар 

атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге 

қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. 

Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-

өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса

салғырттың иманы бар деп болмайды.

абайдан алысТадық Па?..

 

„

 «абай сөздері дүниеде қалғаны – қазаққа зор бақ» - дейді ахмет байтұрсынұлы. биыл ұлтымыздың ұлы 



перзенті, хакім абайдың туғанына 170 жыл толып отыр. абайдай алып тұлғаның туған күнін қаншалықты 

лайықты деңгейде атап өтіп жүрміз? Ол – бөлек әңгіме. десек те, алаш жұрты қашан да абайымен бірге. 

абайын ұмытпақ емес. 

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №32 (1267), 5 Тамыз   2015 Жыл  //

таразы

бала деген – бал құрақ

 

„

Жасөспірімдер арасында орын алып жатқан оқыс оқиғалар, заңбұзушылықтар күн тәртібінен түскен емес. 



ал балаға жауапты ата-ана. Өңірде жыл басынан тәрбиелік міндетін өз деңгейінде орындамаған 296 ата-ана 

анықталса, олардың 50-і заң жүзінде ата-аналық құқығынан айырылыпты. 

нұржан сЕрІКХанұлы

«ананың  көңілі  балада, 

баланың көңілі далада» деп 

дана  халқымыздың  айтқан 

сөзі бар. биылғы жыл басы-

нан бері 23 бала жол апаты 

оқиғаларына ұшырап, әр түрлі 

жарақат алған. ал облыстық 

ТЖД мамандарының мәліметі 

бойынша  өткен  жылы  суға 

кеткен  12  адамның  5-і 

жасөспірім  болса,  биылғы 

жарты  жылдықта  суға  кетіп, 

қаза  болған  14  адамның  5-і 

кәмелетке  толмаған  бала-

лар.  Жалпы  шомылу  орын-

дарында  болған  80-ге  жуық 

оқыс  оқиғалардың  55-інде 

жасөспірімдер  зардап  шек-

кен.  Соңғы  кездері  қала 

ішіндегі білім беру мекемелері 

маңында орналасқан құрылыс 

нысандарына  оқушылардың 

жиі  бас  сұғып,  бала  түгіл 

есі  қарақты  ересектер  үшін 

қауіпті  -  құрылысы  бітпеген 

биік  ғимараттардың  ішінде 

немесе  төбесінде  мек-

теп  оқушыларының  түскен 

суреттері (сельфи) әлеуметтік 

желілерде  жиі  байқалатын 

болды. 


Ты ң д а р   қ ұ л а қ   б о л -

са,  айтар  мәселе  аз  емес. 

Қ ұ қ ы қ   б ұ з у ш ы л ы қ т ы ң 

а л д ы н   а л у   ба ғ ы т ы н д а 

атқарылған  жұмыстардың 

жағдайы  облыстық  білім 

ба с қ а р м а с ы н ы ң   ү н е м і 

бақылауында. баланың жай-

ына айтарлықтай алаңдаулы 

ата-ананың да жағдайы көңіл 

қуантып отырған жоқ. мәселен, 

2015 жылдың 6 айында мек-

теп, колледж әкімшіліктерінің 

ы қ п а л ы м е н   к ә м ел ет к е 

толмаған  жасөспірімдерді 

т ә р б и е л е у   ж ө н і н д е г і 

міндеттерін  өз  деңгейінде 

орындамаған  -  296  ата-

ананың ісі жергілікті кәмелетке 

толмағандар  істері  және 

олардың  құқықтарын  қорғау 

жөніндегі  комиссияларға 

жіберіліп,  олардың 50-і ата-

аналық  құқынан  айырыл-

са,  148  ата-анаға  ескерту 

айтылған. 

Сондай-ақ,  кәмелетке 

толмаған  жасөспірімдерді 

т ә р б и е л е у   ж ө н і н д е г і 

міндеттерін  өз  деңгейінде 

о р ы н д а м а ғ а н ы   ж ә н е 

балаларының  түнгі  уақытта 

(сағ. 23.00-ден кейін) тұрғын 

жайдан  тыс  жерлерде,  түнгі 

ойын-сауық  мекемелерінде  

(сағ.  22.00-ден  кейін)  болу-

ларына жол бергендері  үшін 

биылғы жылдың 6 айында - 96 

ата-анаға айыппұл салынса, 

1962-і    ескертіліп,  333  ата-

ананың  ісі  сотта  қаралуда, 

1  іс  сотпен  қысқартылған  

(2014ж. 6 айында – 2195 ата 

–анаға  ескертіліп,  86  ата-

анаға айыппұл салынса, 92-і 

сотқа өткізілген болатын). бұл 

көрсеткіштерге қарап отырып-

ақ, балаға деген ата-ананың 

жауапкершілігі жылдан-жылға 

азайғандығын  байқауға  бо-

лады. 

Дейтұрғанмен, балаға білім 



мен тәрбие беру саласының 

мамандары  тарапынан 

жауапкершілік күшейіп келеді. 

мәселен,  облыс  бойынша 

білім  беру  мекемелерінің 

ішкі және сыртқы қауіпсіздігін 

күшейту,  сырттан  бөгде 

адамдардың келмеуін бақылау 

мақсатында  бейнебақылау 

камераларын  орнату  үшін 

жергілікті  бюджеттен  тиісті 

қаражат көзі қарастырылып, 

қазіргі  таңда  261  мектепке, 

47 колледжге бейнебақылау 

орнатылыпты.  Осы мақсатқа 

2015  жылға  жергілікті  бюд-

жеттен  29  млн.  922  мың 

теңге қарастырылып, қалған 

білім  беру  мекемелеріне 

жыл  соңына  дейін  кезең-

кезеңімен бейнебақылау ор-

нату көзделген.  Жалпы облыс 

бойынша жалпы білім беретін 

мектептердегі психологтардың 

жалпы  саны-599,  олардың 

ішінде 467-і біліктілігін арттыру 

курсынан өткен, ал әлеуметтік 

педагогтардың саны - 404. 

Сондай-ақ, облыстың білім 

беру мекемелері 2014-2015 оқу 

жылында кәмелетке толмаған 

жасөспірімдер  арасындағы 

құқық  бұзушылықтар  мен 

қылмыстың  алдын  алу, 

оны  болдырмау,  оқушылар 

мен  білімгерлер  арасында 

ақша  бопсалау,  әлімжеттік 

жасаудың алдын алу, бейрес-

ми көшбасшыларды анықтау 

мақсатында    жалпы  саны  – 

3188  іс-шара  өткізіпті.  атап 

айтқанда, оның ішінде құқық 

қорғау органдары мен мүдделі 

мемлекеттік  органдардың 

қызметкерлері,  ҮЕҰ өкілдерінің  

қатысуымен 1204 кездесулер, 

977  дөңгелек  үстелдер,  543 

пікірталастар  мен  дебаттар, 

118 түрлі тақырыптарда кон-

ференциялар мен акциялар, 

185 оқыту семинарлары мен 

тренингтер өткізіп, оған жалпы 

саны – 163 804 жасөспірімдер 

қатысса, 384 рет әлеуметтік 

жасырын сауалнамалар алы-

нып, оған 111 018 жасөспірім 

қатысқан. бұған қоса білім беру 

мекемелерінің қызметкерлері 

құқық  қорғау  органдарының 

қызметкерлерімен бірлескен 

1810  жедел  алдын  алу 

рейдтеріне  қатысып,  оның 

жұмысына 4000-ға жуық пе-

дагог  ат  салысқан.  ресми 

деректер  бойынша  2015 

жылдың жарты жылдығында  

к ә м е л е т к е   т о л м а ғ а н 

жасөспірімдер тарапынан 97 

қылмыс тіркеліпті. Сондай-ақ, 

мектеп оқушыларымен - 61, 

колледж білімгерлерімен - 17 

құқық  бұзушылық  жасалған. 

Облыс  бойынша  ішкі  істер 

бөлімдеріне  2015  жылдың 

6  айында  -  963  жасөспірім,  

243    мектеп  оқушысы,  71 

білімгер    тіркеуге  алынып-

ты. бала – тәрбиесі баршаға 

ортақ  іс.  Десек  те,  осы 

жауапкершіліктің жүгін әлі де 

сезіне  алмай  жүргендейміз. 

бұлай  деуіміздің  басты 

себебі,  жастар тәрбиесіндегі 

кейбір келеңсіз жағдайлар – 

қылымысқа апарып соғуда. 

бесіктен белі шықпай жа-

тып  қатыгездікпен  қылмыс 

жасайтын  жасөспірімдердің 

жат әрекетке баруына не се-

беп? бұл жағдайға кім кінәлі? 

мектеп пе? Әлде, теріс қылық 

істеген баласының әрекетіне 

немқұрайлы  қарайтын  ата-

ана ма? бұл сұраққа бір ғана 

жауаппен  шектелу  мүмкін 

емес.  Шындығында  да,  адам 

өмірге  қылмыскер  болып 

келмейді.  Оның  қылмыс  жа-

сап, қылмыскерге айналуының 

бірқатар  себептері  бар.  атап 

айтқанда, отбасындағы тәрбие, 

отбасының  материалдық 

әл-ауқаты,  жұмыссыздық, 

баланың  бос  уақытының  ша-

мадан  тыс  мол  болуы  және 

тағы басқалар. ал ең негізгісі, 

бала бойындағы жақсы немесе 

жаман қасиеттердің қалыптасуы 

жанұядағы    тәлім-тәрбиеге 

тікелей байланысты. Яғни, бала 

барлық  игі  қасиеттерді  отба-

сынан  алады.  Отбасы  бүкіл 

ғасырлар  бойы  адам  бала-

сы тәрбиесінің құралы болып 

келеді.  Сондықтан  ол  адам 

үшін ең үлкен мәнге ие орта. 

Отбасы  белгілі  дәстүрлердің, 

ж а ғ ы м д ы   ө н е г е л е р д і ң , 

мұралардың сақтаушысы. бір 

сөзбен  айтқанда,  отбасылық 

өмір  жеке  адамның  азамат 

болып өсуінің негізі. Сондықтан 

да,  отбасындағы  басты 

мәселелердің  бірі  -  баланың 

тіршілік әрекетін ұйымдастыру. 

бұған баланың күн тәртібі, оған 

бала    міндеттері,  қойылатын 

талаптар,  оның  үй  еңбегіне 

қатысуы,  оқу-әрекеті,  бос 

уақытын ұйымдастыру жатады. 

а т а - а н а   б а л а с ы н ы ң 

мектептегі  немесе  мектептен 

тыс уақыттағы бос уақытының 

ұйымдастырылуына мән беруі 

тиіс. Ұл-қызының қашан, қайда 

болатындығы  туралы,  қай 

уақытта сабаққа дайындалуы, 

үй жұмысын атқаруы, мектеп-

тен  тыс  немесе  мектепішілік 

үйірмелерге  қатысатындығы 

туралы, жазғы уақытта қай жер-

де жүргендігі және де баланың 

күн тәртібіндегі осы жұмыстарға 

кімнің  жауапты  екендігінен 

толық хабардар болуы шарт. 

а л ,   б і з д і ң   а т а - а н а 

баласының сабақ кестесіне не-

месе сабақтан тыс уақыттағы 

кестесіне мән бере ме? бала 

тағдырына  селқос  қарайтын  

а т а - а н а л а р   т а р а п ы н а н 

жіберілген кемшіліктерге бай-

ланысты  бала  қадағалаусыз, 

бақылаусыз қалады. Осындай 

жағдайларда бала түрлі тәртіп 

бұзушылықтарға  барады  не-

месе өз өміріне қауіп келтіретін 

кедергілерге  кездеседі.  Осы-

дан барып оқушылар арасын-

да  тәртіп  бұзушылық  орын 

алып  жатса,  ата-ана  кінәні 

өзінен емес, мектептен іздеуге 

асығады. 

бұл,  әрине,  өз  міндетін 

толық  білмейтін  немесе  бала 

тәрбиесі туралы тіптен бейхабар 

жандардың тірлігі деуге толықтай 

негіз бар.  Әрине, түсінікті жағдай, 

көп ата-ана күн көріс қамымен 

базарда  ертеңінен  қара  кеш-

ке дейін жүрсе, қызметтегілері 

шаршап келіп, баласына қарауға 

шамасы жетпейді десек, болашақ 

ұрпақ қалай қалыптаспақ?  бала 

тәрбиесіне  жауапкершілікті арт-

тыру бұл – ауадай қажет заман та-

лабы. Отбасының қолдауынсыз, 

ата-ананың  бала  тәрбиесіне 

деген  жауапкершілігінсіз  бұл 

мәселе  біржақты  шешімін 

таппайтындығы анық. 

Ойнап жүріп от баспасын десек...

  


көкейкесті

9

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №32 (1267), 5 Тамыз  2015 Жыл  //



«боулинг» біЗге  неге 

қолжеТімсіЗ?

 

„

боулинг та - спорттың бір түрі. бой мен ойды қатар сергітетін ойынды әсіресе, жастар айрықша жақсы 



көреді. мұны астана, алматы, тіпті ауылымыз аралас, қойымыз қоралас жатқан іргедегі көршіміз Шымкент 

қаласындағы зәулім ойын-сауық орталықтарында боулингті серік еткендердің көптігінен байқауға болады. 

Өкінішке қарай, тараз шаһарында бірде-бір боулинг залын таба алмайсыз...

Индира байҚОныс  

рас,  бұған  дейін  «Еуразия»  кинотеатрының  үш 

қабаттық ғимаратында боулинг бар-тын. алайда меншік 

иесі өз кәсібінен тиісті пайда көрмегеннен болар, әйтеуір 

аты дардай сарайды саудалауға бел байлапты. міне, 

содан бері, қаламыздағы жалғыз боулинг те жабылып 

тынды. Қазіргі таңда қалада түрлі бағыттағы демалыс 

орындары көптеп ашылып жатыр. Оның бірі мейрамхана 

мен кафе болса, енді монша мен сауна, енді тағы бір 

сұлулық салондары мен дүкендер. бірақ қала тұрғындары 

мен қонақтары үшін заман талабына сай демалатын 

орындардың жоқтығы көңілге қаяу түсіреді. Әңгімеміздің 

әлқиссасын боулинг спорттың түрі екенін атап өттік қой. 

Енді оның тарихына да тоқтала кетейік. боулинг - ежелгі 

Үнділер елінде пайда болған. Одан кейін Йемен, Финлян-

дия, Германия елдерінде кеңінен дамыған. бірақ бүгінгі 

таңда боулинг аҚШ-та жаңа сипат алып,  10 кеглимен ой-

найтын, солтүстік америкалық ойын үлгісі қалыптастырды.  

бұл әйгілі үлгі,  кәсіби және әуесқой   ойыншылар үшін  

әлемдегі миллиардтаған ойыншылардың қызығушылығын 

арттыра түсті. Демек, боулинг адам денсаулығына оң әсер 

етіп, оның ойлау қабілетін, көзінің мергендігін дамытады. 

Қазір жас жеткіншектердің қимыл-қозғалысы аз, көбісі 

көшеде тез дайындалатын доннер, чизбургер, гамбургер 

секілді жартылай фабрикат тағамдарды тұтынады. адам 

ағзасына кері әсер ететін қатты газдалған пепси, кола су-

сындарын құмартып ішеді. Оқуда яки жұмыста таңертеңнен 

кешке дейін компьютердің алдында қозғалыссыз отырады. 

бүгінгі таңда отандық дәрігерлер қазақстандықтардың 

соның ішінде, өскелең ұрпақтың артық салмақ мәселесімен 

бетпе-бет келіп отырғанын ескертіп, уақыт оздырмай оны-

мен күресу шараларын қолға алу керектігін айтып, қабыл 

қағуда.  Осы ретте, жастар боулинг шарларын лақтыру 

арқылы, тізілген кеглилерді көздеп, бірнеше ұпай жинауға 

тырысады. Сөйтіп, дене қозғалысы артып, ойы да, бойы да 

бір сергіп қалады. міне, боулинг те салауатты өмір салтын 

ұстанудың ұтымды жолы.  Қарап тұрсаңыз, көзге аса көріне 

бермейтін боулингтің пайдасы адам үшін ұшаң-теңіз. 

Әлбетте, заман көшінен қалмау керекпіз. біріншіден, 

Қазақ  хандығының  550  жылдығын  көне  шаһарда 

дүбірлете тойлау біз үшін жүгі ауыр жауапкершілік болса, 

екінішіден, үлкен сынақ болмақ. Қолда бар мәліметтерге 

сүйенсек, 8-10 қазан күндері қасиетті Әулиеата жеріндегі 

ұлан-асыр тойға 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде. 

Сонда  меймандардың жас ерекшелігіне орай, түрлі де-

малыс орындарын іздейтіні заңды.  бүгінде қаланың қақ 

ортасында «мега» ойын-сауық орталығының құрылысы 

қарқынды  жүруде.  алайда,  заман  талабына  толық 

жауап беретін бұл әмбебап демалыс орны қарашада 

халық  игілігіне  беріледі  деген  сыбыс  бар.  Жалпы, 

кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға, бизнестің қай түрі 

болса да, көзін тапса, табысқа айналары сөзсіз. Осыдан 

бірнеше жыл бұрын ер азаматтардың сүйікті спортына 

айналған бильярд залдарының да саны қалада некен-

саяқ болатын. Елдің сұранысы артқан сайын, олардың 

қатары күн санап артып, қазір бильярдтың көптігінен көз 

сүрінеді. Демек, бізде біреу бастаса, қоштаушылар да 

табыла кететіні күмәнсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет