Адамзаттың абайы 7 балаларға қамқорлық керек



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата12.03.2017
өлшемі5,55 Mb.
#9083
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шынболат сЕйдУалИЕВ 

Жиынға қалалық сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа 

қарсы  күрес  пен  қылмыстың  алдын  алу  мәселелері  бой-

ынша  қалалық  комиссия  мүшелері,  қалалық  мәслихаттың 

депутаттары, Тараз қалалық әкімдігінің бөлім басшылары, 

ақсақалдар және ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ішкі істер 

басқармасының басшылары қатысты. 

Отырыс  жұмысын  қала  әкімінің  орынбасары  маржан 

Қожаева  ашып,  жүргізіп  отырды.  Шарада  алғаш  болып 

баяндама  жасаған  Жамбыл  облысы  әкімдігінің  еңбек  ин-

спекциясы басқармасының басшысы Серғали  айдапкелов 

елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары тұрақты 

жүргізіліп келе жатқандығын айтты. мұнан соң сөз алған Жам-

был облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 

профилактикалық  жұмыс  және  бақылау  басқармасының 

басшысы О.Пак өзі басқарып отырған басқарманың жұмысы 

туралы  баяндады.  Қр  денсаулық  сақтау  министрлігі 

және  әлеуметтік  даму  Комитетінің  медициналық  және 

фармацевтикалық  қызметті бақылау комитетінің Жамбыл об-

лысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы 

мадина  Шыналиева  басқарма  тарапынан  Қр  Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға 

арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша 2014-

2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгенін 

атап өтті. 2014 жылмен 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 

департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық 

туралы құқық бұзушылық тіркелмеген. Сондай-ақ департа-

ментте Сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен атқарылып 

жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Отырыс соңында 

баяндамашыларға  жиынға  қатысушылардың  тарапынан 

сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. 

Құралай сЕйсЕнбЕКҚызы

Әр  мектептің  әлеуметтанушысында 

балалар жайлы толық ақпарат болатыны 

белгілі.  Сол арқылы қамқорлықсыз қалған 

немесе жағдайы төмен жанұяларға үкіметтен 

көмек  беріліп  отыратын  үрдіс  бар.  бірақ, 

мұндай қамқорлықты намыс көретіндер де 

жоқ емес. Сондай бір жайсыз естелігімен ай-

дана Сраилова есімді медбике бөліскен еді.

«Жарым  жол  апатынан  көз  жұмды.

Үлкен  қызым  мектепке  құжатпен  барып 

киім-кешек алып кету керектігін ескерткен 

сәтте  осыдан  20  жыл  бұрынғы  оқиға  көз 

алдыма  келді...    менің  анам  2  жасымда 

дүниеден озған. Өмірлік ұстанымы тек қана 

мейірімнен тұратын әкем мен нағашы ата-

әжемнің шексіз махаббатының арқасында 

-  өмірдің  қиыншылығын  көрмеппін.  бір 

күні мектепте жағдайы жоқ, ата-анасының 

біреуінен  айырылған  балаларға  көмек 

ретінде қосымша тамақ беретін болды. мек-

тептен тамақ ішкенді қызық көрдім бе, жоқ 

әлде «сен келуге тиістісің» деген ұстазымның 

сөзі әсер етті ме, әйтеуір сол күнгі тамаққа 

алып-ұшып мен де бардым. Қасықты аузыма 

апара бергенім сол еді, бір қол желкемнен 

ұстаған күйі жан-жағыма қаратпастан ала 

жөнелді.  мені  үйге  жете    төсектің  үстіне 

тастай  салды  да:  «балам-ау  ашсың  ба? 

Сені тойдыра алмасам неге жүрмін?»- деп 

өкіріп жылады. бұл менің нағашы атам бо-

латын. Жанарынан аққан тарам-тарам жас 

намыстың уы екенін, және маған көрсетілген 

тегін қамқорлық аяныштан келгенін сол сәтте 

алғаш сезінген едім...

...Ұлымның «мектепке барайық» дегенін 

естігенде, сол бір балалық шақтағы намыстың 

көз жасы жанымды тіліп өтті де, бас тартып, 

жұмысқа кетіп қалдым. Кешке үйге кіргенде 

балам су жаңа пальтосын киіп алып, қайын 

атам соны әкеп бергенін айтып мәз болып 

отыр екен. бөлмеге дәл баяғы өз атамның 

күйін кешіп, жылап кірдім. менің атам сияқты 

намысты  жандар  аз  қалғанын  осы  сәтте 

ұғынған едім...»,- деді айдана.

Иә, өмірде түрлі оқиға болып жатады. 

алайда  намыстануды  тұрмыстық  деңгейі 

көтермейтіндер де бар. Жетілмеген жетім, 

жұпыны  тіршілік  немесе  көп  балалылар 

көмекке  зәру  екені  айдан  анық.  Өмір-

базарының  ажары  келісіп  тұрмаған  соң, 

шамданудың  пайдасы    шамалы  екенін 

оларға тағдырдың өзі-ақ ұқтырып қойған...   

Жыртығын  жамап,  жоққа  жүйрік 

жетпейдінің әсерімен жүргендерге үкіметтің 

«балаларға бірге көмек берейік» ұранымен 

жалпыреспубликалық  «мектепке  жол» 

дәстүрлі акциясы жағдайын жеңілдетуге өз 

септігін тигізуде. акция барысы турасында 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы 

басшысының  орынбасары  Дәмеш  Ускем-

баева өз сөзінде аталмыш іс-шара 1 тамыз 

бен 30 қыркүйек аралығында өтетінін айтты. 

Әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – түрлі 

себеп  бойынша  балалардың  мектепке 

бармауының алдын алу, аз қамтылған және 

көп балалы отбасылар, жетім балалар мен 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ба-

лалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына 

дайындау кезеңінде қолдау көрсету.

-    бүгінде  облыста  10-18  жастағы 

азаматтардың саны 385 мың 247, оның ішінде 

160 мың 756 мектепке дейінгілер болса, 6 – 

18-ге дейін 192 мың 264 мектеп жасындағы 

орта білім алатын жастар. 32 мың 227-сі учи-

лище, колледжде оқиды.  Жаңа оқу жылында 

аймақта 26 мың бала мектеп табалдырығын 

аттайды. Негізі облыста аз қамтылған отба-

сынан шыққан балалардың саны – 22 479, 

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған балалардың саны – 2 090, оның 1 

566-ы  қорғаншылық  пен  қамқоршылықта, 

123-і  патронаттық  тәрбиеде,  346-ы  жетім 

және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 

балаларға  арналған  балалар  үйлерінде 

тәрбиеленуде. 12-сі отбасы үлгісінде өсіп-

жетілуде. Оларға  кәсіпкерлер және  ерікті 

азаматтар қаражат аударып, мектепке қажет 

керек жарақпен қамтамасыз етуге жылда 

атсалысады, - деді Дәмеш Шайхықызы.

Сондай-ақ, ол балалар тегін оқулықпен, 

мектепте тегін тамақпен қамтылып, алыс ме-

кендерде  мектебі жоқ болғандықтан тасы-

малдау жұмысымен айналысу мақсатында 

88  автобус  қатынайтыны  да  тілге  тиек 

етілді.  «мектепке  жол»    акциясы  жоспа-

рына сәйкес, барлық аудандар мен Тараз 

қаласында мектеп жәрмеңкелері, «бірінші 

сыныпқа  бірінші  рет!»,  «балаға  мейірім 

сыйла!»,  «мейірімді  қол»  қайырымдылық 

шаралары өтеді.

Жемқорлықтың жолын қию бүгіннен... 



 

„

Қалалық әкімдік ғимаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде 



мемлекеттік мекеме басшыларының кезекті есебі тыңдалды.

баланың жайы баршаға ортақ.

  Суретті түсірген А.Қартабай.


айна

5

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №32 (1267), 5 Тамыз  2015 Жыл  //



Кәсіпкерлер тәртіпке 

шақырылды



 

„

Шаһарымыздың сәніне сын 



келтіріп, тарихи болмысының 

берекесін қашырып келген 

бейберекет сауда орындарын жою 

немесе оларды заң жүзінде бір 

жолға қою мәселесі әлі толығымен 

шешіліп біткен жоқ. Осы ретте 

арнайы құрылған уақытша 

комиссияның тапсырмасымен 

қаладағы барлық бейберекет сауда 

орындарының иелері қалалық 

әкімдікте бас қосты. 

нұржан сЕрІКХанұлы

айта  кетерлігі  бұған  дейін  бірнеше  рет 

уақытша комиссия тарапынан заң жүзінде барлық 

бейберекет сауда иелеріне түсіндіру жұмыстары 

жүргізіліп, ескерту айтылған-ды. Кейбіреулеріне 

қатаң шара да қолданылды. Дегенмен, қолдан 

келсе қонышынан басқысы келетіндері де жоқ 

емес екен. алайда, әркім өз туған жерінің патри-

оты болу керек қой. Дегенмен, намыс пен ұлттық 

рухтан күнделікті нәпақасын артық көргендер 

ешкімге бой бермей отыр. 

-  бұл жерде сіздермен ашық сұхбаттасу 

мақсатында жиналып отырмыз. бірінші мәселе 

біздің  өңірде  өтетін  Қазақ  хандығының  550 

жылдық мерейтойы. Осыған орай қала тазалығы 

мен жалпы қаланың жағдайына жауапты сіздер 

мен біздер. Екі апта бұрын облыс әкімінің тап-

сырмасымен құрылған уақытша комиссияның 

жұмыстары нәтижесінде сауда жасап тұрған 

көптеген сауда нүктелерінің  иелерінде ешқандай 

құжаттары болмай шықты. Көбісі «бұл жерді 

жалға алып тұрмыз», «құжаттарымыз нысанның 

иелерінде» деп жалтарды. Осыған орай бей-

берекет  сауда  орындарының  иелерін  қала 

әкімдігіне жинап, құжаттарын тексеруді ұйғардық. 

Құжаттарыңыздың барлығы заңды, сауда талап-

тарына сай болса, жұмыстарыңызды жалғастыра 

бересіздер.  ал  егер  саудамен  айналысуға 

рұқсаттарыңыз жоқ болса, бейберекет сауданы 

тоқтатасыздар, - деп қалалық мәслихат хатшысы 

балабек Нарбаев келеңсіз мәселенің мән жайын 

кесіп айтты. 

Қалай  дегенмен,  бейберекет  сауданың 

болашағы  жоқ  екендігі  айдан  анық.  

Жиналғандардың арасында бейберекет сауда 

ошағы белең алып тұрған б.адамбаев көшесіндегі 

сауда нүктелерінің бірінің иесі мұратбай есімді 

кәсіпкер өзі аталмыш көшеде 18 жыл бой тұрып 

келе жатқандығын және ондағы қаптаған қара 

сауда нүктелерінің құжаттары тексерілсе, заң 

жүзінде  небәрі  4-5-уі-ақ  қалатындығын  баса 

айтып, үйінің айналасы жабайы базарға айна-

лып кеткендігін өзі де мойындады. Олардың 

көбісі қоқыстарын арнайы орындарға тастамақ 

түгіл,  сол  өздері  сауда  жасап  тұрған  маңда 

өртеп  жіберетін  көрінеді.  Жаздың  аптап 

ыстығында өрт қауіпсіздігі мүлдем сақталмаған 

сауда нүктелерінің бұл әрекетіне де жол болсын. 

«Қайқармет» сауда орталығының маңында да 

жағдай осындай. Тіпті, сол маңда қоқыстан көз 

ашпайтын тұрғындардың да бейберекет сауда 

иелеріне өкпелері қара қазандай. бейберекет 

сауда берекені қашырған жерде саудамен ай-

налыспайтын қарапайым тұрғындар өз үйлеріне 

тып-тыныш кіріп-шығудан қалған. Жұмыс күндері 

былай тұрсын, демалыс күндері де жағдайлары 

бір қалыпты мәз емес. бұған қоса жиында «мал 

базары»  маңындағы  жай  да  назардан  тыс 

қалмады. базар өкілдерінің айтуынша, шеттен 

келіп мал саудалайтындардың көбісі саудасын 

базардың сыртында жасайтын көрінеді. базар 

иелері оларға бірнеше мәрте ескерту де айтқан 

екен. алайда олардың бұл әрекетіне кейбіреулері 

жұдырықпен  жауап  қайтарып,  нәтижесінде 

базардың  заңды  жұмысшы  жігіттері  айыпты 

болып қалған. ал малдың жем-шөбін базардың 

айналасына  шашып-төгіп  шаруасын  жүргізіп 

жүргендер бұл әрекеттерін әлі де жалғастырып 

жүрген көрінеді. Жиын барысында осы іспетті 

бірқатар мәселелерді сауда орындары иелерінің 

өз ауыздарынан естідік. ал б.момышұлы көшесі 

бойындағы «Диана» сауда үйінің алдындағы 

бейберекет жайма сауда иелерінің барлығында 

құжаттың аты да заты да жоқ болып шықты. 

Комиссияның  шешімімен  олардың  жұмысы 

тоқтатылды. Жиын соңында басқосуға қатысқан 

барлық кәсіпкерлердің сұрақтарына қала әкімінің 

орынбасары Жақсылық Сапаралиев жауап берді.  



Шынболат сЕйдУалИЕВ

Тараз қаласының жаңа бас жоспары 

Қр Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы  

№104  Қаулысымен  бекітілген  бола-

тын. Жаңа бас жоспар бекітілгеннен 

кейін,  Тараз  қаласының  аумағына 

қосымша 5594 га. жер телімі қосылып, 

қабылданған жаңа бас жоспар аясын-

да алғашқы мәселе ретінде тұрғын үй 

құрылысына  жете  назар  аударылып 

келеді. 2011 жылы   жекеменшік тұрғын 

үй құрылысына «Шалғай Қарасу» және  

«Құмшағал»    шағын  ауданына  (369 

га),    асқаров  көшесінің  соңындағы 

Элеватор маңындағы ауданға (312 га), 

«Көлтоған» шағын ауданына (250 га), 

«арай» алқабындағы 35 га жер теліміне 

топографиялық  және  геологиялық 

ізденіс жұмыстары мен егжей-тегжейлі 

жоспарлау  жұмыстары  жасалып, 

2013 жылы коммуникациялар жүйесін 

жүргізу  жұмыстары  басталды.  2013 

жылы «автобекет» аумағындағы 539 

га жер теліміне, Сүлейменов көшесінің 

соңындағы  362,2  га,  «Қарасай» 

шағын  ауданындағы  126,6  га,  «Ха-

мукат»  шағын  ауданындағы  125  га 

жер  теліміне  жекеменшік  тұрғын  үй 

құрылысы үшін егжей-тегжейлі жоспар-

лары, «автобекет» аумағынан 100 га 

жер теліміне және «арай» алқабынан 

14 га жер теліміне көпқабатты тұрғын 

үйлер комплексінің   құрылыс жоспа-

ры          және    де  қала  орталығының  

бұрынғы  орталық  базар  маңындағы 

201 га. аумақты  қайта құру бойынша 

егжей-тегжейлі  жоспар    дайындал-

ды.  бұл  дегеніміз  жалпы  алғанда 

шамамен  6900  жекеменшік  тұрғын 

үй құрылысының жер телімдері және 

1 млн. 257 мың шаршы метр пәтерлі 

тұрғын жайлардың жобасы.

-    Тараз  қаласында  Қазақ 

хандығының  550  жылдығын  мере-

келеу  аясындағы 

дайындық 

жұмыстары  жо-

с п а р л ы   т ү р д е 

жүргізілуде. 

Қала  аумағында 

атқарылып 

жатқан  жұмыстар 

к ө з г е   ұ р ы н ы п -

ақ  тұр.  Яғни,  ме-

реке  қарсаңында 

көне  шаһардың 

келбеті  ажарлана 

түседі.  Сондай-ақ, 

бұрынғы  орталық 

базар  аумағынан 

жүргізіліп  жатқан 

« M A R T »   с а у -

да,  ойын-сауық 

орталығының  тап-

сырыс  берушісі 

алматы  қаласының  «рахымжан 

Петролеум»  ЖШС-і.  Қазір  құрылыс 

жұмыстарын  жүргізіп  жатқан  бас 

мердігер,  алматылық  «ааа  Тerra» 

ЖШС-і.


алдын-ала  мәлімет  бойынша 

нысанның  аяқталу  мерзімі  биылғы 

жылдың соңына дейін беріледі деп жо-

спарлануда. Жалпы, Тараз қаласы 7-8 

баллдық сейсмикалық қауіпті аймаққа 

жататыны белгілі. Сол себептен қала 

аумағындағы  құрылыс  нысандарын 

жобалау  кезінде  құрылыс  конструк-

цияларын сейсмикаға қарсы күшейту 

шаралары міндетті түрде ескеріледі. 

ары қарай жобалау құжаттары тиісті 

сараптамадан өткеннен кейін, сол жо-

балар негізінде құрылыс жұмыстары 

жүргізіледі.  Сонымен  қатар  құрылыс 

жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс 

сапасына    жобалаушы  тарапынан 

авторлық  қадағалау  жүргізілуі  қажет 

және  арнайы  техникалық  қадағалау 

жүргізетін мамандардың бақылауында 

болады.  аталған  жұмыстар  тиісті 

дәрежеде жүргізілген кезде құрылыс 

нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігі 

қалыпты жағдайда болатындығын атап 

өткім келеді. Құрылысшылардың төл 

кәсіби мерекесі қарсаңында құрылысы 

тоқтап  тұрған  «атшабар»  тұрғын  үй 

кешенінің құрылысы қайтадан жанда-

нып жатқанын айту керек. бұл тұрғын 

үй кешенінің құрылысын жалғастырып 

жатқан  «Горизонт  Строй»  ЖШС-і. 

аталған  серіктестіктің  мәліметі  бой-

ынша жыл аяғына дейін 252 пәтерлік 

6  блоктың  құрылысын  толығымен 

аяқтау жоспарланған. Сөз соңында өз 

атымнан және Тараз қаласы әкімдігінің 

сәулет  және  қала  құрылысы  бөлімі 

ұжымының атынан құрылыс саласында 

қызмет атқарып жүрген жерлестерімізді 

құрылысшылар күнімен құттықтай оты-

рып, барлықтарыңызға зор денсаулық, 

еңбекте  табыс,  отбасыларыңызға 

амандық тілеймін! - дейді Тараз қаласы 

әкімдігінің  сәулет,  қала  құрылысы 

бөлімі басшысының орынбасары ай-



Замануи ғимараТТар 

қалаға көрік береді

 

„

алдағы жексенбі құрылысшылар мерекесі. соңғы кезде көркіне көрік 



қосып, ажарланып келе жатқан көне шаһардың дамуына сала мамандарының 

қосып отырған үлесі зор. Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында 

мамандардың да пікірін білген едік.

қала ажары артуда.

  


ақ қауырсын

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №32 (1267), 5 Тамыз 2015 Жыл  //



Абай боп жылап,

     Абай боп күлем...

абай аманаты

біріңді қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос

                                        абай

Қарап тұрсаң қатпарына тарихтың,

Тағдырына талай-талай алыптың.

алауыздық – қасыреті қашанда,

Қазақ деген қамкөңілді халықтың.

Қайран қазақ сар далада сан көшкен,

Жау келгенде жанын қиған, қан кешкен.

Жау келгенде жағаласып өзді-өзі,

«жау болып досқа, шабылып босқа»  

                                       танды естен.

Қайран қазақ бір-біріне жауықты,

Жауыққаннан өзі өкінді, жау ұтты.

алтыбақан, алауыздық бұл күнде,

Қазақ үшін қай кезден де қауіпті.

Өтті бастан өкініш те, азап та,

Жаптық жала, жақтық күйе таза, аққа.

Өтті бәрі...енді елдің бірлігі

Қай кезден де қымбатырақ қазаққа.

Көре тұра қайтып ауыз жабайын,

біле тұра қайтіп байыз табайын.

Сабайын деп жүргендер де аз емес,

Көре қалса заманының абайын.

Пейіл тар ма, әлде мейір тапшы ма,

Желпінетін жағдайымыз жоқ сірә.

Қосқысы кеп жүргендер бар әлі де,

бір-бір итін жаны аяулы жақсыға.

Қазекем-ай, қазекем-ай, қазекем,

Қайтсем сенің көңіліңді таза етем.

Жылай, жырлай өткені анау абайдың,

Күлкішіл, кердең надан әлі мәз екен.

бірін-бірі жайсаңдар мен қасқалар,

Дос көрмесе, қара көзге жас толар.

бас-басыңа би боп бәрің жүргенде,

басынбай ма, бауырлар-ау, басқалар?!

бір-біріңді дос көрмесең, сол қайғы,

Әулие абай, әне, солай толғайды.

Өзгермесе өзі көрген қалпынан,

Ұлы әруақ ұлтына риза болмайды!



нарша ҚаШаҒанұлы

мұңыңнан қанықтыршы 

абай, мені

Қайран абай, сенбейсіз жесір өлең,

Кереметіңді кеш білсем, кешір, ием.

Ұлылығын тұлғаңның ұққан сайын,

мен түскі көлеңкедей кішірейем.

Құдай саған ат берді, ас та берді,

болмасаң да, ми берді бастар елді.

махаббат та жаршысын мүсіркейді,

мұрагер боп қаншама жастар өрді!

Қақ айырып «қырық жамау жүрегіңді»,

Қазағым деп, жұртым деп, жыр егілді.

Озбырлықты кешпедің әкеңе де,

Әділеттің арман боп бүр-егіні.

ала болса бір тәнде бас, қол, тілек

Жанымызға от, жүрекке тас бол дер ек.

Сенде ала жоқ, ыза, мұң, ізгілік боп,

Жырларыңда тұрғандай жас мөлдіреп.

мен жүріппін, қолда жоқ ай, күнге алаң,

(жоқты да бар дегізді қай күн маған).

Даналығың, даралығың өз алдына,

Өре жетпес биіктей қайғың маған.

ауыс қылшы демеймін талабыңнан,

Өзге абайды таба алмас дала мыңнан.

Жұғар ма екен жырыма, қанықтыршы

Жұртым деген қайғыңнан, дала мұңнан.

Жұбан мОлдаҒалИЕВ

рухани кереңдерге 

арналған жыр

 

немесе Абайға жүгіну

Құлағыңа қу өлең сіңбей қалып,

Отырсың ба меңіреу түнге айналып.

Түңілдім-ау, қайтейін тым болмаса,

Түсіре алмай санаңа тілдей жарық.

Жыр оқысам, жадырап қалар ма деп,

алынбайтын тап боппын қамалға кеп.

Қалғып кетер бас шұлғып отырып-ақ,

Қалмапты ғой қашанғы қараңғы әдет.

Қайта қайтқан дауыстай жарға барып,

Өз үнім тапты өзімді зорға оралып.

Қай шамада қайран ер жүр екенсің,

Құлағыңды құлқынға жалғап алып.

Қу өлеңге құлақтың сыртын беріп,

Қай шамада жүрсің сен құлқынға еріп.

Жырға орын табылмай қалды ма әлде,

Жүрегіңді «мүңкіген» мүлкің көміп.

«Өлең саған көрерміз мал болар» деп,

Отырмысың күлкіңді зорлап әнтек.

бақытың да, басқаң да – байлықта деп,

Тура жолды өзіңше таңдаған боп.

бетпе-бет кеп малдымен, мықтылармен,

Қайран абай сенде  бітті дәрмен.

мыңмен жалғыз алысқан, сөз патшасы,

мен сені ұқтым әбден, ұқтым әбден.



серік тОманОВ

Дала данышпаны

Дала жатыр өн бойы тұнған өлең,

абай, міне, жапанда тұрған емен.

ата сөзі тербеткен бесігімді,

ата сөзін өмірде тыңдап өлем.

...Ұлы емес абай жалғыз сахараның,

мен емес, солай деген аталарым.

Сол ұранды ұрпаққа апарамын,

мен қазақ – абай болып атанамын.

Уһ, дала!

Дала толған көл-көсір жыр,

Дала – қобыз, тұтпайды пернесін кір.

Тірі абайды әлдиле, дархан далам,

Өлең селі өңіріңді тербесін бір.

Дала, дала...

Сал дала селеулеген,

Жырмен ұйықтап, оянған өлеңменен.

Дала деген – күй сандық бұл қазаққа,

абай десе, құлағы елеңдеген.

Жылдар, жылдар...

Қаншама алыстадың,

Қаншама өзен өзгертті ағыстарын.

Уақыт озды, сен бірақ қалыспадың,

Уа, армысың, арысым, данышпаным!

мұқағали маҚатаЕВ

мұнара


(абай Құнанбайұлына)

Төбеден төніп тозақтың кәрі,

Қазаққа құмар азаптың бәрі.

Өтсе де ғасыр өзгермегендей,

абайдың айтқан қазақтың жаны.

адамзаттың байламы күйреп,

Сайтани ойлар сананы билеп.

Өсиет етіп өксіген абай,

Жаннан да тәтті алланы сүй деп.

Сөйлесе сөздің жүйесін білген,

абайға ардың киесі сіңген.

Қазаққа қазақ дос болсын деген,

Даналық сөздің иесі сен ең.

Ұлы деп саған құрмет етемін,

мүритім сенсің үмбет ететін.

Ұқтырып кеттің жүрегі барға,

Сұлуды сүю сүннет екенін.

Сарғайып сана, қарайып ірең,

Қан құсып өткен талайды білем.

заманның мынау түсіне қарап,

абай боп жылап, абай боп күлем.

Кетпеді кімдер ғұламасынған,

Сөздері өтпей бұла ғасырдан.

Қарайды қазақ ғаламға бүгін,

абайдың асқақ мұнарасынан.

Қол созған сынды ғарыштан маған,

мыңменен жалғыз алысқан адам.

мұнара соққан ақылдан аппақ,

Пайғамбар тектес данышпан-данам.

мұнара тұрар құбылып неше,

Іріден ірі ірілік көрсе.

Пушкин мен байрон,Гетёнің өзі

бастарын иер тіріліп келсе.

адами сана тұрмаса азат,

алапат ойлар туласа азап.

адамзат саған ұят болар ед,

абайды егер тумаса қазақ.

    


Әлия ІңКӘрбЕК

Ұлы ақынға

Елім үшін туған ол бір Ұлы ақын,

болғанда жоқ бұл ақыннан асатын.

Өлең – жыры қалды міне дастан боп,

бүкіл елге жайып кетті зор атын.

абай дана, ұлы ақыны елімнің,

Жырлаған ол табиғатын жерімнің.

абай сара өлең сөздің патшасы,

Қастерлеген бойтұмары төрімнің.

абай ақын ұрпаққа мұра қалдырған,

Ән мен жыры ғасырларға жаңғырған.

Сол өнердің ұшқынынан нәр алып,

Ұрпақтары тастан сарай салдырған.

Жылдар жылжып уақыт өтіп барады,

Ұлы абайға 170 жыл толады.

Өлең, жыры ұрпақтарда жатталып,

мәңгі бақи ел есінде қалады.



айида бУдЕЕВа

руханият

7

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №32 (1267), 5 Тамыз   2015 Жыл  //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет